Піл

Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын

Тақпақтар
Толық

Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

Тақырыбы: Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

«Білім беру жүйесі – Қазақстанның бәсекеге нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» (Н. Ә. Назарбаев)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында және жуырда баспасөзде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында адами капиталды жаңа сапаға көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын дамытуға жаңа серпін береді.

Колледж сабақ жоспары
Толық

Мысал ертегі: Пілдің ісі тышқанға түсіпті

Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір тарттырамын» деп әбден тісін басады. Піл мен тышқан осындай күрең қабақтасып жүргенде арыстан қызын ұзататын болып, пілді тойға шақырыпты. Піл тойға аттанғанда тышқан да ере жүреді. Бойын қызғаныш кернеген піл оған тап-тап беріп қуалайды. Арбаңдап жүрген пілдің абайсыздығында тышқан оның құлаштай ұзын танауына «сып» етіп кіріп, кетеді. Танауға кірген ол тыныш жатсын ба, арлы-берлі жүгіріп оның мазасын әбден алады. «Шық» деп зекиді піл. Тышқан ерегесе түсіп, бұрынғыдан әрмен жыбырлата тырналайды. Ақыры піл:....
Ертегілер
Толық

Тәуелсіз ел – болашақ кепілі!

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Шығармалар
Толық

Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше.
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе,
Барар ем қалқа жанға әлденеше!

Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын......
Өлеңдер
Толық

Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: мәтіннен деректерді анықтайды.
Көптеген оқушылар: сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, жауап береді.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарды талқылап, креативті ойлар айтады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі»
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: көркемдегіш құралдарды сақтай отырып мақала, өлең жазады;
Көптеген оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды;
Кейбір оқушылар: көркемдегіш құралдарды орынды қолданады, сауатты жаза алады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж4. Мәліметтерді жинақтау
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Ақпаратты мақсатқа сай қолданған.
Презентацияда жаңа ақпарат берілген.
Сыныптастарын қызықтыра алды.
Оқушылардың көпшілігі
Ақпаратты құрылымды қолданған.
Презентацияда
таныс ақпарат берілген.
Сыныптастарын қарата алды.
Оқушылардың кейбірі
Ақпаратты ретсіз қолданған.
Презентацияда берілген ақпаратты өңдей алды.
Сыныптастарын қарата алмады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Болжау
7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін таба алды.
Оқушылардың көпшілігі
Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін түзете алды.
Оқушылардың кейбірі
Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қателесу себебін түсіндіре алды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық