Медицина | Гипертензивті криз
Гипертониялық криздер
Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын синдром.
Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі.
Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға:
— көңіл-күй күйзелістері;
— ауа-райы өзгерістері;
— тұзбен суды мөлшерден көп қолдану;
Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз, қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек кездеседі.
- гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды кенеттен тоқтату т.б. жатады.
Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша)
I типті — адреналдық және
II типті - норалреналдық;
ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай:
гиперкинетикалық
аукинетикалық және
гипокинетикалық
деген түрлерге бөлінеді.
I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты. Ол гипертония ауруының алғашқы I және ІІ сатыларында кездеседі. Оның ұзақтығы 2 сағаттан көп болмайды және жеңіл түрде етеді.
Криздің басталуы бастың қатты ауруымен, бастың айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас тітіркенгіш, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мзздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады. Кейде криз науқастың кіші немсе үлкен дәретке шығумен аяқталады.
ІІ типті немесе шығумен гипокинетикалық криз қанға норадреналиннің бөлініп шығуына және перифериялық қан тамырлары кедергісінің артуына байланысты. Криздің бұл түрі гипертония ауруының соңғы ІІ-ІІІ сатыларында кездеседі. Ол баяу дамиды, бірақ ауыр өтеді. Оның ми қан айналымның бұзылуына байланысты – цербальды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.
Церебралды түрінде – бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүректің айнуы, көру мен есту қабілетінің өткінші бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.
Кардиалды түрінде – жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.
Құрысу түрінде – науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуларға ұласады.
Емдеу
Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына гипертония ауруының сатысына, криздің түріне, ілескен ауруларына қарай жүргізіледі.
Қазіргі медицина саласында гипотензивтік әсерінің механизміне қарай дәрі-дәрмектердің үлкен арсеналы бар. Олардың ішінде ең қолайлысы «бірінші қатардағы» дәрі-дәрмектер деп аталады. Оларға АПФ ингибиторы (каптоприл, эналаприл), в-адреноблокаторлар (обзидан), кальций антогонистері (гипотиазид) жатады. Бұл дәрілердің ерекшеліктері – ұзақ қолданғанда ағзадағы көмірсу мен липидтік алмасуды бұзбайды, ағзадағы сұйықтықты ұстамайды, «рикошеттік» гипертонияны және ортостатикалық гипотонияны тудырмайды.
Мысалы, кальций антогонисінен в-адреноблокаторларды жеке-жеке, ал АПФ ингибиторын кальций антогонисімен, АПФ ингибиторын диуретикпен, в-адреноблокаторды диуретикпен қосындысын беруге болады.
Гипертониялык криздіі І типінде парентералдық дәрі-дәрмектерден дибазол ерітіндісінің
Гипертониялық криз кезінде науқастың бас жағын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.
Оның қан тамырын кеңейтетін, спазмолитикалық әсері бар. Науқастың қорқыныш сезімін жоғалту мақсатында нейролептиктерді пайдалану керек. Ол үшін 0,25% дроперидол ерітіндісінің 2-4 мл-ін не 5-15 мл седуксенді қан тамырына жібереді. Егер тахикардиасы болса. 20-40 гр анаприлинді ішкізеді. Қан қысымын тез арада түсіру үшін: -0,1% раседил ерітіндісінің 1-2мл-ін бұлшық етке не қан тамырына жібереді. Сондай-ақ 0,01% клофелин (гемитон) ертіндісінің 1 мл қан тамырына егіледі.
Гипертония кризінің ауыр түрінде, яғни коронарлық, церебралдық және бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың қан қысымын өте тез төмен түсіруге болмайды. Оның бастапқы деңгейінің 25% -тейін ғана түсіреді.
Церебралдық түрінде бас миының ісінуін азайту үшін 20-30 мг фуросемидті (лазиксті) қан тамыры арқылы егеді. Ол натрий мен судың ағзада қалмауын қамтамасыз егеді. Сонымен қатар 25% 5-10 мл магний сульфаты ерітіндісін жеке 0,01% 1 мл клофелин мен изотониялық, натрий хлориді ертінділерін қосып қан тамырына жібереді.
Құрысу кезінде 10-50 мг седуксенді глюкоаа ертіндісіне к.осып кян тамыры аркылы жібереді.
Қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастарға 50 мг нарий нитропруссид ерітіндісін 500 мл глюкоза ерітіндісіне қосып қан тамырына (10-20 тамшылық жылдамдықпен) жібереді. Ол артелиялық және орталық қан қысымын төмендетеді. Не 300-600 мг диазоксидті (гиперстатты) пайдаланады.
Өкпенің ісінуімен асқынған гипертоникалық кризде ганглиобло-каторлар мен диуретиктерді қолданған жөн. Мұнда 5% 0,5-1 мл пентанинді не 2,5% 0,5-1 мл бензогексонийді, не 1-2 мл арфонадты изотониямен немесе глюкоза ерітіндісіне қосып қан тамырына жібереді. Диуретиктерді 20-100 мг фуросемидті (лазиксті) де қан тамырына егу керек.
Жедел коронарлық жетіспеушілігі бар гипертониялық кризде ең алдымен, ауырсынуды басқан жөн. Ол үшін нейролептоа-налгезияны (НЛА) қолданады. 0,005% 2 мл фентанил, 0,25% 2-4 мл дроперидол ерітіндісі қан тамырға салынады, нитраттар беріледі.
Гипертониялық криздер (ГК)
Гипертониялық криз - систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарылауы, сонымен қатар нысана ағзалар қанайналымы бұзылысының жіті ауырлауы. Академик А.Л.Мясниковтың айтуы бойынша "криз дегеніміз артериялық гипертонияның квинтэссенциясы", яғни оның "қойыртпағы", осы аурудың аз уақыттың ішінде күрт өрістеуі.
ГК тек артериялық гипертониямен емес, симптомдық гипертониямен сырқаттанатын науқастарда да дами береді. Гипертониялық криздер АҚ 160/95 мм с.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ, көбіне криз кезінде САҚ 190-270, ал ДАҚ 120-160 мм с.б. дейін биіктейді. Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.
Криздің дамуына түрткі болатын себептер:
• психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;
• сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден асыра ішу;
• ауа райының, атмосфералық қысымның өзгерістері, метеосезімталдық; көбіне метеосезімталдық, омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән; ауа райының құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді;
• вертебробазиллярлық, бассеинде қан ағымының жетіспеушілігіне әкелетін бас миының ишемиялық эпизодтары (әсіресе егде жастағыларда); оның бір себебі - түнгі ұйқы кезінде бастың ыңғайсыз жағдайы; осыдан болатын гипертониялық криздер таңертеңгі уақыттарда байқалады;
• инфекциялық ауруларға шалдығу (грипп эпидемиясы кезінде гипертониялық криздер жиіленеді);
• бұрыннан қолданып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті, b- блокаторларды, изобаринді), яғни "кері соғу" феномені пайда болуынан;
• бүйрек қан ағымының рефлекторлық бұзылыстары;
• екіншілік альдостеронизмнің өрістеуі.
Криз дамуының негізгі механизмдері:
• симпатоадренал жүйесінің аса белсенділенуі;
• организмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған іркілісі;
• артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальцийлік механизмнің активациясы;
• ренин-ангиотензин ІІ-альдостерон жүйесінің белсенділенуі.
Гипертониялық криздің клиникалық көріністері:
Жедел энцефалопатияның салдарынан болатын шағымдар: бастың қатты ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, фотопсияның әртүрлі белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, қос көріну, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі. Криздің II түрінде мидың ісінуі басым болады, сондықтан мидың өтпелі ошақты зақымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы; бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығының төмендеуі; қолдың әлсізденуі; кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез, афазия, құрысулар болады.
Жүрек жағынан болатын белгілер: жүрек аймағының ауырсынуы, жүрек қағуы, шалыс соғуы, ентікпенің пайда болуы немесе күшеюі.
Вегетативтік дисфункцияның белгілері: дененің дірілі, қорқыныш сезімі, шөл, тершеңдік, кейде ыстықтау сезімі және криздің соңында кіші деретке жиі отырып, көп мөлшерде ашық түсті зәр шығару. Бұл белгілердің себебі – симпатоадренал жүйесінің шамадан тыс белсенділенуі.
1. Асқынған гипертониялық криз. Егер криз кезінде төменде көрсетілген жағдайдың біреуі немесе бірнешеуі болса, онда криз асқынған болып табылады:
• гипертониялық энцефалопатия;
• сол қарыншаның жедел шамасыздығы;
• аорта аневризмасының жіті ажырауы;
• эклампсия;
• мидың ішіне немесе тор қабаты астына қан құйылуы;
• бас миының жедел инфаркты (инсульт);
• миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардия;
Гипертониялық крзидердің салыстырмалы сипаттамасы.
Криздің ерекшілігі I типті ІІ типті
Басты патогенез-дік ықпалы Адреналин Норадреналин
Пайда болу уақыты АГ-ның ертелеу сатылары АГ-ның кештеу сатылары
Барысы Жеңіл Ауыр
Дамуы Тез Біртіндеп баяу
Гемодинамикалық ерекшеліктері Жүрек шығарымынын басым ұлғаюы Тамырлардың шеттік кедергісінің басым күшеюі
Басым жоғары-лайтын артерия-лық қысым Систолалық Диастолалық
Басты клиника-лық белгілері Бас ауыруы, үрейлі сезім билеуі, жалпы қозу, дененің дірілі, жүрек қағуы; мойынның, кеуде-нің терісінде қызыл дақтарының пайда болуы Бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу, көз көруінің бұзылыстары, яғни ми сауыт-ішілік қысымының биіктеу белгілері
Созылу ұзақтығы Қысқа - бірнеше сағат, өте сирек - бір тәулікке дейін Ұзақ - бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін
Асқынулардың болуы Тән емес Инсульт, ми қанайналымы-ның өтпелі бұзылыстары, миокард инфаркты, стенокар-дия, жүректік астма, өкпенің ісінуі, көз көруінің бұзылысы
• криз кезінде қан құрамында катехоламиндер деңгейінің күрт жоғарылауы.
Осы жағдайларда бас миы немесе ішкі ағзалардан болуы мүмкін қайтымсыз бұзылыстарды алдын алу, керек болса адамның өмірін сақтап қалу мақсатымен АҚ өте тез, 1 сағаттың ішінде, төмендетілуі тиіс. Мұндай науқастар интенсивті терапия немесе реанимация бөлімшелеріне жедел түрде жеткізілуі керек, криздің бұл түрінде гипотензиялық дәрмектерді міндетті түрде вена ішіне салудан бастап, кейін ішуге беретін түріне ауыстырады.
2. Асқынбаған криз. Асқынуы жоқ гипертониялық кризге жатқызылатын жағдайлар:
• 140 мм с.б. жоғары, асқынуы жоқ, диастолалық гипертензия;
• асқынуы жоқ артериялық гипертония;
• операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуы жоқ гипертензия. Бұл кризде АҚ 12-24 сағаттың көлемінде баяу төмендетіледі.
Артериялық гипертонияның емі.
Емнің нәтижесіне қойылатын үш мақсат:
Біріншісі (алғашқы мақсат) - АҚ-ды оптимальді деңгейге төмендетіп, тәулік бойы сол деңгейде ұстау. Оптимальді немесе мақсаттық АҚ жас адамдарға 139/83 мм с.б., егде жастағыларға - 140/90 мм с.б. құрайды. АҚ-ның осы деңгейінде жүрек-тамыр жүйесінен туындайтын асқынулар өте аз кездескен. Диастолалық қысымды 5-7 мм с.б. төмендетудің бір өзі ми инсультін 35-40%-ға, миокард инфарктын 15-20%-ға, жүрек-тамыр асқынуларынан өлімді 21%-ға азайтқан. Асқынулардың ең аз саны ДАҚ 83 мм с.б. деңгейінде болған, ал жас және орта жастағы науқастарда АҚ-ды 130/85 мм артық төмендету бұдан да тиімді.
АҚ-ды біртіндеп баяу төмендеткен маңызды саналады, әсіресе це-реброваскулярлық немесе коронарлық, аурулары бар науқастарда, мәселен, мақсаттық қысымға келтіру үшін, шамамен, 6-12 апта кетеді.
Мақсаттық қысымның деңгейі қауіптілік тобына бағышталуы тиіс. Қауіптілік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым АҚ-ды оптимальді деңгейде қатаң ұстау маңызды.
Екіншкі (аралық мақсат) — нысана ағзалардағы құрылымдық-функциялық өзгерістерге жол бермей, ал болғанда — бұларды кері қайтару (сол қарыншаның гипертрофиясын, тамыр қабырғасы тегіс салалы бұлшықетінің гипертрофиясын, жүрек шамасыздығын жою, холестерин деңгейін төмендету, дене салмағын қалыптыға келтіру т.б.).
Үшіншісі (түпкі мақсат) — нысана ағзалар жағынан асқынулардың дамуына, осының салдарынан болатын өлімге жол бермеу, осылайша науқастың болашақ болжамын жақсарту және емді жүргізе отырып, мүмкіндігінше өмір сапасын кемітпеу.
АҚ-ды дәрменсіз және дермекті ем шараларымен төмендетеді. Дәрмексіз ем шаралары науқастардың барлығына жаппай қолданылуы тиіс.
Дәрменсіз ем шаралары:
1. Ас тұзын (3-4 г дейін), сұйықтықты 1,2-1,5 литрге дейін шектеу. Сау адам тәулігіне 10 г шамасында тұз қолданады. Артериялық гипертониямен сырқаттанғандар тұз дәмін сезетін рецепторлар сезімталдығының төмендеуінен, тағамдарды қосымша тұздауға құмар. Орта есеппен бұлар тәулігіне 25 г тұз тұтынуы мүмкін. Ac тұзын тәулігіне 5-6 г дейін шектеудің бір өзі, бір айдың көлемінде, АҚ-ды едәуір төмендетеді. Негізінде ас тұзын тәулігіне 4-5 г дейін шектеген тиімді. Ac тұзын шектеу гипотензиялық дәрмектердің әсерін арттырады және бұлардың дозасын азайтуға мүмкіндік береді. Тұзды азайтқанда төмендемейтін АГ "тұзға резистентті" гипертония аталады. "Тұзға резистентті" гипертония болғанда ас түзының мөлшерін әрі қарай кеміту қажетсіз саналады.
2. Дене салмағын қалпына келтіру. Салмағы ауыр науқастар артық салмағын жоюға тырысуы қажет. Салмақтың 5 кг жеңілдеуі, АҚ 5 мм с.б. төмендетеді. Дене салмағының азаюы гаперлипидемияны, инсулинге төзімділікті төмендетеді, қантты диабеттің барысына жағымды әсер етеді.
3. Шылым шегуді доғару. Салауатты өмір сүрудің бір өзі жүрек-тамыр ауруларын алдын алудың басты жолы.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Гипертензивті криз туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Гипертензивті криз на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Гипертензивті криз