Маргарет Тэтчер

 Маргарет Тэтчер

Британияның экс-премьері Маргарэт Тэтчер басынан сөз асырмайтындығымен де ерекшеленетін. 1979 жылдан бастап 1990 жылға дейін билік басында болды. Осы уақыт ішінде ол өз жақтастарын да, қарсыластарын да сөзбен жеңуден дес бермеді. ВВС телерадиокешінінің журналистері оның ең үздік деген қанатты сөздерін жиып-теріп, көпшілік назарына ұсыныпты. Сөз қадірін ұғатын ұлттың өкілі ретінде біз де аударып, өз оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік.

Саясатшы

“Мен аргументті жақсы көремін, айтысқанды да, бірақ мен отырып алып, менімен келісе бергенді күтпеймін, Сізге жалақы келіскеніңіз үшін төленбейді” (1980).

“Мен өз министрлерімді көп сөйлегені үшін жазғырмаймын, тек іс жүзінде менің айтқанымды істесе болды” (1980).

“Пікірлесіңізді құптай беру – онымен жақсы тіл табысудың жалғыз жолы емес”.

“Егер бұл пойызбен жүруді ұнатпасаңыз, оның ақырын немесе қатты жүргені маңызды емес”.

“Менің жеке басыма қол сұққандардың әрекетіне тек қана қуанамын. Демек қарсыластарымның менің саяси ісімнен еш кінарат таппағаны”.

Ашығын айтсақ

“Жалпы алғанда қоғам деген жоқ, ерлер бар, әйелдер бар, отбасылар бар ” (1980).

“Фолкленде бізге сыртқы жауларға төтеп беруге тура келді. Бірақ іштен шыққан жаудан сақтану керек. Бостандық үшін ол әлдеқайда қауіпті, оған қарсы тұру да әлдеқайда қиын” (1984 әлде 1985 жылы шахтерлер бас көтергендегі сөзі).

Ерлер әлеміндегі әйел

“Біз әже болдық” (1989 жыл, алғашқы немерелі болғанда).

“Үй шаруашылығындағы мәселелермен таныс әрбір әйел, ел басқарудағы мәселелерді де жақсы түсіне алады ” (1979 жыл, премьер-министр қызметіне кіріскен кезде).

“Біздің заманымызда ешбір әйел премьер-министр немесе Сыртқы істер министрі бола алмайды. Жоғары лауазымға да ие бола алмайды. Қалай болғанда да мен премьер-министр болғым келмес еді. Мұндай жағдайда барлық жұмысты өзім атқаруға тура келеді” (1969)

Қызметтен кейінгі өмір

“Үй – істейтін ештеңе қалмағанда келетін орын» (1991)

Естеріңізге салсақ, Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет әйел премьер-министр болған Маргарэт Тэтчер 8 сәуір күні 87 жасқа қараған шағында Лондонда инсульттан көз жұмды. Жалпақ әлемге «Темір леди» атымен танылған баронесса 19 сәуірде жерленді.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру