Танысқан түні қызбен аунаған ағай
Ақсу ауылында Қасболат деген ағай бар, өзі зейнеткер. Ешбір жанға зияны жоқ, момын адам. Ешқашан дауысын көтеріп сөйлемейтін кісі. Әйелі Мағрипадан бір мүшелдей үлкендігі бар.
Жиен болған соң бірде:
- Қасеке, осы сіздің жеңгеймен танысқаныңызды құрдастарыңыз қызық қып айтуда. Сол жайлы өз аузыңыздан естісем деп едім? - деп қолқаладым.
- Жиен-жан, білгің келсе айтайын. Менің де басымнан өткен оқиға біреуге қызық көрінетін шығар, -деп, насыбайын атып жіберіп, әңгімесін бастап кетті.
"Әскерден келгеніме оншақты жыл өткен кез. Ауылда трактір айдаймын.
Ата-анам: "Қолымызды ұзартып, келін түсірсейші?" - деп, күнде құлағымның құртын жейді. Оның үстіне құрдастар да мазалап қояр емес. Өзі ұялшақ адамға, әсіресе, қызбен сөйлесу дегенің қиынның-қиыны екен.
Бірде, бір туысымның үйіне шөп түсіріп бердім. Ол кезде туыстың ғана емес, дос-жаран, көрші-қолаң, тіптен танымайтын адамдардың да шаруасын ешқандай ақысыз, тегін істеп бересің. Тек алғыс-батасы мен асын, қойып жатса бір жартысын ішіп кетесің, тек өтініш айтса болды, орындайсың. Орындамасаң, ұят!
Шөпті түсіріп болып, тележкімді қайта жалғап, енді кеткелі тұр едім, өсекші-жеңгей үйге кіріп шай ішуімді өтінді. Жеңгейді ренжітіп алмайын деп ішке кірдім. Сөйтсем, осы үйдегі мектепті биыл бітірген қарындасымыз техникумға оқуға түскен екен. Ол кезде техникумға түсу деген - үлкен мәртебе. Ал институтқа түсу рәббайда ғана болатын жаңалық еді.
Сол қыз кішігірім той жасап, жастар "вешірі" болып жатыр екен. Үлкен залда пластинкамен әйгілі "Абба" мен "Хаддуба" деген музыка ойнап тұр. Жастар дастарханға енді отырғалы тұр екен.
Өсекші-жеңшем трактір киіміммен мені төрге шығартты. Ұяттан жерге кіріп кете жаздап отырмын. Қыздардың бәрі тап-таза киініп, бастарын пигудимен бұйралатып, үстеріне хош иісті әтір сепкен. Жігіттер де ақ көйлек, қара шалбар киген. Менің қолым май-май. Ұялғаннан ештеңе жей алмай, қолымды дастархан астына тығып отырдым. Бір кезде осы ауылдағы інішектердің бірі:
- Аға, тілек айтыңыз, - деп, "ахаңнан" құйды да, қырлы ыстыханды алдыма қойды.
Қайбір тілек айта біледі дейсің,
- Қарындасым, оқуда озат бол?! - деп тартып жібердім.
Сәлден сол тағы құйылды. Әп-әдемі қызып алған соң, алдымдағы астан ала бастадым.
Байқаймын, дастарханның сол жақ жиегінде топ-томпақ, көзі доп-домалақ бір қыз маған көз қырын салып отыр екен. Ішке "ахаң" кірген соң, батылданып әлгі қызбен сөйлесейін десем, арамызда бес-алты қыз-жігіт отыр. Бір ыңғайын тауып:
- Қарындас, атың кім? - дедім төрде отырып.
Анадай жерде отқан қыз дауысымды бірден естіді де:
-Мағрипа! - деді.
Одан кейін сөйлескеміз жоқ.
Жастар дастарханнан тұрған соң, билейміз дегенде, үйге барып киініп келгім келді.
Үйге келе сала анамның легенге толтырып қойған кірін түн ортасында сабындап тұрып жуа бастадым. Қолымның майы кетті-ау дегенде киініп алдым да, өсекші-жеңгейдің үйіне тартып отырдым.
Келсем "вешір" тарқай бастапты. Сырттағы жігіттер бір жарты "Пшендікті" ("Пщеничный" арағы) жұқалап отыр екен. Орталарына алып, бір ыстахан құйды. Тартып жібердім де:
- Мағрипа деген қыз қай жақтікі, руы не? - дедім інішектерден.
- Жалағаштікі, руы - Мөңке.
- Ол кімнің үйіне келген қыз?
- Осы үйге.
- Маған сол қызды шығарып беріңдерші. Трактірші ағай келді десеңдер, өзі шығады, - дедім.
Мағрипа көп күттірген жоқ. Үстіне ұзын етекті, белбеуі бар әдемі көйлек кисе, аяғында каблук аяқкиім. Мен басыма ақ қалпақ, аяғыма платформа туфли мен калакала шалбарымды киіп, қолыма костюмімді іліп шықтым.
- Мағрипа, серуендеп қайтайық? - дедім қыз шығысымен.
- Ағай, Ақсуда қайда серуендемекпіз? - деді қыз.
Ол кезде ауылдағы клуб әлі салынбаған кез. Жалғыз магазиніміз сағат алтыда жауып кетеді. Басқа барар жер жоқ.
- Әйтекке кеттік! - дедім.
Сөйтсем, ол қыз Әйтек каналын бір қызық нәрсе шығар деп, соңымнан ере кеткен екен.
Ол кезде Әйтекте көпір жоқ, арғы бетке пароммен өтесің. Сол маңға әкелдім де, Әйтек каналының бойында, суға түскен ай сәулесіне қарап үнсіз отыра бердік. Үстімдегі костюмді иығына жаптым. Құшақтауға бата алар емеспін. Арамызға тағы бір адам сиып кететіндей аралықта отырмыз.
Жігіт-қыз болып еріндерінен сүйіп алайын десем, өмірі сүйісіп көрмеген басым қалай сүйісу керектігін де білмеймін. Ол да білмейді екен. Не істерімізді білмей отыра бердік. Маса жаудай. Алақанымызбен қағып-қағып, отыра береміз. Әй, сол түні Әйтек жағасындағы екі-үш мың масаны екеулеп өлтірген шығармыз!" - деген Қасекең бір күлдіріп алды да, әңгімесін одан әрмен жалғай түсті: "Темекіні қайта-қайта тартам. Онсыз да әңгіме айта алмайтын адам қыздың қасында отырған кезде тілі мүлдем байланып қалады екен. Ішімдегі бәле бойымды қыздырып барады, бірақ шыдап отырмын. Бірдеңе десем, қызды үркітім алам ба деп қорқамын. Өйстіп, бір сағаттан астам уақыттай отырдық.
Бір кезде қашан көргенімді қайдам, бір кинода екі ғашық төбеден ылдиға қарай құшақтаса аунағаны есіме түсе кетті де:
- Мағрипа, аунайықшы, - дедім күйіп тұрған алақанын қолыммен шап беріп.
- Қалай аунаймыз? Аунағаны несі? - деді қыз.
- Кел, көрсетейін, - деп қызды құшақтап алдым да, төмен қарай қосақтаса жатып алып, аунай кеттік. Жиекке түскен соң, қолұстаса қайта көтерілеміз. Төбеге шығамыз да, төмен қарай қайта аунаймыз. Өйстіп, үстіміз әбден былғанғанша аунадық. Шамамен, оншақты рет аунадық-ау. Сосын үйге қарай қайттық."
- Нағашеке, сүйіскен жоқсыздар ма?
- Жоқ. Тек аунадық.
- Қызық екен, - деп күліп жібердім.
- Бала дейтіндей бала емеспін, отыздан асқан кезім. Қайдан білейін, өмірі қызға барып көрмеген басым, не істерімді білмей жасаған әрекетімнің түрі ғой. Егер ішімдегі "ахаң" мен әлгі кино есіме түспегенде, аунауды да білмеймін ғой мен сорлы," - деп жастық шағындағысын еш қоспасыз оқиғасын айтып берді Қасекең.
- Содан кейін ол қызбен кездесіп тұрдыңыз ба?
- Жоқ.
- Енді қалай үйлендіңіз?
- Өсекші жеңшемнің үйне жақындап қалғанда: "Маған әйел боласың ба?" - деп едім: "боламын" - деді. "Олай болса, ертең үйіңе кетпе. Мен сені осы үйден үйіме алып барайын. Әке-шешемнің шымылдығы дайын," - дедім.
- Қыз не деді?
"Иә" - деді.
- Осылай үйлендіңіздер ме?
- Иә.
- Керемет!
- Жұрт сияқты шалтай-балтай болмай-ақ, бірден үйленіп алдық.
Әркімнің басындағы тағдыр бір-бір кітап дегені рас-ау. Былайынша қарасаң, ешқандай да романтика жоқ сияқты болғанымен, өзінше таңсық қызық оқиға.
Қазір Қасекең қыз-ұлдарынан немерелерінің ортасында шөбереден дәметіп отқан жайы бар.
Егер аунамағанда бұлай болар ме еді?

Марат Шөмекей
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дедім, деген, қызық, Мағрипа, қайта, қарай, үйіне, Менің, киініп, десем, Қасекең, аунадық, түскен, өткен, кетті, оқиға, болып, отыра, жібердім