Медицина | Вакцина өндірісінде қолдану
Профилактикалық егу шараларының календарына сәйкес
жас баланы егу кестесі.
1980 ж. бекітілген профилактикалық егу шараларының календарына сәйкес баланың өмірінің алғашқы жылында туберкулез бен плиомиелитке, көкжөтел мен дифтерияға және сіреспе ауруларына қарсы вакцина; екінші жылы — паротит пен қызылшаға, сондай-ақ полиомиелитке қарсы; сәби үш жасқа қарағанда көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге және полиомиелитке қарсы ревакцинация жасайды. Бұдан кейін ревакцинация; 6 жастағы балаға дифтерия мен сіреспеге қарсы; 7 жастағы балаға (1-класс) туберкулезге; 7—8 жастағы балаға полиомиелитке, 11 жастағы балаға дифтерия мен сіреспеге қарсы; 11 —12 жастағы балаға (5-класс) туберкулезге; 15—16 жастағы балаға полиомиелитке; 16—17 жастағы балаға туберкулез бен сіреспеге қарсы жүргізіледі.
Туберкулезге қарсы одан кейінгі ревакцинацияны Туберкулез мақаласынан қараңыз. Сондай-ақ арнаулы көрсеткіш бойынша басқа да ауруларға қарсы алдын-ала егу жүргізіледі. Ал дереу уақытша иммунитет жасау қажет болған жағдайда (мысалы, қызылша шыққан адаммен аралас болғанда, адамды ит тістеп жаралағанда немесе инфекциялы жарақат болғанда) организмге құрамында сол инфекцияға қарсы антителолары бар сыворотка немесе гамма-глобулиндер жібереді.
Егуден кейінгі адам ағзасындағы кейбір құбылыстар түрі.
Егу алдында дәрігерлік байқау жасайды. Ал қатты ауырғанда екпейді. Еккеннен кейін бірнеше күн бойы қатты шаршап шалдығудан, қалыптан тыс ыстықтау, немесе суықта жүріп қалудан сақтанған жөн. Мұндай жағдайда әдетте ыстық көтеріледі, бас ауырады, жалпы дімкәстік пайда болады, сондай-ақ вакцина жіберген жер ауырып, қабынады. Әдетте бұл процесс көпке созылмайды (бірнеше сағаттан 1—2 тәулікке дейін) және ол өмірге қауіпті емес. Алдын-ала еккеннен кейін инфекциялық сырқат пайда болған күннің өзінде де ол асқынбай жеңіл өтеді.
ВАКЦИНА (лат. vacca – сиыр, vaccinus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бак-терия, вирус, т.б.) алыныи, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдынала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды. В. тірі, өлтірілген, хим., анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады. Тірі В. — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі В-ны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 ж. француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) В-сы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі В-лар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Өлтірілген В. — микроорганизмдерді физ. (қыздыру арқылы) және хим. жолмен (фенол. ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі В-ға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі. X и м и я л ы қ В. — мпкроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл В-лар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз В-лар. Бұларды алғаш рет (1923 — 26) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады. Ассоциацияланған В. — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын В-лар. Мыс., сиырларды қара-талақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір В-мен егіп тастау өте тиімді. В-ларды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мыс, шешек, туберкулез В-сын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру В-сын тері астына, қызылша мен қарасан В-сын бұлшық етке егеді. В. егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Вакциндік ем /вакцинотерапия/. Вакцинация - бұл адам организмне вакцина егу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы активтік иммунитет жасау әдісі. Бір жұқпалы аурудың /поливалентті/ бірнеше серологиялық варианттары негізінде жасалған вакциндерді қолданады. Гинекологияда вакциндік емді әййел жыныс мүшесінің соз ауруында қолданады, бұл жағдайда поливалентті гоновакцина жасалынады. Гоновакцина гонококтың 8-12 штамынан жасалады. 1 мл-і 500 млн-нан 1 млрд-қа дейінгі микробты денеден тұрады, жамбасқа немесе тері ішіне салынады, сонымен қатар ошаққа да егілуі /мойынша каналының шырышты қабатының асытна/ мүмкін. Гоновакцинаның бастапқы мөлшері 150-200 млн. микробты дене, 1-2 күннен кейін мөлшерін 150-200 млн. микробты денеге өсіріп жасайды. Еккеннен кейінгі қосымша реакциялары жалпылама /есеңгіреу, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ошақты бөліндінің көбеюі/ және жергілікті /еккен жер қызарып, ауырады/ болып бөлінуі мүмкін.
Қарсы көрсетулері: туберкулез, жүрек-тамырлар жүйесінің органикалық зақымдануы, гинотопия, гипертония аурулары, бауыр және бүйректің ауыр түрдегі аурулары, жалпы әлсіреу, қан аздық, аллергия, етеккір.
Арнайы емес иммундық ем. Организмнің арнайы емес реактивтік қасистін өзгертетін, оның жалпы күресу күшін көтеретін заттар қолданылады. Гинекологиялық тәжірибеде продигиозан және пирогенал кең түрде қолданылады. Продигиозан ампуладағы 1 мл 0,005%-тті ерітінді түрінде жамбасқа /бір рет салынатын мөлшері 0,5 мл/. Препаратты салғаннан 2-3 сағаттан кейін дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, буындардың ауруы, жалпы әлсіздіктің байқалуы мүмкін. 2-4 сағттан кейін бұл құбылыстар жоғалады. Емдеу курсы 3-6 иньекциядан тұрады, 4-7 күнде бір рет салынады. Пирогенал натрий хлоридінің изотопиялық ерітіндісінде 100-1000 КПД-ең кіші пирогендік доза/ болатын ампулада шығарылады. Пирогенальды еккенде дене қызуы көтеріледі. Бастапқы мөлшері 25-30 КПД /мөлшерін біртіндеп көтереді/, ең жоғарғы бір рет салатын мөлшері 1000 КПД. Емдеу курсы 1-3 күннен кейін жамбасқа салынатын иньекциядан /10-30 рет/ тұрады.
Пирогенальдың артық салынған мөлшерінде қалтырау, құсу, белдің ауруы байқалады.
Лактотерапия /сүтпен емдеу/. Гинекологияда сүтпен емду майсыз сиыр сүтімен жүргізіледі. Сиыр сүтін 10 мин қайнатады /пробиркіде/, салқындаған сүтті 1 мл мөлшерінде шприцпен алып, оны жамбасқа салады, сүт мөлшерін 10 мл-ге дейін көтереді. Емдеу курсы 5-6 иньекциядан тұрады. Сүтпен емдеу барысында анафилактикалық шоктың болу мүмкіндігін есте сақтау қажет. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Вакцина өндірісінде қолдану туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Вакцина өндірісінде қолдану на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Вакцина өндірісінде қолдану