Бердібек Соқпақбаев | Ұлтан оқиғасы


Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.

Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.

Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:

— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.

— Галстук сатып әкепті.

— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?

— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.

Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.

Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..

Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті.

.....
Әңгімелер
Толық

Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық

Тарих | Желтоқсан оқиғасы

"Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы.
Желтоқсан оқиғасының "дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды......
Рефераттар
Толық

Танысқан түні қызбен аунаған ағай

Ақсу ауылында Қасболат деген ағай бар, өзі зейнеткер. Ешбір жанға зияны жоқ, момын адам. Ешқашан дауысын көтеріп сөйлемейтін кісі. Әйелі Мағрипадан бір мүшелдей үлкендігі бар.
Жиен болған соң бірде:
- Қасеке, осы сіздің жеңгеймен танысқаныңызды құрдастарыңыз қызық қып айтуда. Сол жайлы өз аузыңыздан естісем деп едім? - деп қолқаладым.
- Жиен-жан, білгің келсе айтайын. Менің де басымнан өткен оқиға біреуге.....
Жаңалықтар
Толық

Алматылық жүргізуші полицейге шабуыл жасап, таныстарымен қорқытқан

Алматыда Toyota Camry көлігінің ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушісі полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Ол жолда жүру ережесін бұзғанымен қоймай, полицей талабына құлақ аспастан оқиға орнынан жасырынбақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Оның есімі Нәзік

Оның есімі Нәзік.Мен онымен агентте танысқам. Сөйлесіп жүріп қалай екенін өзім де білмеймін, унатып қалдым.мен оны көрмесемде ұнатқаннан кейін бағымды көрейін деп сөз салдым. Әрине, бірден келісе қоймады. Сонда да мен оны көндірдім. Бірақ ол басқа қалада тұратын еді. Ол әлі 10 - сынып оқушысы, ал мен колледжді бітіргелі тұрған студент едім. Бұл оқиға 2011-жылдың қазан айынан басталған еді. Екеуміз сөйле сіп жүрдік,мен оған қатты.......
Махаббат хикаялары
Толық

Аурухана жанында алты күн жатып иесін күткен ит жұртты тәнті етті (фото)

Испанияда осы елде бұрын болған Хатико атты итті еске түсіретін оқиға орын алды. Аита-ину тұқымдас Майя есімді ит өзінің 22 жасар иесі Сандра Иньеста ауырып жатып қалғанында оны аурухана жанында алты күн тапжылмай күткен. Бұл туралы Life ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Жаңалықтар
Толық