Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық

Қара Ертістің аруы

Жатып едім қара Ертістің бойында
ештеңе жоқ мынау менің ойымда,
жағалаумен жүгіріп өтті бір ару
суды шашып мына менің бойыма.

Ұшып тұрып денем тағы селк етті
қандай жан деп бойларыма...
Өлеңдер
Толық

Күлкі - денсаулық көркі іс - шара

Мақсаты: Балалардың көңіл - күйін көтеру, 1 сәуір күлкі күні екендігін ұғындыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.
(Музыка ойналады. Винни мен Квинни сахнаға төбелесіп шығады.)
Жүргізуші: психолог
- Сендерге не болды?
- Неге төбелесесіңдер?
- Квинни сен неге ашуланасың?
Бүгін ашулануға болмайды. Өйткені 1 сәуір Дүниежүзілік күлкі күні.
(Сайқымазақтар күледі.) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?

Сыныбы 6 «Ә»
Пән мұғалімі : У. Сатжанова

Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек.
Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж
Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Тәрбие сағаттар
Толық

Қожа Ахмет Ясауиге арнау

Өзіңсің ғой жаршысы жаңалықтың,
Даралықтың символы даналықтың.
Түркінің төл баласы өзіңізсіз,
Бастауысыз атақты сан алыптың!

Түркінің мақтан тұтар ардағысың,
Кешегі Арыстан баб жалғауысың.
Хикметпен ақыл...
Өлеңдер
Толық

Еркіндік - ежелден ел тілегі

Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын, ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек, біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса, біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік. Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға......

Шығармалар
Толық

Бизнес | Шағын және орта бизнестің меркетингтік қызметі

І Маркетинг – бизнестің концепциясы ретінде
1.1 Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мән-мағынасы
Көз алдыңызға бизнеспен айналысайын деп жүрген кәсіпкерді елестетіңіз. Айталық ол керекті заттарды тауып сатып алды, фирманы мемлекет органдарында тіркеп, банкте есеп-шот ашты, қажет іс орнын жалдады, материалдар мен өндіріс құрал-жабдықтарды жинап алды, өндірісті жұргізіп, тауарлар шығарды, оларға жарнама жасады делік. Міне осы жерде оны ойда жоқ сәтсіздік күтеді: тауарға рынокта сураныс болмады. Кәсіпкер жарнамаға шығындарын көбейте түседі. Сонда да алушылар оның тауарына назар аудармайды. Ешкім оны сатып алмайды. Осыдан сұрақ туады: бұның себебі неде? Мүмкін тауардың сапасы төмен, немесе оның бағасына сәйкес емес шығар? Болмаса тауар үмітсіз ескірген болар? Мүмкін рынок соған ұқсас өтімді тауарларға толы шығар? Ал немесе алушылар өздері үйренген, бүрыннан білетін фирмалардан алғысы келетін шығар? ... Себептер өте көп болуы мүмкін. Бірақ бір нәрсе айқын -ол біздің кәсіпкеріміздің маркетингтен мүлдем бейхабар екендігі. "Маркетинг" термині ағылшынша "тагкеі" (рынок) сөзінен шыққан және дәлме-дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда үғымның мәні одан өте кең де, өте ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Терминологиялық түсіндірмелерге байланысты пікір-таластарға тоқталмай-ақ, олардың өзара жүйелік жақындығы арқылы маркетингтің бірнеше аспектілерін қарастырайық. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Халықаралық маркетингтің ұғымы

Кіріспе.
Маркетинг – іскерлік, кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг туралы айта кету қажет. Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне мегамаркетинг әрекет етеді. Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына) кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын рөлі біздер үшін ұлғая түспек. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпты терең түсініп, оны пайымдап келешекте қолдануға біздер дайын болуымыз керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Халықаралық маркетинг

Кіріспе.
Маркетинг – іскерлік, кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг туралы айта кету қажет.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне мегамаркетинг әрекет етеді.
Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына) кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын рөлі біздер үшін ұлғая түспек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Халықаралық жарнама агенттіктері және олардың туризмнің дамуындағы ролі

Кіріспе
Экономиканың қарыштап дамуына байланысты коммерциялық және әкімшілік мәселелерді шешуге арналған өзара байланысты деректер көбейіп келеді. Өзара байланысты деректерді ақпараттар жүйесі деп атайды. Мұндай жүйе негізінен адам еңбегін жеңілдетуге бағытталған. Осындай ақпарат тарату жүйесі жарнама қызметі саласында жұмыс атқаратын ұйымдар мен құрылымдар қызметінің де ең негізгі құраушы элемент болып табылады. Ал бұл жағдайда ақпараттың оперативтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Жарнамалық қызмет мекемелерінің осы жүйені дұрыс қолдана алуы оларды үлкен бәсекелестік қабілетпен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде жарнама біздің өмірге мықтап орныға бастады. Жарнама өнеріне үйрететін әр түрлі мекемелер ашылуда. Сәйкесінше осы саладағы мамандандырылған фирмалар да көбейіп келеді. Оның бір мысалы – жарнама агенттіктері. Жарнама (французша – «айғайлаймын») тауарлар мен қызмет түрлері жайлы ақпарат беретін және оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған маркетинг шараларының бір түрі болып табылады. Ол экономиканың нақты құралы және нарықтық жүйенің негізгі реттеушісі. Жарнамалық шараларды ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Оны жүзеге асыру үшін жоғары дәрежелі мамандар мен арнайы жарнамалық бөлімдердің аса қажырлықпен жұмыс істеуге тура келеді. Ал осы шараларды негізінен ұйымдастыратын жарнама агенттіктері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық