Кіріспе Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржы саясатының маөызды өқралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.....
Паскаль тілінде подпрограмманың екі түрі бар - процедура және функция анықталған. Кез – келген паскаль тілінде подпрограмма жалпы программа сияқтя құрылымға ие. Паскаль тіліндегі подпрограмманы шақырғанда негізгі программныңорындалуы уақытша тоқтайды да, орындалу реті паскаль тіліндегі подпрограмма беріледі. Паскаль тіліндегі подпрограмма орындалып болған соң басқару негізгі программаға қайта оралады. Кез – келген программа, негізігі программада немесе басқа паскаль тіліндегі подпрограмма шақырылмай тұрып, алдын – ала сипатталуы тиіс. Паскаль тіліндегі подпрограммалар пайдаланылатын барлық айнымалылар не глобальды, яғни олар негізгі программада сипатталып сол программада және барлық Паскаль тіліндегі подпрограммаларды қолдануға болады; не локальды, яғни паскаль тіліндегі подпрограмма ғана қолданылады. Негізгі программа мен Паскаль тіліндегі подпрограмма арасында ақпарат алмасу глобальды айнымалылардың көмегімен орындалады. Паскаль тіліндегі подпрограмма өзінің локальды айнымалылармен аттас емес кез – келген глобальды айнымалыларды тікелей пайдалануға болады. ....
Кіріспе Зерттеу көкейкестілігі: Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады. Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады. 1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады. 2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылады.....
1.1. Естің жалпы сипаты. Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.....
Бір кездерде жұмбақ болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйренгенмен әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті мемлекетіміздің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Орман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл стихиялық апаттардаң келетің шығын әлі де едәуір көп болып отыр. Кей жағдайларда біраз апаттардың пайда болуына адамдардың өздерінің де әрекеті себепкер болады. Мысалы, орман өрттері халықтың өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып тұрады. Eгep дер кезінде шара қолданылмаса, мұндай өрт стихиялық апатқа үшыратуы мүмкін. Қазір өрт адамзат үшін негізгі кауіптің біріне айналуда. Өрт біздің еліміздін халық шаруашылығына да үлкен зиян келтіруде. Әсіресе, РСФСР-дың бірқатар өлкелері мен облыстарында 1972 және 1976 жылы ормандардың өртенуі жүрттың есінде. Қәзіргі кезде, қалалар мен селоларында құрылыстар көбінесе тастан және темірбетондан салынып, сүмен, газбен, немесе электр қуатымен жылытылатын, өртке қарсы қызмет жақсы ұйымдастырылған қарамастан әлі де едәуір көп болып отыр. ....
Облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш қаласы. Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты конти-ненттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темпера-турасы қаңтарда –2-3°С, шілдеде 24-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. / 2, 86 б./. Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті ( 2,6). ....
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді....
КІРІСПЕ Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше. Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт. Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады. Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман. Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді. “Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді. Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық. Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/. Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі – осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі – Жүрсін Ерман.....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі, мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр. Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе, публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек, сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2]. Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою. Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық [3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала, фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады. Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар аудару. А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа» [6, 16]. А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек... на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», [8, 135] - деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады. Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген жалпы көркем әдеби мәтін мен оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35]. Бітіру жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады. Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру бітіру жұмысында сөз болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен дұрыс. Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз. Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала бастағанының өзектілігі міне осында. Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л. Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың зерттелуіне жол ашып отыр. Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу бітіру жұмысының ең басты қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Диплом жұмысында заң тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті бастама.....
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп.....