Мұхтар Шаханов (Наурыз парасаты)
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Қайырмасы:
Таулы, таусыз жерімнің,
Өзен, теңіз көлімнің
Жаса ұлы Наурызы
Жаңа жылы елімнің, а-а-а.
Қуат жиса пәктігің,
Асқақтайды шоқтығың.
Тамыр алмай тарихтан
Мазмұнданбас шаттығың, а-а-а.
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу
Әр адамның табиғаттық борышы.
Қайрымасы.
Наурыз парқы - өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Қайырмасы
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Қайырмасы:
Таулы, таусыз жерімнің,
Өзен, теңіз көлімнің
Жаса ұлы Наурызы
Жаңа жылы елімнің, а-а-а.
Қуат жиса пәктігің,
Асқақтайды шоқтығың.
Тамыр алмай тарихтан
Мазмұнданбас шаттығың, а-а-а.
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу
Әр адамның табиғаттық борышы.
Қайрымасы.
Наурыз парқы - өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Қайырмасы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Наурыз парасаты өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Наурыз парасаты