Биология | АҒЗА ЖӘНЕ ОРТА ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Биология | АҒЗА ЖӘНЕ ОРТА ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

АҒЗА ЖӘНЕ ОРТА.
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ.

Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі милионнан асады.
Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі, Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ, "тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген: "... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін ". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін " және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі — адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган деп ұғынуға болады.
Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса, "организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып! Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген "организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық " және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді. Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде қабылдап, тұрақтандырған жөн.
Тірі ағзалар түрлері ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық кезендерде бірте-бірте қалыптасқан. Белгілі аумақта тарихи мерзімде пайда болып мекендейтін жануарлар түрі фауна (мақұлықат) деп аталады. Ал белгілі аймақтағы тарихи мерзімде қалыптасқан өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлік құрамын флора (нәубетат) дейміз. Жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған: бір аумаққа өсімдіктердің қалың не сирек өсіп, жануарлар түрлерінің аз немесе көп болуы мүмкін. Өсімдік бірлестігінің белгілі бағытта қалыптасуы климат жағдайына тікелей тәуелді болады, осыған орай ол аймақтың жануарлар түрі де өзгеріске ұшырайды.Осы заманда жер шарында тірі ағзалар түрлерінің, сондай-ақ сан алуан биоценоздардың таралу заңдылығына байланысты 5 биогеографиялық аймақ бар деи есешеледі. Олар мьшалар:
1.Голарктикалык, аймақ (Гренландиямен қоса Солтүстік Америка, Үндістансыз Евразия, Исландия, Корея, Жапония және Солтүстік Африка).
2.Палеотропиктік аймақ (Сахараның оңтүстігін ала Африка, Мадагаскар, Үндістан, Үіндіқытай).
3.Австралиялык, аймақ (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания).
4. Неотропиктік аймақ, (Оңтүстік және Орталық Америка).
5.Антарктидалык, аймақ (Антаркгида).
Бұл аймақтарда тірішлік ететін тірі ағзалар бірімен-бірі ғана емес, өлі табиғат факторларымен де үнемі байланыста болады. Тірі ағзалардың бірімен-бірі және өздері мекендейтін ортамен өзара байланысын зерттейтін ғылым экология (грекше: "oikos — тұрғынжай, тұрақтау орыны + logos — сөз, ілім") деп аталады. Сыртқы ортаның жеке қозғаушы күштерін экологиялык, факторлар дейміз. "Экология" терминін тұңғыш. ұсынған (1866) неміс биологы, дарвинизмнің филогенетикалық негізін қалаушы Эрнст Геккелъ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР. Тірі және өлі табиғат арасында ұзақ уақыт өзара қарым-қатынастың тұрақты сақталуын қоршаған орта деуге болады. Қоршаған орта ағзалардың, популяциялардың, табиғи бірлесгіктердің жағдайы мен қасиеттеріне тікелей немесе жанама ықпал етеді. Мұндай әсердің жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Қоршаған орта пайда болатын осындай әсерлер экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлардың табиғи әр түрлі үш тобын атап өтейік:
1. Өлі табиғаттың экологиялық фактордары (абиотикалық грекше: "а — бей, теріс + bioticos — тірі — тірі емес, өлі" факторлар") — а) климаттық факторлар (ылғалдық, жауын-шашынның мөлшері, ауа температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, физикалық және механикалық әсері); ә) гидрологиялық факторлар (су тунықтығы, судың ластануы, т.б.); б) жер бедерінің әсері (күн сәулесінің түсу ерекшелігі, беткейлік, еңістік, т.б.).
2. Тірі табиғаттың экологиялық факторлары (биотикалық факторлар) — ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілік, жыртқыштық және жемтікке айналу. Бұл факторлар: а) фитогенді (грекше: "phyton — өсімдік — genos — туу, шығу тегі") — өсімдік жәрдемімен; ә) зоогенді (грекше: "zoon —жануар + genos — туу, шығу тегі") — жануар жәрдемімен әрекет жасайтын екі факторларға бөлінеді. Мұндайда жануарлар мен өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен бактерериялар бірінен-бірі оқшауланбай, өзара күрделі қарым-қатынас жасайды.
3. Адамның іс-әрекетіне байланысты факторлар антропогендік факторлар) — адамның алуан түрлі іс-әрекеті барлық тірі ағзалардың мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуге ұшыратады немесе олардың тікелей тіршілігіне әсер етеді.
БИОЦЕНОЗ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ. Табиғатта бірлесіп мекендейтін сан алуан ағзалар айқын бірлікте болады. Құрлықтың немесе суқойманың үлесін бірлесіп мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың жиынтығын биоценоз (грекше: "bios—тіршілік + koinos — жалпы, ортақ-бірлестік") дейді. Биоценоз (бірлесяж) айтарлықтай тұрақты биологиялық түзіліс, өйткені мұнда өзінің табиғи қасиеті мен түрлер құрамын әдетте климаттық немесе басқа факторлардың өзгеруінен туыңдайтын сыртқы әсер кезінде өзі сақтап қалады. "Биоценоз" терминін (1877) неміс гидробиологы Карл Август Мебиус ұсынды.
Бірлестік (биоценоз) — оны құратын түрлердің жиыны ғана емес, олардың арасыңдағы өзара қарым-қатынастың бірлестік. Егер бірлестік өсімдіктерден түзілсе — фитоценоз, ал жануарлардан түзілсе, зооценоз деп аталады. Бірлестік алып жатқан табиғи тіршілік кеңістігін биотоп (грекше: "bios — тіршілік + topos — орын") дейміз. Биотоп пен бірлестіктен "Эколоіиялық жүйе" терминін (грекше: "oikos — тұрғынжай, тұрақтану орны + systema — үйлестіру, біріктіру") 1935 жылы ағылшын ботанигі Артур Джордж Тенсли ұсынды. Экожүйе — кең мағыналы ұғым, оны табиғи (мысалы, тундра, мұхит), сондай-ақ жасанды (мысалы, аквариум) кешендерге қолдануға болады.
Биогеоценоз (грекше: "bios — тіршілік + ge — Жер + koinos — жалпы, ортақ — Жер бетіңдегі ортақ тіршілік") — жер беті үлескісіңце орналасқан тірі aғзалар (биоценоз) мен өлі ортаның ұзақ мерзімде қалыптасқан жиынтығы. Биогеоценоз туралы ұғымды (1940) орыс ботанигі, ағаш өсіруші маман Владимир Николаевич Сукачев енгізді. Биогеоценоздың шегі оның маңызды құрам бөлігі — өсімдік бірлестігінің шегімен анықталады.
Биогеоценоздың (географиялық бірлестік) сызбанұсқасын былай кескіндеуге болады:
Бізді қоршаған табиғат эожүйе деп аталады да, қарапайым табиғи экожүйенің экологиясын көрсету үшін "биогеоцеиоз" термині қолданылады. Биоценоздардың әрқайсысына өзіне тән заттай куаттаңдырудың алмасу типі сай келеді.
Биогеоценоз — экологиялык құрылым құрылысының дербес деңгейі. Қуаттаңдыру тұрғысынан алғанда ашық жүйе болғандықтан, оның жүзеге асуы үшін үнемі қуат (энергия) келіп тұруы қажет. Әрбір жеке жүйе өз алдына үздіксіз зат айналымын жүзеге асырып, айналым қозғаушы күші ретіңде сырттан қуат алып тұрады. Экожүйедегі сан алуан ағза түрлерінің барлығын негізгі үш топқа бөлуге болады, олар:
1. Түзушілер (продуценттер)—жасын өсімдіктерде болатын хлорофильді ағзалар, олар фотосинтез үдерісінде жарық қуатын пайдаланыи, пайда болған қарапайым ағзалық заттарды қорекке жаратады.
2. Тутынушылар (консументтер) - бұлар даяр ағзалық заттарды тұтынатын гетеротрофты (грекше: "hetero - өзге, бөгде + trophe -қорек, қоректену") ағзалар. Бұлар түзушілердің жинақтаған күрделі ағзалық заттарын ыдыратады, қайтадан қалыптастырып, сіңіреді.
3. Бүлдірушілер, ыдыратушылар (редуцентгер) - өлі ағзалық заттармен қоректеніп, оны түзушілер қоректене алатывдай минералды зат-тарға ыдыратушы ағзалар. "Редуцент" лаіъшньщ ілік сешіктегі reducentis
- қалыптастыру, қалпына келтіру, кері ығыстыру мағынасындағы сөзінен алынған. Бұл терминді кейде "деструктор" (латынның destmctio
- бүлдіру, қалыпты құрылымды бұзу) сөзімен де алмастырады.
Биогеоценозды және онда өтетін үдерістерді сипаттау үшін мына негізгі көрсеткіштерді білу керек:
1. Түрдің алуан түрлілігі - белгілі биогеоценозды құрайтын ұсақағзалар, өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жалпы саны.
2. Популяция тығыздығы - әрбір түр дарақтарының аудан немесе көлем бірлігіне келетін мөлшері.
3. Биомасса - түр дарақтарының, ағза түрлері топтарының немесе бірлестіктерінің жиынтық массасы. Бұл әдетте кез келген мекен орнының аудан немесе көлем бірлігіне жататын құрғақ немесе дымқыл заттар массасы бірлігімен өлшенеді.
Бірлестіктегі қоректену тізбегі және қуат ағыны. Табиғаттағы тіршілік иелерінің қай-қайсысы болсын ұзақ өмір сүру үшін қоршаған ортамен зат алмастыруы қажет. Қоректену тізбегі (қоректік тізбек) дегеніміз ағзалардың алдыңғы буыны кейінгі буынға қорек болатын тірі ағзалар (ұсақағзалар, өсімдіктер, жануарлар және т.б.) қатары. Бұған мынадай қарапайым мысал келтіруімізге болады: өсімдіктер жабыны -----> өсімдіктермен қоректенетін бунақденелілер —>- жыртқыш бунақденелілер популяциясы -----► бунақденелілер популяциясы-----бунақденелілермен қоректенетін құстар-----► жыртқыш құстар.
Міне, бұл тізбекте ағзалар тобының біреуінен екіншісіне бір бағытта заттар мен қуат ағыны жүзеге асады. Сөйтіп қоректік тізбек қуатты тасымалдайтын негізгі арна болып табылады. Қоректік тізбекте әр түрлі қалыпта орналасқан тірі ағзалардың саны немесе биомассаның қатынасы сандық пирамида немесе биамасса деп аталады. (Бұл экологиялық пирамида ұғымына да қолданылады.)

Экологиялық пирамиданың үш muni бар:
1. Сан — әрбір деңгейдегі жеке ағзалардың санын есепке алады;
2. Биомасса — әр түрлі деңгейдегі ағзалардың жалпы құрғақ және дымқыл массасымен сипатталады;
3. Қуат (энергия) — әрбір келесі деңгейлердегі куат немесе өнімділік ағымының мөлшерін керсетеді.
Жеке деңгейлер қатынасының мөлшерін көрсететін болғандықтан, экологиялық пирамида үшбұрыш түрінде бейнеленеді. Экологиялық жүйедегі қоректенудің әр турлі деңгейі трофиктік (грекше: "trophe — қорек, қоректену") немесе қоректік деңгей деп аталады. Кез келген бірлестікті сол бірлестіктегі түрлер арасындағы өзара қоректік байланыссыз түсіну мүмкін емес. Дарақтардың түрлер арасындағы мұндай байланысын қоректік байланыс деп атайды. Қоректік байланыс әдетте бірнеше қоректік тізбектен тұрады, олардың әрқайсысы зат пен қуат берілетін жеке арна болып табылады.
Биогеоценоздың ауысуы. Табиғатта еш уақытта өзгермейтін биогеоценоз болмайды, өйткені оның қалыптасуы үшін эволюциялық ұзақ уақыт қажет. Эволюция барысында тірі ағзалар мекен ету ортасына, бірімен-біріне бейімделуде болды. Биогеоценоз тұтас бір ағза іспеттес болғандықтан, бір қалыптан екінші қалыпқа табиғи заңдылықта ауысады. Белгілі бір аумақтан орын алып, бір түрге жататын дарақтар (популяция) ұзақ уақыт тіршілік. еткен кезде мекен ету ортасын өзгертеді. Мұны өсімдіктер мысалында түсіндіретін болсақ, суда өсетін өсімдіктердің қалдықтары жағаға жинала-жинала — шымтезек қабатын, ал сумен ағып келген құм және сазбалшық су түбіне шөгіп, терең сулардағы планктон қалдықтары тұнып, майда түйіршікті лай түзеді. Сөйтіп көгілдір айдынды көл, батпаққа айналады, ал ондағы тірі ағзалар тіршілігін жояды. Енді бұл маңнан батпаққа төзімді өсімдіктер мен жануарларды ғана көре алатын боламыз. Бұл құбылыстың кері жүзеге асуы да мумкін. Жер бетіндегі бір үлескіде бірлестіктердің біреуінің екіншісімен бірте-бірте ауысуы сукцессия (латынша: "successio — мирасқорлық, тұқым қуалау, орын басушылық") деп аталады, ол өтпелі қалыпты даму сатысы болып табылады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру