Терезеден сығалаған күн нұрының алтын сәулелері бөлме ішіне тінтіне қарайды. Бәлкім ол да аруымның ай дидарлы жүзіне ғашық па екен «ә». Аймаламашы оны, ары кетші десем Алладан ұят боларма? Бір пендесін періштедей жаратып, бәрімізді қызғандырып қойғанын қараңызшы. Тіпті мен адам түгіл ана аймалаған күннен, сүйіп үпкен самалдан, құлаң шәшын жуып өткен жаңбырдан бәр- бәрінен қызғанам, өртенем. О. Тәйірі сірә саған бар әлемнің сұлулығы сыр боп тұнған ба екен, бүкіл өмірім бір қиылып түскен бұрымымның құнындай ғана шығар- ау. Қара көз айым қадалған жанарынан тараған бір ыстық жалын өне бойымды шарпып барады. Санамның азғантай салауатын сұлулықтың, сиқыр сезімнің пірі жеңіп, сайарда зарла қызыл тіл байланып, көп сөздерім көмейге тығылып, көңілде көбіршіп қалып барады. Бір күш булығып тулайды... есімнен танармын. Пай, пай мынау аппақ дүние, сондағы кіршіксіз ұлпа қар болсаң, сені таптар аяқтардың бәрін матап тастар едім, солай да ақ сәуле періштем нәзік, монтаздай жүрегіңе тинамдай ноқат, сызат түсірсем кешірілмес күнәға белшемнен баттым деп өкінер едім. Мөлдір жанарыңнан бір тамшы жас найзадай кірпігіңнен суырылып кетсе, ол маған көп, ол көл болып көрінеді. әттең пенделер арасындағы періште қыз сен мені түсінермысың?! Білем он сегіз мың ғаламды жаратушы раббым, періштелерін нұрдан жаратқан. Олар тамақ ішпейді. Жемейді. Тек Алланың құзырына қызмет етеді. Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: аспанда төрт саусағың сиярдай бостық жоқ, раббісіне сиынған сансыз періштелер бір бөлімі сәждеде жатыр, бір бөлімі қиямда тұр. Олар неше мың, миллион жыл, өтсе де, ұлы жаратушысына зікір етіп тұра бермек» дейді. Ал адамды Алла тағала әуелі топырақтан жаратқан. Біз өткінші мынау дүниеге сынақ етіп жіберілген пенделеріміз, әлсіз құлдарымыз ғой. Демек күллі мадақ, ұлылық бір ж аратушыға ғана тән. Ол жалғыз......
— О, мадам, мүмкін болса сізбенен бір ауыз тілдесуге болар ма екен?
Эднаның мұнысы сандырақ секілді болып көрінуі де мүмкін еді, өйткені ол, Мисс Марплдың қызметшісі-тін. Сосын басқа біреу емес Мисс Марплдың өзімен сөйлесіп тұрған болатын.
Таныс үнді естісімен Мисс Марпл ізінше: «Әрине, Эдна. Ішке кір де есікті жап. Не айтайын деп едің?» —деді.
Айтқанын екі қылмай есікті жауып, Эдна ішке қарай жылжыды. Алжапқышының бір ұшын саусақтарымен бүктеп, бір-екі рет жұтынып қойды.
— Иә, не айтпақшы едің, Эдна?—деді Мисс Марпл жігерлендіре.
— О, мадам, рахым өтінемін. Немере сіңлім Глэдистің жайы еді. Жұмысынан айырылып қалыпты ол.
— Қойшы, рас па? Онысы қиын болған екен. Ол қыз ана Оулд Холлда тұратын Скиннерлердің қызметшісі емес пе еді?
— Иә, мадам, дұрыс айтасыз. Глэдис байғұс абыржып, қатты қамығып жүр.
— Бұдан бұрын да Глэдис жиі орын ауыстырып жүрді ғой, солай емес пе?
— Дәл солай, мадам, орын ауыстырғанға әуес-ақ. Бір жерге тұрақтап істей алмайды. Бірақ бір қызығы, осыған дейін ол өз еркімен кетіп жүрген!
— Ал бұл жолы ше, керісінше ме?— деді Мисс Марпл салқындау сөйлеп.
— Иә, мадам, сосын ғой оның қатты ренжіп отырғаны. .....
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Егер әйел күйеуінің төсегін тастап кетсе, періштелер оған таң атқанша (немесе қайтып келгенше) лағынет айтып тұрады», – деді», деген....
Бану Мурадова Бакуде 12.12.12 датасында туған. Періште кейіпті қыз бірнеше жылдың ішінде өзінің келбетімен бүкіл Әзербайжан елін таң қалдырумен келеді. Бұл туралы Spletnik электронды журналының дерегі негізінде ras.kz хабарлады.