Биология | Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Биология | Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін, қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақ денелілердің көпшілігі судық, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Өздерінің тіршілігі мен құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді. Бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды қолда өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады. Кейбір былқылдақ денелілер - зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, «кеме кұрты» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит кұрттарының аралық иелері мысалы; тоспа ұлуы т. б.
Жалпы сипаттама:
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас, дене және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері қатпармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы известь қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануларының шабуылынан корғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды. Былқылдақ денелілердің бақалшақтарынын пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалық, ауыр болып келеді, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта, ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). Әсіресе теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл болуы көп жеңілдік келтіреді. Бақалшақтар органикалық емес (көміртегі немесе фосфорлы кальций) және органикалық қосылыстардан - конхиолиннен (белоктық заттар) тұрады. Көпшілік моллюскалардың бақалшақтары үш қабаттан тұрады: сыртқы, немесе конхиолиндық, ортаңғы, немесе призмалық ішкі, немесе перламутралық (нағыз меруерттік, інжу қабат).
Қозғалу мүшелері. Моллюскалар баяу козғалады. Осыған байланысты жауларынан қорғану үшін бақалшақтары жақсы дамыған. Олардың қозғалысы ұшы ілгері созылған сына тәрізді етті өсінді аяқтары арқылы жүзеге асырылады. Аяқта оның қозғалысын реттеп отыратын біріңғай салалы ет талшықтар жүйесі болады. Аяқтары әр түрлеріңде әрқилы жетілуі ықтимал. Мысалы, қосжақтаулы моллюскалардың өкілі мидиялардың аяқтары жука тіл тәрізді, теңіз тарақшасында болмашы бұдыр, ал устрицада аяқ мүлдем жойылған. Өзіндік ерекшелігі бар жылдам қозғалу басаяқты моллюскалардан көруге болады. Аяқтары өзгеріп ерекше кұрылысты воронкаға айналған. Олардың козғалысың көлденең салалы ет талшықтары реттеп отырады. Мысалы, кальмарлар (басаяқты моллюскалардың өкілі) мантия қуысынан суды воронка арқылы шығарып ракета әдісімен козғалады.
Қан айналу жүйесі. Моллюскаларда қан айналу жүйесі жақсы дамыған, тұйық емес, ашық. Көпшілік моллюскаларда жүрек бір кұлақшадан және бір қарыншадан тұрады. Ал қалған өкілдерінде жүрек кейде уш бөлімнен (екі құлақша және бір қарынша) және төрт камерадан (екі құлакша және екі қарынша) тұруы ықтимал. Карыншадан ілгері және кейін қарай қолқалар шығады, олардан артериялар мен капиллярға тармақталады. Қан капиллярдан дене қуысында жатқан мүшелерге құйылады. Мүшелердің арасындағы қуыстарды шая отырып, мүшелерді оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етіп, жолшыбай көмір қышкылын және диссимиляция қалдық заттарын ала кетеді. Бұл қуыстардан қан, тамырларына қайта жиналып, бірақ енді веналық система арқылы көмір кышқыл газына қаныққан қан өкпеге жеткізіледі. Оттегінің көпшілігі қанда еріген күйінде болады. Сайып келгенде моллюскалардың қан айналуы жүйесі жақсы дамыған, жүрекке келген қан оттегіне қаныққан және ол барлық денеге тарайды.
Тыныс алу жүйесі. Моллюскаларда арнайы тыныс алу мүшелері бар. Суда тіршілік ететін түрлерінде тыныс алу мүшесі желбезек. Желбезектің ішінде жатқан қан тамырлар (капилляр) сифон арқылы кірген су ішіндегі еріген оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарады. Желбезектері әр түрлерінде түрліше құралған. Мысалы, айкұлақта (тақта желбезектілер) желбезектер аяғының екі жағында ішкі және сыртқы — жарты желбезектер түрінде орналасады, бас-аяқтыларда (сегіз аяқтыда) мантия қуысында орналасқан екі немесе төрт нағыз желбезектер түрінде болады, Құрлықта тіршілік ететін моллюскаларда тыныс алу мушесі өкпе болады. Мантияның ауа қалтасын жасайтын жерін өкпе деп атайды. Өкпенің ішінде (мантияның ішкі қабырғасында) тармақталған қан тамырларының торы бар. Бұл қан тамырларының қабырғалары өте жұқа және олар арқылы тыныс тесігінен мантия қуысына ауа кіреді. Сөйтіп осы жерде оттегін алып көмір қышқыл газын шығарады (газ алмасады).
Зәр шығару жуйесі. Негізгі зәр шығару мүшесі бүйрек. Ол кұрылысы жағынан жауын құртының зәр шығару мушесіне (метанефридияға) ұқсас. Моллюскалардың көпшілігінде бір бүйрек, ал кейбіреулерінде екі бүйрек болады. Бүйректер метанефридиялар сияқты, олардың бір ұшы үлпершекке (целомаға), екінші жағы мантия қуысына жалғасады. Бүйректің қуысы, қан тамырларымен тығыз байланысты, Буйрек эпителилері денеден шығарылып тастауға тиісті заттарды осы тамырлардан бөліп алып, буйректе жинала береді де дүркін-дүркін сыртқа шығарылып отырады. Бүйректің сыртқа шығатын тесігі аналь тесігінің қасынан ашылады. Моллюскалардың денесінде буйректен басқа да диссимиляция қалдықтарын сіңіріп отыратын ерекше бездер де бар.
Асқорыту жүйесі. Моллюскалардың асқорыту мүшелері ауыздан басталады. Ауыз тесігі жұтқыншаққа жалғасады. Мұнда тіл, жақ болады және тамақты үгітіп ұстау үшін, сирек араның тісі тәрізді жауып жатқан үккі (терка) немесе радула болады. Өсімдіктермен қоректенетін моллюскаларда (үлкен тоспа ұлуы т. б.) анда-санда тілін сыртқа шығарып өсімдіктердің жұмсақ бетін тістерімен қырып жалағандай жинап жейді. Кейде кейбір өсімдіктердің ауызға түскен бөлшектерін шайнап та жұтады. Жұтқыншақтың өңешке айналар жерінде арнаулы бір жұп қант безі болады. Ауыз қуысына жұп сілекей безі де ашылады. Жұтқыншақ жұқа қабылрғалы өңешке жалғасады, ал кейбіреулерінде жемсауға айналады. Одан кейін ортаңғы ішекке кішірек қарын жалғасады. Қарынды қызметі әртүрлі бауыр қоршап жатыр. Бауырдан шыққан шырындарда асқорыту ферменттері бар, олар қорытылған тамақты сіңіруге жәрдемдеседі және оларда органикалық заттар жиналады. Ортаңғы ішек тартқы аналь тесігіне айналады. Ол бірнеше иірімделіп мантияның жоғарғы жиегіне келіп ашылады. Моллюскалардың тамағының сипаты алуан түрлі: біреулері жануарлармен қоректенсе, екінші біреулері өсімдіктермен қоректенеді, үшіншілері аралас тамақтар болады. Моллюскалардың арасында жануарларды әртүрлі тәсілдермен ұстап жейтін жыртқыштарда бар. Мысалы, барлық басаяқтылар жақсы козғала алатын жыртқыштар (сегізаяқтылар, кальмарлар, каракатицы т. б.). Кальмарлардың тобы балық үйірін қуып жетіп, елеулі шығынға ұшыратқаны да байқалған. Қос жақтаулылар теңізде және басқа топтары планктонды организмдермен (судың беткі қабатында тіршілік ететіндер) қоректенеді. Бауыр-аяқтылардың (натика — Natiса) кейбіреулері жыртқыш олар тұмсығының жәрдемімен ұқсас жануарларды ұстап жейді.
Кебеюі. Былқылдақ денелілердің бәрі жынысты жолмен көбейеді. Дара жынысты және қос жынысты (гермафродитті). Кейбіреулерінде жыныстық диморфизм байқалады. Мысалы, аяқтарының желбезектерінің, денесінің түстері (реңі) әртүрлі болады. Жыныс мүшелерінің кұрылысы әртүрлі. Жыныс мүшелерінің негізгі бөлімі — аналық клетка және сперматозоид пайда болатын без. Ұрықтану көпшілік түрлерінде (жүзім ұлуы, айқұлақ) іште болады, ал карапайым түрлерінде сырттан ұрықтанады.
Дамуы. Теңіздерде тіршілік ететін былқылдақ денелілерде (басаяқтылардан басқада) ұрықтанғаннан кейін эмбрионалдық дамудың нәтижесінде трохофороға уқсас еркімен жүзіп жүретін личинкалар пайда болады. Оларда жүзу үшін дамыған кірпікті шеңбері және ұзын кірпікшелерден құралған айдарлы пластинкалары болады. Личинкаларда аяқтар, бақалшактар, протонефридиялар (зәр шығару жүйелері), бірінші реттегі дене қуысы пайда болады. Личинка ересек жануарларға айналғанда бірінші реттегі дене қуысы екінші дене қуысына айналып, ересек жануарларға қажетті мүшелер (нерв, ет, қан, т. б. мүшелер жүйесі) дамиды. Ал тұщы суларда, құрлықта тіршілік ететіндерде, сол сияқты барлық басаяқты былқылдақ денелілерде тура дамиды (түрленбей дамиды). Мысалы, тіссіз бақа айқұлақтың дамуында ұрық-танғаннан кейін глохидий личинкасы пайда болады. Оның өсуі желбезекте өтеді. Глохидилер анасының желбезегінде көп уақыт болады да сыртқа шығады. Одан әрі дамуы үшін олар балықтардың қанатына жабысады. Біраздан кейін глохидий балықтың денесіне кіріп алып, 1-2 ай ларазиттік тіршілік етеді. Содан кейін жетілген кішкене айқұлақ иесін тастап, судын түбіне, өзінің есею тіршілігіне кіріседі.
Былқылдақ денелілердің маңызы. Теңізде тіршілік ететіндерін (қос жақтаулы және басаяқтылар) тамақ үшін аулайды. Жыл сайын бұл жануарларды көптеп аулап отырады. Кейбір түрлерін жеке су қоймаларында өсіреді. Былқылдақ денелілерді көптеген кәсіптік маңызы бар балықтар, киттәрізділер, ескекаяқтылар т. б. жейді. Бауыраяқты былқылдақ денелілердің адамға тигізетін едәуір зияны да бар. Әсіресе құрлықта тіршілік ететін жүзім ұлуы, кәдімгі шырыштар ауыл шаруашылық дақылдарының бау-бақшалардың зиянкестері. Мысалы, жүзім ұлулары тым көп өсіп кетсе жүзім бұтағынын бүршігін, жапырағын жеп көп зиян келтіреді. Шырыштар өсімдіктердің жапырағын, жемісін, кейде тамырларын жейді. Өте көп тараған зиянкес шырыштың түрі егіс шырышы (Agriolimax agrestis), олар күздікке түседі, бидайдың кегін кұртып жібереді.
Құрлықта және тұщы суларда мекен ететін бауыр аяқтылар адам мен үй малдарының трематодтарынын, цестодтарының аралық иесі болады. Қос жақтаулы былқылдақ денелілердің ішінде ағашты теңіздегі және теңіз жағасындағы - құрылысты тесетін және соның арқасында үлкен зиян келтіретін, ерекше бір моллюска «Кеме құрты» (Тегеdо nabalis). Оның бақалшағы денесін қорғауға емес, ағашты бұрғылап тесуге керек. Қос жақтаулылардың кептегеи түрлері тамақ үшін ауланады (устрица, мидия, ақшаян т.б.). Тұщы сулық меруерттілерді (Margaritana) жиіқұралатын меруерт үшін ауланады. Меруерттің негізгі көзі – нағыз меруерт. Ол онша тереңде болмайды, оны «Меруерт іздеушілер» су астынан сүңгіп жүріп жинайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру