1. Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады: • Нарықта қалуды қамтамасыз ету; • Пайданы мейлінше молайту; • Нарық үлесін жаулап алу; • Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу. Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты –нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты. Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді.Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады. Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақсаты –нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады.Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді.Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына әкеледі. Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі.Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады. 2. Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді.Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін. Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады.нағыз бәсеке нарығы (полиполия) белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады.Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды.Сатушы нарықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін.Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады. Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық, екінші жағынан шекті шығындарға сәйкес келіп, сұраныс пенұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде орналасады. ....
Фотосинтездің жарык сатысы фотоеинтездік жүйелер құрамындағы пигменттердің жарық квантын (фотон) сіңіруінен басталады. Жоғарыда көрсетілгендей жеке пигменттердің сіңіретін сәулелері спектрдің әр түрлі аймақтарына тура келеді. Бұл ерекшеліктер олардың молекулаларындағы электрондардың орналасу реттеріне байланысты. Пигменттің фотонды сініруінен оның молекуласындағы электрондардың орналасуы өзгеріл "ырықтанған" күйге ауысады. Мысалы, қызыл сәуле квантын сіңірген хлорофилл молекуласы қозған синтгменттік - S* күйге көшеді. Энергиясы молырақ көк сәуле кванты сіңгенде электрон одан да жоғары қозған деңгейге (орбиталь) — S,* көтеріледі. Хлорофилдің қозған — энергетикалық деңгейі жоғарылаған молекуласы бірнеше жолмен бұрынғы қалпына қайтып келеді. Осы күйдегі энергияның біраз бөлігін жылу түрінде бөліп шығарып хлорофилл молекуласы ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіруі мүмкін. Бұл құбылыс флуоресценсия деп аталады. Энергияның ендігі бөлігі молекула синглеттік қозған күйден тұрақтылау трипеттік — Т күйге ауысқанда бөлінеді. Осы күйдегі молекула одан да ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіріп (фосфоресцвисия) негізгі күйіне қайтып келеді. ....
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ». «Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған. Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады: -сыртқы сауда саясаты жөнінде; -халықаралық сауда саясаты жөнінде. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі. Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм. Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды. Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды. Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды. Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі. Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Міне, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толып отыр. Алайда баспана тапшылығы қазақ жастарының қыр соңынан қалар емес. Халқымыздың саны жөнінен де мақтана алмаймыз. Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін ең бірінші, халықтың санын өсіруге баса мән беруіміз қажет. Ол үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арзан үйлерді көптеп салып, үйленген әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізсек, тіпті, салынған үйлерді тегін берсекте артық болмайды дер едім. Сондықтан тұрғын үй саясатының тарихтарына қысқаша тоқталып өтейік. Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің өртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық түрғын үймен байларға тиесілі түрғын үйлерді кайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде түрғын үй қүрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлыгын тегін түрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға түрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір пормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық турғыдан толығымен тегін түрғын үй беру ойға қонымсыз еді. Монымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы үран сақталғандықтан жоспарлы жүйснің бслгілері басым болған аялардың бірі еді. 'Гұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді. 1987 жылы жасалды. Сол жылы "Тұрғын үй — 91" Бағдарламасы Қабылданған болатын. Ол алғашқы бес жыл ішінде 1987 жылдың 1 қаңтарында кезекте тұрған қалалардағы барлық жанүяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді. Ауылда тұрғын үйгс мүқтаждардың әрқайсысы бір жыл ішінде пәтер алуга тиіс болды. Ол сол күйінде орындалусыз қалды. Тұрғын үйді пайдалануды бөліп тарату аясында тамыр-таныстық пен коррупция жиі көрініс беріп отырды, бұл көп жылдар бойы кезекте Тұрған мұқтаж азаматтарға тұрғын үй берудің мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол кезектік органдардың беделіне, социалистік әділеттілік сеніміне орасан зор нұқсан келтірді.спсулі түрде үзартып қана қойған жоқ. Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығы қабылданды (ол Қазіргі уақытта нарық инфрақүрылымның бірте-бірте өзгеруіне Және өз рөлін орындап болуына байланысты өзінің заңды күшін тоқтатты. ҚР перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселелері жайлы мынандай өзекті ой қозғаған «Ендігі бір өзекті міндет-тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспананың болмайынша түтін түтетіп, бала өсіру қиын». Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетіндігін қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы біздің экономикаларды алға сүйреуші қуатты күш.....
Тақырыбы: Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Күні: Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер Сабақтың мақсаты: 1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру. 2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру; 3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны. Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді. ....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
Динамикалы байланысатын кітапханалар – Dinamically Linked Libraries (DLL) - Dos Windows режимдерімен жұмыс жасау кезінде енгізілге программаларға қосымша мүкіндіктер береді. Және де олар компютердың тек BP. EXE, BPC. EXE, BPW. EXE версияларымен ғана құралған болуы мүмкін. Қазіргі таңда стандарттық динамикасы байланысатын кітапханалардың (DLL) программамен жабдықтауды программистерге келешекте стандартты программалармен қатар қолдануға мүмкіндік беретін өз динамикалы байланысатын кітапханаларын (ДИ) құруға мүмкіндік береді, сондай фирмалардың бірі – Borland Pascal With Object. Алғашында динамикалы байланысатын кітапханалар Windows-тың бөлімдерінде қолданылған. Borland Object динамикалы байланысатын кітапханаларды Dos режимі үшін де жұмыс жасауға мүмкіндік жасады. ДИ сияқты кітапханалардың құндылығы- олардың оперативті жадты жүктегеннен кейін де енгізілген программалармен қатар, олар Ди-дің Windows үшін жұмыс істеуімен бірдей болады. Бұл құрылым жұмыс жасаушыларға Dos-та қалай жұмыс істесе Windows-та да дәл солай жұмыс істеуге де программалар құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ДИ «көп тілді» проекттерді қолдайды, яғни: Borland Pascal With Object тілінде жазылған программаларда басқа тілдерде жазылған ДИ, ал басқа тілдерде жазылған программаларда Borland Pascal With Object тіліндегі ДИ қолданылады.....
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мем- лекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұл ғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философия лық ой пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақ сатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйым дастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондықтан да В.И. Ленин жалпы жіне мәңгілік категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуы мен бірге пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері да- мымайды деді ол. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақ ты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан жақты жетіл діріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбе гінің тікелей байланысы, дененің және ақыл ой дамуының біртұтас тығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәр биелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері теория лық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбие леу. ....