Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік

Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік

Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру негізгі шарт-
тардың бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеумет
тік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, оның барлық
іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі.
Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғы-
лым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзі-
нің Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзір
лігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсатта-
рын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмай
ды.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен,
Оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайлар
ға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің диалектикасы дегеніміз өзі сыртқының (обьективті)
ішкі жағдайдың (субьективті) игілігіне айналатын адам санасының
шеңберіне өткізілуі. Адамрың қоғамдық мәні дамудың қай жағдай
да жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды
роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың
Қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән.
Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің
төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды.
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтиже-
сін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу.


Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгейің анықтауды, оның қоғам
дық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық
міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын
анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т. б.
қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекеттерді пайдалы
бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне пе-
дагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын
топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің,
оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен
себептерін аңғара білудің, оқушылырға жеке тұрғыда қатынас жа-
сау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзе-
Тулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты
жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған
ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды,
ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыт-
тауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқу-
шылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайту-
ды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлен-
діруді, өзгерген жағдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын
дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдеп-
кі берілгендермен салыстырып, қол жеткен талдау, қолданылған
тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуы-ндағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстар дың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогика-
лық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін
қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.




1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты.
Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өске-
лең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың ке-
лешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі
әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының
дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет бары-
сында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар:
қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәр-
биелеу белсенділігі.
Қарым- қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен,
кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді,
тілектес дос табуға тырысады. Қарым- қатынас белсенділігінің
нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері қалыпта-
сады.
Тұлғаның даму процесінде өзін- өзі тәрбиелеу белсенділігі
сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөз-
дермен, ережелермен толықтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны
өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру
керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана
қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білуле-
рі қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие обьектісі, ал екінші жа-
ғынан тәрбие субьектісі болады.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі.
Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әреке-
тінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркем-
дік, қоғамдық саяси іс әрекеттері т.б. жатады. Осы іс- әрекеттердің
нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, мінез құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жа-
уапкершілік сезімі артады.
Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым
қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуника-
циялық құралдардың көмегімен бір- бірімен пікір алысуы. Қарым-
қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық, нормативтік
және таным процесіретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушы-
ларды мінез- құлқы, іс- әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған
орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой- өрісін дамытады.


Қарым- қатынас - таным процесі. Таным және қарым-қатынас өза-
ра байланысты, мұны оқушылардың іс- әрекетінен көруге болады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекше-
ліктерін есепке алу.
5. Педагогикалық процесте ұжым мен адамдардың өзара бай-
ланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым
болып табылады.
Көрнекті педагогтар Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Су-
хомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теория-
лық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы
қарым-қатынас – ұжымның даму процесі. Педагогикалық процес-
те ұжымның басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқор-
шы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске
асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.
Сонымен, тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік-саяси, экономи-
калық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді.
Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс- әрекеттерінде өзі
Басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәр-
бие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие проце-
нің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәр-
биеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің
шешімін іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері
қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алды
на қоғам болашығына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру
міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс әрекеті, қоғамдық өмірі осы
ған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы
оқушылар ұжымының идеялық өмірмен байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімнің дұрыстығына берік сендірумен, қоғам-
дық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапа-
ларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады.
Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың
мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн.
Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдіс-
тері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір ба-
ланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие
жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады.
Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру
мұғалім мен оқушылардың іс- әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде
өтуіне игі әсерін тигізеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практи-
касы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның
экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шын-
дығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолда
ну болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды
өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың
шынайы алғы шартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланы
сы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді еңбегімен байла
нысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір,
себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда
кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түр-
леріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамның түпкі мүддесі үшін,
материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрам
ды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысы-
ның жетекші принциптерінің бірі. А.С. Макаренко ұжымды адам-
ның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика
залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған
педагогикалық іс- әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды,-
деп көрсетті. Бірлескен іс ірекетте, орынды ұйымдастырылған
ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкершілікті
қатынастар туындайды, баланың тәжірибесі және ұжымдық өмір
дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінің ұжым
шылдық сапслары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсе
тілетін құрметтің бірлігі. А.С. Макаренеко кезінде «Егер біреу-
міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формула-
мен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкін
дігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер
едім», - деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқу
шы күш қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықта
рына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік өрнегі(стилі) мен сарыны(тон)
бар қатыннастарды таңдап алады.
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі
және үздіксіздігі.
Бұл принципті ұстау әрбәр бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді.
Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір бірімен
сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының маз-
мұны өткізілетін тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қа-
рай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана аталған принцип
тер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездой
сықтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсізігі тәрбие мақсатына
үзілді- кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушығы қойы-
латын талаптардың ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне
сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс әрекетінің
мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш қуаты
мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала өзінше ерекше бітім. Сондықтан олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағат-
тандыратын және оқушылардың тәртібі мен іс әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды туғызатын
түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық
психологияны терең білуі көмектеседі.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам- ол теориялық іліммен
қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол,
жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу бары-
сында жас түлектердің ақыл ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері
қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгере
ді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу
дәрежесіне қарай жан- жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді.
Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді
қызмет етуге қабілетті, сана сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру