Биылғы оқу жылы қалай басталады?


Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.

Биылғы оқу жылында республика бойынша 396 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барса, Қазақстан мектептерінде жалпы саны 3,3 миллионнан аса оқушы білім алмақ. Осы статистиканың 4 пайызын құрайтын бала саны аз шалғай ауылдардағы мектептерден басқа білім ошақтарында қашықтықтан оқыту форматы сақталады. Айта кетерлігі, балалар Білім күнін де байланыс құралдары арқылы тамашалап, алғашқы қоңырауға тек онлайн түрде қатысады. Сондай-ақ аптасына үш күн бастауыш сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар ашылады.

Дәстүрлі форматта оқитындар қандай ережелерді сақтау керек?

Шалғай ауылдарда 1 934 шағын мектеп бар. Бұл мектептерде барлығы 127 мың оқушы білім алады. Олардың қауіпсіздігі үшін төмендегі талаптар сақталуы керек:

  • әрбір мұғалім мен оқушының медициналық маска тағуы;
  • мұғалімдер мен оқушылардың мектепке келгенде дене қызуын өлшеуі;
  • екі сабақ сайын сыныптар мен дәліздерде ылғалды тазарту жұмыстардың жүргізілуі;
  • үзілістің барлық сыныптарға бірдей уақытта емес, әртүрлі уақытта берілуі;
  • аяқ киімді зарарсыздандыру кілемшелерінің төселіп, санитайзерлердің орнатылуы;
  • мектеп асханалары жұмысының уақытша тоқтауы;
  • ата-аналардың мектеп ішіне кіргізілмеуі.

Кезекші сыныптар қалай оқытылады?

Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтан оқыту барысында орын алған қиындықтарды ескеріп, ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар ашылады. Кезекші сыныптар төмендегі ережелер шеңберінде оқытылатын болады:

  • созылмалы ауруы бар балаларды қабылдамау;
  • бір сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспау;
  • бір сабақтың 40 минут болуы;
  • кезекші сыныптарда негізгі пәндердің ғана оқытылуы;
  • сабақтардың дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ғана болуы.


Сондай-ақ Білім министрлігі оқушылардың демалысы пандемияға байланысты өзгермейтінін мәлімдеді.

Биылғы оқу жылы қалай басталады?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру