Биылғы оқу жылы қалай басталады?

Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.
Жаңалықтар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы

К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен , салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін, ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің «Интеллигент –это человек который несет свет»-деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқыту

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестігі : Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи - мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-білім және білімді ұрпақ. Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде білім мен тәлім – тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуына қазіргі кезеңнің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан – жақты желілдіру қажет болып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі

Диплом жұмысымның тақырыбы: Мектеп оқушыларына дене
мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зертеу жұмысының көкейкестілігіне Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер қазіргі ұрпақ, патроттық тәрбие бергені үшін ата- бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек. Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезхінде анық байқалып отырады. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына, оныңөһркендеп жетілуіне ұлттық салт- дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға қарайды. Бұны олардың іс - әрекеттерінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолғам түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіне мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба? ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру


Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.
Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.
Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса ....
Дипломдық жұмыстар
Толық