Биология | Адам генетикасы

Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.
Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.
Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай (Ибраһим); немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б.
Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі — гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған. ....
Рефераттар
Толық

Биология | АДАМ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ

Популяциялық генетика — популяциялардың генетикалық көпүрлілігінің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасыңда, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы болып табылады.
Популяциялық генетиканың мақсаты - популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады.
Популяциялық генетика ғылымының негізін қуалаушылар — орыс ғалымдары С.С.Четверяков және оның шәкірттері: Н.В.Тимофеев-Рёсовский, Б.Л.Астауров, Е.Н.Балкашина, Д.Д.Ромашов, С.М.Гершензон т.б. Олар XX ғ. 20-30 жылдары дрозофила шыбынының табиғи популяцияларының генетикалық құрамын анықтап, онда рецессивті мутациялар концентрациясының өте жоғары деңгейде болатынын анықтады.
Сол сияқты, А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин, П.Ф.Рокицкий, Н.К.Беляев т.б. - және шетел ғалымдары - Р.Фишер, С.Райт, Дж.Холдейн теориялық популяциялық генетиканың дамуына және табиғи популяциялардың генетикалық құрамын зерттеуге көп үлес қосты.
XX ғ. 30 жылдары теориялық және эксперименттік популяциялар генетикасының дамуы нәтижесінде генетика мен дарвинизм идеялары қосылып, заманауи эволюциялық теорияның — эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуына мүмкіндік туды.
Адам популяцияларының генетикасы — адам популяциядағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың бір саласы болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Биология | АҒЗА ЖӘНЕ ОРТА ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі милионнан асады.
Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі, Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ, "тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген: "... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін ". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін " және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі — адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган деп ұғынуға болады.
Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса, "организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып! Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген "организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық " және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді. Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде қабылдап, тұрақтандырған жөн.
Тірі ағзалар түрлері ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық кезендерде бірте-бірте қалыптасқан. Белгілі аумақта тарихи мерзімде пайда болып мекендейтін жануарлар түрі фауна (мақұлықат) деп аталады. Ал белгілі аймақтағы тарихи мерзімде қалыптасқан өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлік құрамын флора (нәубетат) дейміз. Жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған: бір аумаққа өсімдіктердің қалың не сирек өсіп, жануарлар түрлерінің аз немесе көп болуы мүмкін. Өсімдік бірлестігінің белгілі бағытта қалыптасуы климат жағдайына тікелей тәуелді болады, осыған орай ол аймақтың жануарлар түрі де өзгеріске ұшырайды.Осы заманда жер шарында тірі ағзалар түрлерінің, сондай-ақ сан алуан биоценоздардың таралу заңдылығына байланысты 5 биогеографиялық аймақ бар деи есешеледі. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы

Бұлшық еттердің қызметі мен физиологиялық қаситтеріне қарай оларды екі топқа бөледі: көлденен жолақты бұлшықеттер, бірыцғай салалы бұлшық еттер.
Барлық бұлшық еттерге тән қасиет - олардың тітіркендіргіштер әсерінен жиырылу қасиеті.
Көлденең жолақты бұлшық еттер.Олар адамның барлық қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Көлденең жолақты ашық еттердің жиырылуынан барлық қозғалыстар,қимылдар жүзеге асады. Көлденең бұлшық еттер саны 400-дей. Қаңқа бұлшық еттерінің жолақтары қосылып 1, 2,3-ші реттік шақтарды құрайды.Әрбір шақ дәнекер ұлпа деп аталатын қабат арқылы бір- бірінен бөлініп тұрады,ал барлық бұлшық еттің сырты қапталған.
Бұлшық еттер сіңірлер арқылы сүйектерге бекиді.Сіңірлер мен дәнекер ұлпалардың жиырылғыштық қасиеттері болмайды. Орналасқан орнына
және атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер төмендегідей болып бөледі:
• Шеңберлі бұлшық еттер (қоз, ауыздың айналасындағы бұлшық еттер);
• Жалпақ бұлшық еттер(құрсақ, арқа, кеу бұлшық еттері);
• Ұзын бұлшық еттер (қол мен аяқ бұлшық еттері);
• Қысқа бұлшық еттер (омыртқа, қабырға аралық бұлшық еттеріне бөлінеді).
Бұлшық еттер атқаратын қызметіне байланысты бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттерге бөлінеді. Олар бір-біріне антогонистік немесе синергестік сипатты болады. Қол қарының екі басты және үш басты бұлшық еттері бір-біріне антогонистік, ал белгілі бір әрекетті орындайтын шынтақ буынның бүгілдіретін бұлшық еттері синергистік болады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін, қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақ денелілердің көпшілігі судық, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Өздерінің тіршілігі мен құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді. Бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды қолда өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады. Кейбір былқылдақ денелілер - зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, «кеме кұрты» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит кұрттарының аралық иелері мысалы; тоспа ұлуы т. б.
Жалпы сипаттама:
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас, дене және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері қатпармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы известь қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануларының шабуылынан корғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды. Былқылдақ денелілердің бақалшақтарынын пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалық, ауыр болып келеді, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта, ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). Әсіресе теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл болуы көп жеңілдік келтіреді.....
Рефераттар
Толық

Биология | БАССҮЙЕК ҚАҢҚАСЫ

Бассүйек, сrапішп, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады.
Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше.
Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.
1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады.
Шүйде сүйегі
Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан.
Төбе сүйек
Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік,
Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.
2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген.
3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.
4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Бауыр қабынуы

Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат.
Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған.
XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген.
XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды. ....
Рефераттар
Толық

Биология| Биоәртүрліліктi сақтау

Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.....
Рефераттар
Толық

Биология | Биогенді d элементтердің ағзадағы биологиялық ролі

d – элементтер периодтық жүйенің барлық қосымша топшаларында орналасқан. d элементтерді металдарға жатқызады, өйткені олар жоғары электр және жылуөткізгіштік көрсетеді және металдық жылтыры болады. Металдық байланысы өте берік болады. Сыртқы электрондық құрылыстары мынадай структураға сәйкес келеді.
(n-1) da nsb a = 1-10
b = 1-2
Атом құрылысы тұрғысынан алғандағы, бұл элементтерге тән сипат, ол ондағы элементтердің ядро заряды артқан сайын сыртындағы s және p деңгейшелер емес, ішкі екінші d деңгейіне тола бастайды. Демек, олардың сыртқы деңгейшесі өзгеріссіз қалады, яғни онда 1 немесе 2 электрон болса, онда олар өзгеріссіз. Олай болса, d элементтердің валентті электрондары сыртқы және сыртынан есептегенде ішкі екінші деңгейше болады екен. Мысалы Sc – скандий 4s13d 1, итрий 5s2∙4d1.
Оларға тән мұндай жалпы атом құрылымына орай, кейбір бірдей химиялық қасиеттер де болады.
d қатарындағы барлық элементтер металдар және олар өзінің жоғарғы беріктілігімен, жылу және электр өткізгіштігімен сипатталынады. Олар өзара және басқа металдармен құйма түзеді.
d элемент қосымша топшаларда орналасқан. Қосымша топшалар негізгі топшаларға қарағанда қысқарақ, себебі олардың бірінші элементі IV периодтан басталады. d элементтер ІV, V, VІ периодтарда s пен p элементтерінің арасына кіретін 3 декададан тұрады.
d элементтерге жатады:
IV периодта Sc – Ti, V, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn;
V периодта Y – Zr, Nb, Mo, Tc, Ru, Rr, Pd, Ag, Cd;
Vi периодта La, Hb, Ta, W, Re, Os, Ir, Pt, Au, Hg. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Биологиялық ұлпаларға жалпы сипаттама

Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. ....
Рефераттар
Толық