1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)

 • Абыройлы бол – Будь в чести у людей
• Адалынан берсін – Пусть одарят тебя самым чистым
• Азаматым аман болсын – Здоровья доблестному мужу
• Айдай таза, күндей нұрлы болсын – пусть будет чистым как месяц, сияющим как солнце
• Айың тусын оңыңнан, күнің тусын солыңнан – Пусть солнце и луна сопровождают тебя в пути, т.е. счастливого пути
• Айтқаның келсін – Да сбудутся твои слова
• Ақ көңілің мүлде ағарсын – Пусть ни облачко не омрачит твоей светлой души
• Ақсақал қария бол – Доживи до возраста белобородого старца
• Ақыл құсы адаспай аспандасын – Пусть птица твоего разума....... 

Құттықтау, тілектер
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Сөз қадiрiн бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi

Сөз қадiрiн бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi мағынасы

Сөзді дұрыс сөйлеу де, сөзді дұрыс түсіну де өте маңызды. Адамдардың қарым-қатынасының баянды болмағы, бір-бірін түсінуі, жұмыстың алға басуы – сөзге байланысты. Орынсыз сөзді айтып, адам жанын қатты жаралап алу да оңай. Орынды айтылған сөз, біріншіден, өзіңіздің беделіңізді арттырады, екіншіден басқа адамдардың ар-намысына тимей, олармен жақсы қарым-қатынастың негізін салуға көмектеседі.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ ҚҰРМАНБАЙ

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу. (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, қасиеттері және графигі
Сабақ тақырыбы: Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.2 функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( сығу және созу)
Сабақ мақсаттары: - функцияның графигін координаталар осьтері бойымен сығу және созу түрлендіруін берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру;
- қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу;
- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді тәсілмен шығару жолдарын таба білуге үйрету;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сатиралық ертегі: Қожанасырдан сөз

Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты.
– Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп:
– Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты:
– Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты:
– Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес
екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн:
– Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп,
патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып:
– Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Құлжатай сөзі

Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы – Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы – Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақшоқы деген жерде жерге таласып, екі жақ болып, төбелеске шығады. Бір жағының батыры атақты Тәуке, екінші жағынан қашқын Әділқан деген Байтен деген рудан апрель айының аяқ кезінде талтүсте сарт та сұрт, ал соғыс. Бұл соғыста Қорыға жағы мегдетіп, Жақып баладарының көбі қашып, түсіп қалады. Басты орамалмен мықтап тартып алған, қолда Ақтабаннан нән бір-бір сойыл шоқпар еді. Жерге талас түс мезгілінде Құлжатай мырза тоқтап, Ақшоқының басына шығып, желпініп, насыбайын атайын деп, қалтадан шақшаны суырып ап, ердің қасына тық-тық еткізіп қақса, ері тілге келеді.
– Кенже-ау, басымды жардың ғой, – дейді.
Құлжатай мырза сасып, тап ерінің қасына қараса, тақымынан бір бас қылтиып шығып тұр, қараса, алғашқы кездескенде сасып жүріп, жауырынынан жұлып алып, Әділқан батырды тақымына қысып ап кеткен екен. Оны ұмытып кетіпті. Әлгі ердің қайысы деп, шақша қаққаны осы Әділқан батырдың басы екен. Ыржиып күледі......
Ертегілер
Толық

Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау, тілектер
Толық

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы

Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!

---

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты....
Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық