Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы

Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра - мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.

Құрбан айт мерекесі осы 2020 жылдың 30 шілдесінде басталады

Құрбан Айтта мұсылман жұрты құрбандыққа мал сойып, думанды мейрам жасап, үлкен-кіші арасында үгiт-насихат, өсиеттер айтып, бір-біріне құрмет көрсетеді.

- Қазақтардың алғаш Құрбан Айтты тойлаулары туралы ақпараттар ХІХ ғасырдағы орыс жазбаларында да кездеседі. Тарихи құжаттарға жүгінетін болсақ, қазақ жерінде 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген. Оған негіз 1921 жылғы 5 наурызда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Автономиялы Республикасы Орталық атқару комитеті Төралқасының «Мұсылмандар мерекесі» туралы қабылдаған шешімі. Оған C.Меңдешев төрағалық жасаса, Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы пен Ә.Бөкейхандар Төралқа мәжілісіне қатысқан екен.

- Құрбан Айтты тойлау және құрбан шалу салты Орталық Азияда ислам дінінің келуімен бірге тараған. Ол Х-ХІІІ ғасырларда етек алған. Бұл салт көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін таңсық болмайды.

- Құрбан Айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Құттықтау тілектері:

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін.

Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, "құрбан" сөзі де араб тілінен аударғанда, "жақын болу", "жақындау" мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.

Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Мерекенің алғашқы күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті.

Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы


Құрбан айт мейрамына арналған баталар:

Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Құдай құлымын дегейсің,
Мұхамед үмметімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Намаздың қазасынан сақта,
Пайғамбардың туында қыл,
Ауызды кәусәр суында қыл.
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер.
Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын.
Ықыласты батамды қабыл алсын!

******

А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ-береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі-шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын.
Қауіптен ел-жұртымыз аман болып,
Көп қылып үйіңізге бала берсін,
Оларға таудай талап, сана берсін,
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін,
Тауфиқты, инабатты келін берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып,
Қызығын елі-жұрты көре берсін.
«Әумин» – деп үй иесі қол жайғанда,
Жақсылап қариялар бата берсін.

***
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін,
Ұлықманның жасын берсін.
Сүлейменнің тағын берсін.
Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін.
Атымтай Жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін,
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін.
Шашы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын.

***

Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.

Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.

***

Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.

Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру