Қазақ әдебиеті | Л.Толстойдын Анна Каренина романын аудару тарихы

КІРІСПЕ
Л.Н.Толстой шығармашылығы жатқан бір кең дүние, бүкіл әлем. Оның шығармаларында қамтылмайтын өмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де болады. Оның кейіпкрелері мінез-құлқы мен әдет-ғүрпы жағынан мейлінше әр алуан. Оның тілі - орыс тілінің бүтін бір қоймасы. Жазу мәдениеті мен стилі жағынан ол жалпы орыс әдебиетінің шыңы. Сондықтан да Толстой сияқты ұлы жазушының шығармаларын қазақ тіліне, аудару - тек аудармашылар үшін ғана емес, бүкіл қазақ тіліне, қазақтың қазіргі өскелең мәдениетіне зор сын.
Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мэдениетіне жол ашты. ¥лы Абайдың ақындық - аудармашылық қайраткерлігінің құдіретіне "орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты" (М.Әуезов). Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтік қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич Толстой келді.
Әрқайсысы өзінше орыс мэдениетінің асқары, орыс тарихының дәуірі болып табылатын бұл екі адамның қазақ тарихынын, белгілі бір кезеңінде жарқ етіп бой көрсетуі кездейсоқ нәрсе емес еді. Бұл ғасырлар бойы қараңғылықта қамалып, тоқырау шегіне жеткен, бақытқа бастайтын жарық сәулені көксеп шарқ ұрған халық көшінің тарихи бетбұрысы болатын. (4-9)
"Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек - көзің ашылады", - деп Абай айтса, "...Шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми күрделі оқу қүралдарына жол салып беретін .... өзімізге ең жақын орыс тілі..." деген болатын Ы.Алтынсарин.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | М Әуезов Абай жолы романындағы әйелдер образы

Еліміз егемендік алғалы бері қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және орта ғасыр дәуірі дербес пән ретінде бұрынғыдан да кең көлемде әрі тұрақты түрде оқытыла бастады. Өйткені дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде бізге көненің көзіндей болып ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды, соның ішінде жазба әдеби жәдігерлерін танып - білудің қажеттігі ерекше артып отыр.
Өйткені жазба мұраның осы күнге толық түп нұсқасы жетпей, архивтерде шаң басып жатқаны бірімізге аян. Яғни, осы деректерді алып ғылыми түрде дәлелдеу , жарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Тарихи дерек пен тәжірибе жекенің жадында сақталады. Бұл орайда халықтың жады арқылы жеткен мұралардың деректік тұрғыдан объективтілігі басымдау болады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Көркем шығармадағы ішкі монолог тілдік түзілімі стилистикасы Ә Кекілбаевтың Үркер Елең алаң романдары бойынша

Зерттеу жұмысының өзектілі: Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды.
Көркем шығарма тілін зерттеу – жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігін қарастыру көркем әдебиет стилистикасы - әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканы байланыстыратын ғылыми саласы, аралық пән. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі.
Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай – салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау – қолтықтары да жоқ емес.
Әрине, көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің, табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қврвнан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты.
Кез – келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды. Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген нысандары өте көп. Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін зерттеуде, ішкі монологтың берілу жолдарын талдап көрсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика ғылымы саласы үшін де аса қажет. Сол себепті көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен – өзіңнің сырласуың, өзіңді –өзің іштей саралау) көрінісі жан – жақты қарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ә.Нұрпейiсовтің«Қан мен тер»романындағы табиғат көрiнiсінің берілуі

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: орыс тiлiндегi Ә.Нұрпейiсовтың «Қан мен тер» романындағы табиғат көрінісінің берілуі.
Тақырыптың өзектілігі: пейзаж – психологиялық талдаудың ұтымды құралдарының бірі болып табылады. Ол кейіпкердің рухани жан - дүниесін ашып, шығарманың көркемдігін кеңейтеді. Көркем шығармада табиғат көрінісі әрқашан негізгі идеямен үндестікте болып, кейіпкердің ойын, сезімін және ішкі әлемі мен көңіл - күйін толығымен жеткізеді.Көркем шығармадағы пейзаж мәтінде жеке дара болмай, жалпы композициямен, тақырыппен, кейіпкерлермен, сюжет пен жалпы көрініспен үйлесімді болып келеді.Сол сияқты пейзажда сақталған көркемдегіш құралдарды қолданып, бірнеше тәсілдер қарастырылады.
Жұмыстың негiзгi мақсаты: Ә.Нұрпейiсовтың «Қан мен тер» романын қазақ тiлiнен орыс тіліне аударылуын қарастыру.Атап айтқанда табиғат көріністерінің, пайдаланған көркемдегіш құралдарының орыс тіліне берілуін салыстырмалы түрде қарастыруды мақсат тұттық.
Табиғат көріністері мезгілдің, мекеннің, уақыттың міндетін атқарумен қатар қаһарманның табиғат пейзажымен ара қатынасын, көңіл-күй әуендерін де аңғартады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар

І.Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған мысалдармен дәлелденді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай жолы романындағы антропонимдер

Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай жолы романындағы антропонимдердің жасалуы

Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының
Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып көрсету
Шындығында да, адм аттарын зерттеу арқылы сол халықтың тілінің
Эпопеяның тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің есептеуінше «Абай жолында» тікелей
Қазақ антропонимдерінің табиғатын ашу- бүгінгі күнгі қазақ тіл білімінң
Зерттеудің нысаны
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы антропонимдер. Олардың мағыналық топтары,
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
- Жұмыстың негізгі мақсаты- М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдердің
- Қазақ антропонимикасына байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай
- Романдағы араб-парсы, орыс және жалпы түркілік есімдерді анықтау.
- Романдағы антропонимдердің тұлғаларын талдау.
- Романдағы антропонимдердің мағыналық топтарын көрсету.
- Романдағы антропонимдердің жасалу тәсілдерін көрсету. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер

Кіріспе.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте , бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп , сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілері талданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. [1966,151]. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты – М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
– күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
– қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау;
– эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу.
Жұмыстың зерттелу әдістері.
Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.
– Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
– Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген.
Диплом жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.

1.1. Күрделі сөздер туралы зерттеулер мен пікірлер.

Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А.А.Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях».....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

Кіріспе
Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар.
Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.
Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.
Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.
Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.
Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі негізгі тірек етіп алынды.
Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың «Қарғын» романы алынды.
Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің «Қарғын» романынан жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық әдіс те қолданылды.
Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.
Зерттелудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы көмекші сөздер, шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да өзіндік үлесін қосады.
Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық маңызын арттыра түседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық