Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі (7 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: мәтіннен деректерді анықтайды.
Көптеген оқушылар: сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, жауап береді.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарды талқылап, креативті ойлар айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі ,
- Мына суреттерге қарап, мақалды оқыңыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланыстырыңыз.
Жауабы:
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Оқушылар тақырыпқа қатысты басқа да мақалдар айта алады.
Мұғалім оқу мақсаттарын, бағалау критерийлері мен дескрипторларды оқушылармен бірге анықтап, оқушыларды жұмыс жоспарымен таныстырады.
Мағынаны тану кезеңі
Оқушылар бейнематериалды тыңдап, тыңдаған ақпаратқа қатысты ой қорытады.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс
Бейнематериал мазмұны бойынша ой қорытыңыз.
Бейнефильмнен алынған фактілер (кем дегенде 5 факт) Өзіндік пікіріңіз
Дайындық уақыты: 10 мин
Оқушылардың жауаптары тыңдау: 15 мин
Жорамал жауаптар:
• Еліміздегі әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, саяси тұрақтылық халықтар достығының арқасында.
• Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері жарасымды өмір сүруде.
• Бірнеше ұлт өкілдері Қазақстанда топтасып, мемлекеттік өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
• Бірнеше ұлттың мәдени орталықтары жұмыс істейді.
• Өзге ұлт өкілдеріне салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға мол мүмкіндік берілген.
• Қазақстан халқы Мәңгілік елге апарар дамудың даңғыл жолымен келеді.
• Бірнеше ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
«f» бағалау. Оқушылар өзара бағалайды. Оқушыларға көк қалпақ ұсынылады, ол кезекпен ауысып отырады. Көк қалпақ киген оқушы (жұп) бағалайды.
2-тапсырма. Пікір айтыңыз.
Талқылау сұрақтары:
Еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынас туралы не ойлайсыз?
«Елдіктің бастауы – бірлікте» дегенді қалай түсінесіз?
Неліктен Қазақстанды бірлік пен татулықтың мекені деп атаймыз?
«ПОПС» формуласы бойынша талдау.
П (Менің ойымша,…)
О (Өйткені…)
П (Мысалы, …)
С (Қорытындылай келе, …)
Оқушылардың жауаптары «балмұздақ таяқшаларын таңдау» арқылы тыңдалады. (Оқушылардың аттары жазылған қағаз таяқшалар алдын-ала дайындалады)
Мұғалімнің кері байланысы.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ұлттар достастығы – елдегі тұрақтылық кепілі