Менің педагогикалық ұстанымым

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Шығармалар
Толық

Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы

Абу Насыр өл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб -Қарашоқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ:
1. Астрономия;
2. Астрология;
3. Математика;
4. Логика;
5. Музыка;
6. Дәрігерлік ғылым;
7. Табиғат ғылымдары;
8. Социология - әлеуметтік ғылым;
9. Лингвистика - тіл ғылымы;
10. Поэзия - риторика;
11. Философия;
12. Педагогика.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған.
Әл — Фарабидің педагогикалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды аламыз:
1. Ғылым туралы: Ғылымда әл — Фарабидің "Бақытқа жету", "Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы жеті тарауға бөледі:
1. Арифметика;
2. Геометрия;
3. Оптика;
4. Астрономия;
5. Музыка;
6. Статика;
7. Механика - әдіс — айла жөніндегі ғылым.
Ол "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика", "Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.....
Рефераттар
Толық

Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы

Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Н.И. Илминскийдің өмірлік жолы және педагогикалық жүйесі

Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21 сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми - зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.....
Рефераттар
Толық

Әдістеме | Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. ....
Рефераттар
Толық

Ы.Алтынсарин А.Құнанбаев М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ыөпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға лапы оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын.
Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қодланып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды.... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.....
Рефераттар
Толық

Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері

Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының , ғылым - білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас, пікірлер оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұлға да айтылып келеді. Өйткені , оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жағдайындағы ғылым деп щек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау , оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі. ....
Рефераттар
Толық

Педагогтардың педагогикалық шеберлік туралы ой-пікірлері

Педагогика ғылымының жүйесі бірқатар педагогиканың саларынан тұрады:
• Педагогика тарихы-тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
• Арнайы педагогика-көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Арнайы педагогиканың салалары:
Сурдопедагогика-саңырау, мылқау,керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Тифлопедагогика-соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейді;
Олигофренопедагогика-ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
• Пәндерді оқыту әдістемесі-оқыту және білім беру теориясына-жалпы дидактикаға сүйенеді.
• Мектеп педагогикасы- кіші, орта және жоғарғы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
• Мектепке дейінгі пелдагогика-үйелмендегі, балалар бақшасындағы , демек, мектеп жасына дейіңгі балалар тәрбиесін зерттейді.
• Жоғарғы мектеп педагогикасы-жоғарғы мектептегі жастағы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
• Кәсіби- техникалық білім беру педагогикасы- педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандардың заңдылықтарын қарастырады.
• Әскери педагогика-әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
• Салыстырмалы педагогика-әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра дамуын знрттейді.
• Этнопедагогика-ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттейді.....
Рефераттар
Толық

Педагогикалық шеберлік білім сапасының негізі

Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген.
ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда.
ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан:
- қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту;
- бірнеше мүмкін шешімі болады;
- шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру;
- қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ;
- ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу;
- ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу.
Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Педагогикалық шеберлік

Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психололық мәдениетті меңгеруі міндетті.
Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі ұстау және карым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені кіреді. Ал адамның өзін-өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моиссев, М.Рубинштейіннің, педагогикалық іс-әрекетттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А. Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.
Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмамбетова, В.Сластенин А.Щербаков, Н.Хмель және басқалар).
Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықтайды. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогака ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман — ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениеті тұлға.....
Рефераттар
Толық