Медицина | Гипертензивті криз

Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын синдром.
Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі.
Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға:
— көңіл-күй күйзелістері;
— ауа-райы өзгерістері;
— тұзбен суды мөлшерден көп қолдану;
Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз, қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек кездеседі.
- гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды кенеттен тоқтату т.б. жатады.
Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша)
I типті — адреналдық және
II типті - норалреналдық;
ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай:
гиперкинетикалық
аукинетикалық және
гипокинетикалық
деген түрлерге бөлінеді.
I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты. Ол гипертония ауруының алғашқы I және ІІ сатыларында кездеседі. Оның ұзақтығы 2 сағаттан көп болмайды және жеңіл түрде етеді.....
Рефераттар
Толық

Медицина | Г.Мендельдің тәжірибелері

Гибридологиялық әдісі алғаш рет австриялық ғалым Г.Мендель тарапынан қолданылды (1865). Ол тәжіребиелерінде өздігінен тозаңданатын асбұршақ өсімдігін қолданды. Мендель бір-бірінен бір, екі және одан да көп белгілер бойынша ажыратылатын таза іріктемелерді (гомозиготаларды) будандастырды. Сөйтіп, ол бірінші, екінші және т.с.с. реттік ұрпақ типтерінің статистикалық арақатынастарын математикалық жолмен зерттеді. Алынған нәтижелер бойынша тұқым қуалаушылық заңдары ашылды.

1) Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы
(Мендельдің бірінші заңы)
Г.Мендель тұқымды сары асбұршақ өсімдігін тұқымы жасыл асбұршақпен будандастырды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді.
Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы - Мендельдің бірінші заңы: таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті бірінші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады.
Бұл бірден фенотипте көрінген белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады.
1) Күлгін гүлден алынған аталықтар
2) Ақ гүл аталықтарынан алынған тозаңдар күлгін гүл аналығына тасымалданады.
3) Тозаңданған гүлден жетілген бұршаққын.
4) Бұршаққыннан шыққан дәндер егілді.
5) 3ерттелінген ұрпақ: барлығы күлгін гүлдер.....
Рефераттар
Толық

Медицина | Вакцина өндірісінде қолдану

Жүкпалы аурулардың алдын алу, эпидемияны болдырмау шараларының ішінде арнаулы вакциналарды қолданудың маңызы зор.
Вакцина - өлген немесс әлсіреген қоздырғыштардан алынған өнім.
Вакцинация нәтижесі оның сапасына және егудің дұрыстығына байланысты. Вакцинаның әсер ету ұзақтығы ауру көзі болып табылатын микроорганизмнің қасиеттеріне байланысты. Мысалға, оба, туляремия, сары. безгек, полиомиелитке қарсы тұрақты иммунитет болады. Тұмаудың вирусына вакцина арқылы тұрақты иммунитет жасау мүмкін емес, дегенмен тұмау вирусы тез өзгергіш келеді.
Вакцина инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылады, мысалға, іріңді инфекция, сарып (бруцеллез), соз (гонорея) және т.б.
ЕГУ, алдын-ала егу, бұл арқылы адамдардың организмінде кейбір инфекциялық ауруларды қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Еккенде организмге вакцина немесе сыворотка жіберіледі. Вакцинаның құрамында тірі (әлсіздендірілген) немесе өлі (жансыздандырылған) ауру қоздырғыштар — бактериялар мен вирустар, яки бактерияның -экстрактылары мен олардың залалсыздандырылған улары (анатоксиндер) болады. Организмге вакцина жібергенде қорғаныс заттары — антитела мен антитоксиндер пайда болады да, соның нәтижесінде организм беігілі бір уақытта вакцинадағы микроорганизмдер тудыратын инфекциялық ауруларды қабылдамайды. Әр вакцинаның дозасы мен оны организмге жіберу әдісі белгіленген.
Кейбір инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны екі немесе үш рет жасайды, мысалы, полиомелит пен көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы арасына 1,5 ай өткізіп, 3 рет егеді. Уақыт өткенде егудің көмегімен организмге ендірілген иммунитет әлсіреуі мүмкін. сондықтан белгілі бір мерзімнен кейін егуді қайталап отырады (ревакцинация). ....
Рефераттар
Толық