Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы

Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы

Оқу, білім туралы. Ол оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. "Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет" дейді ұлы ұстаз.
Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.
Ол оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеті дейді.
Ал білім беру - ғылым теорияларын іске асыру әрекеті дейді.
Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.
3. Оқыту әдістері туралы. Әл — Фараби оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік деп көрсетеді. Көрнекілік әдісінің мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Ол оқытудың әдіс — тәсілдерін айқындап, оны пайдалануға ұсынған методист — педагог. Үйретуде түсініктілік, лайықтылық тәсілдерін қолдануды уағыздайды. ("Музыканың ұлы кітабы", "Алмагеске түсініктеме" т.б).
4. Тәлім - тәрбие туралы. Тәрбиелеу дегеніміз-халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз. Адамның әуелден тоқымашы... болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
5. Денсаулық туралы: ...Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.
6. Еңбек туралы. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ол шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады.
7. Поэзия және музыка туралы. Әл – Фараби поэзияны "сезімді сиқырлайтын болмыс" деп, оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Поэзияның үйлесімділігі, қисындылығы, еліктіргіштігі тыңдаушының пайымдауымен сәйкес келсе, оның құдіретті қуаты адам санасының арайлы сәулелерін молайта түседі.
Әл - Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Оның философиялық тұжырымдары - бүкіл әлемдік философия ғылымының негіздері.
Әл - Фарабидің әлемге әйгілі ғылыми еңбектерімен қатар оның шығармашылық - поэтикалық еңбектері, тәлім — тәрбие, ұстаз бен шәкірт, оқу мен оқыту туралы пікірлері қазақ халқының ұлттық педагогикасының (тәлімдік, ғылымның) мөлдір бастауы екенін жоғары бағалап, оның тәрбиелік, білімділік қуатын мәңгі пайдаға асыру - ұлағатты ұстаздар мен ізденімпаз шәкірттердің міндеті.
Әл - Фарабидің философиялық шығармаларына тоқталайық.
1. Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы.
Біріншіден, философ ғалымдар мектептерінің атын білу;
Екіншіден, Аристотельдің әрбір кітабының мақсатын білу;
Үшіншіден, философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу;
Төртіншіден, философияның зерттеу мақсатының маңызын білу;
Бесіншіден, философияны ұғынғысы келген кісінің дұрыс жолды таңдап ала білуі;
Алтыншыдан, Аристотельдің әрбір кітабының тіл ерекшеліктерін білу;
Жетіншіден, өзінің кітаптарын Аристотель не себептен тұспалдап жазғанын білу:
Сегізіншіден, философиядан білігі бар адамның қандай күйде болуға тиіс екенін білу;
Тоғызыншыдан, Аристотельдің кітаптарын зерттегісі келетін адамға қажетті нәрселері.

2. Философиялық ағымдардың атаулары туралы
1. Философияның белгілі бір саласы уағыздаушының атымен аталады;
2. Оиың қаласының атымен аталады;
3. Ол — Дәріс берген жердің атымен аталады;
4. Оның тіршілік салты мен аталады;
5. Философтардың ізбасарларының көзқарастары бойынша аталады;
6. Философияны зерттеуді көздейтін мақсатымен аталады;
7. Философиямеи қатар жүргізетін іс әрекеттерінен аталады.

3. Интеллект (пайымдаушы) сөзінің мағынасы жайында:
Интеллект - парасатты адам (ойшыл) парасатшыл, оны құптаушы. Ойшыл жанның қабілеттілігі оның дәлелдеуіне байланысты. Интеллект адамның қасиеттері туралы:
1. Ойы мәнді;
2. Ойы нақты;
3. Біліктілік жүре келе дарыған;
4. Әрекетшіл, әмбебап адам.
4. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактаттар Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Тархан Ибн Узлағ әл Фараби ат Түрки былай дейді:
Қайырымды қала тұғындары мына сөздердің мәнін жақсы білу керек: алла, періште, жұлдыз, жер - ана, сөз, тіл, адам, жан, қоғам, бақыт, надандық, әділдік, көнбістік және осы сөздерге байланысты игі іс - әрекетке қайырымдылар батыл болу қажет.
ІІ. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанындағы педагогикалық ойлар.
XI ғасырдағы Түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері — Жүсіп Баласағұни XI ғасырдың басында (шамамен 1015 — 1020 жж) Баласағұн қаласында дүниеге келген.
Ол табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб — парсы тіл білімі, т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама - ғалым.
Жүсіп Баласағұнның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбектерінен бізге жеткені "Құтадғу біліг". ("Құтты білік") дастаны. Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлеңнен) тұрады.
Бүл дастан — мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет - ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады.
"Құтты білік" дастанында (ол 85 тараудан - тұрады), негізінен, төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады.
Біріншіден, әрбір елді, яғни мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің қара қылды қақ жаратындай әділ заңы болуы керек. Әділ заңды іске асыратын, мемлекеттің әділетті басшысы болуы керек. Ақын әділетті басқарушының бейнесінде күнтуды патшаны дастанда мадақтай жырлайды.
Екіншіден, елге құт, ерге бақ - дәулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек, білімдіні құрметтеп, тірлік еткенмен бірлік құрып, іс істеген адам ретін тауып басшыға, үлкенге, елге қымсынбай қызмет ете білген адам — бақытқа жетеді дейді ақын. Бақ - дәулетке жетудің үлгі -өнегесі дастанда Айтолды бейнесі арқылы беріледі.
Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл -парасатымен бағаланады, ақылды адам әрқашанда ардақты, сыйлы, білімге құштар деп, ақын ақыл — парасаттың қоғамдық мәнін уәзірдің баласы Уәғділміш бейнесінде көрсетеді.
Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат — нысап болу керек дейді ақын. Дүниеге тоймайтын, қанағатсыз адам елді басқара алмайды, ал жай адамдар бақытты, байыпты, өмір сүре алмайды. Қанағатшылдықтың өзі — ақылдылық деп түйеді ақын. Дастанда уәзірдің туысы Огдурлиш дәруіш арқылы ақын, әрі ақылды, әрі іскер, әрі білімді адамның дүние қуып, мансап іздеуден аулақ қашып, өмірінің соңында дәруіш болып кеткенін суреттейді.
Автор әңгімені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын адам — ақыл парасаты ұшан теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Бұл ретте Жүсіп Баласағұн әлемнің екінші ұстазы әл - Фараби бабамыздың "Қайырлы қала" деген еңбегіндегі ел басқарушының, яғни әкімнің қандай болуы керек екендігі туралы қисынды тұжырымдарын жалғастырып, дамыта түседі.
Ақынның бәйіттері (4 - 6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары) көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған.
Ақынның әрбір бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсатгарда орындалады:
1. Өскен елді, туған жерді ардақтау:
Өскен ұрпақ туған елдің бойыңда,
Өледі тек туған елдің қойнында.
(883 - бәйіт)
2. Әділеттілік туралы:
Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда - мінез, ұят пен әділетте.
(1630 — бәйіт)
3. Сараңдық туралы:
Дүние — мүлік жинадың кенелдің бе?
Оны ешкімге қимадың жемедің де.
Тартып оның азабын өкіндің де.
Дүниеден ажалың білесің бе?
(1645 - 1646 - бөйіт)
4. Еңбек туралы:
Көз берді, алла зат көріп құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
(3599-3600-бәйіт)
5. Ата — ананы құрметтеу туралы:
Ата — ананың қабылдап қасиетін,
Ардақтай біл атқарып өсиетін.
(1486 – бәйіт)
6. Ғылым мен білім туралы:
Жастай түссең пәк ғылымның жолына,
Өмір бойы бақыт сенің қолыңда.
(1593 - бәйіт)
7. Ақылды дос туралы:
Ақылдыға қосылсаң, бақытты боп өтесің,
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің.
(4497 - бәйіт)
8. Меймандостықтың, кеңпейілділікке тәрбиелеу:
Туыс, досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды,
Олар сені құрметтеп, сыйлап өтер басыңды. (4649 - бөйіт)
9. Менмендік туралы:
Менменшілдік — есуас надандығың,
Ит өліммен байқалмас адамдығың.
(3480 - бәйіт)
10. Дүниеқорлық туралы:
Тар пейіл боп, дүние қуса кімде — кім,
Тауқыметін тартар оның күнбе күн.
(3495 - бөйіт)
Қазақ халқының әріден бастау алатын ұлттық педагогикасынан өз орнын алатын Жүсіп Баласағұн бабамыздың тәлім — тәрбиелік ойлары, өсиет өнегелері өз құндылығымен ұрпақтан -ұрпаққа тәлімдік қуатымен жалғасын тауып келеді.
ІІІ. Қ.А Иассауидың "Диуани Хикмет" даналық кітабындағы тәрбиелік ой — пікірлер.
Орта ғасырдағы түркі тілдес халықтардың данышпан ақыны, сопылық әдепті үйретуші ғұлама, есімі Ислам әлеміне белгілі болған әулие құл Қожа Ахмет Иассауи бабамыз Испиджаб (Сайрам) қаласында 1093 жылы туып Яссы (Түркістан) қаласында 1166 жылы қайтыс болған.
Әулие ғұлама Сайрам қаласында туғанымен, ержете келе Түркістан қаласында Бұхарада оқып, сол кездегі атақты шайықтар: Арыстанбаб және Жүсіп Хамаданилерден тәлім - тәрбие алған. Түркістанда сопылық - тақуалық бағытты берік ұстанып, ұстаздық еткен. Ғұлама ақын кезінде (Жахрия) (берілгендік) немесе "Яссауия" деп аталып кеткен сопылық - мистикалық ағымның негізін қалады.
Түркі тілдес халықтардың, соның ішінде, әсіресе қазақ халқының ұлттық педагогикасында үлкен орын алған "Диуани Хикмет", "Даналық кітабы" деп аталатын қасиетті кітап - ұстаз ақынның болжам бойынша есептелінген 4400 өсиетінің негізгі бөлімі. Мұнда берілген 149 өсиеті аса қымбат тәлім — тәрбиелік тұжырымдар дейміз. "Даналық кітабында" негізінен төрт ғақлия мадақталады:
1. "Шариғат" - ислам заңдары мен әдет -ғұрыптарыиың негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау.
Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, ақын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2. "Тариқат" - сопылық ой — мақсаттарды насихат - өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеи, тақуалыққа үйрету:
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылғын шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөзді айттым, міне, - дейді ақын. Бұдан, оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақ жайлылыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалтқысыз айтады.
3. "Мағрифат" — дін жолын танып, оқып - білу, яғни алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу — адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар сол пендеге пәруәрдігер, - деп, ақын ғаріп, пақыр, жетім — жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасар, алла тағала (пәруәрдігер) саған риза болып, ісіңді ондайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз ақын оқырманға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізуі, алланың ақ жолы — адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4. "Хақиқат" - құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы құдіретті (алланы) танып - біліп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену -әрбір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылықка тәрбиелеу.
"Иман нұры", "Хақиқат дариясы", "Ақиреттің азығы" арқылы адамның күнәдан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын өлең қуатымен іске асыру:
Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты, - дейді ақын.
Шыншыл, қамқоршы, мейірбан ақын ел өміріндегі хақиқатты (шындық пен әділеттілікті) іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттың қырсығын көріп, мұзданады, көңілі сынады, көзіне жас алады. Сейтін, ұрпағын "хақиқат дариясынан сусындауға", әділетсіздермен күресе білуге шақырады, әділдікке, кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді. Даналық өсиеттері арқылы ақын жалған ғалымдар мен жағымпаздарды, екіжүзділерді қатты сынайды:
Білгірі заман ақыр ғалым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды.
Сойқанды елге ашық айта алмаудан,
Ішіме менің дертті жалын толды, - деп, ақын білгіштер білімін адамгершілік жолына жұмсамайтын залым болса, халықтың қаһарына ұшырайтынын, ал "жағымпаз, жан алған" болса, оның ғалымдылығының пайдасыз екенін әшкерелейді.
Ақылшы ғұлама ұстаз ақын, әмбиеге аян әулие бабаларымыздың өсиеттері өскелең өмірімізге өнеге, өсер өрендерімізге — тәлім, тәлім — тәрбие ісімізге — нұсқа....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру