file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешені өртенді

Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешені өртенді

"Лазурный квартал" тұрғын үй кешені ғимаратының қаптауы тұтанған.

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Астанада сол жағалауда орналасқан "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінен сейсенбі 2 мамыр күні өрт шықты.

Куәгерлер үйден шығып жатқан қою түтінді суретке түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған.

Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарайшық, 5Г көшесінде орналасқан үйдің балконы жанып жатқаны туралы 13.17-де белгілі болған. Өрт сөндірушілер төрт минутта оқиға орнына жетіп, 1 мен 2 қабат аралығында орналасқан ауданы 40 шаршы метр жылытқыштың өртенгенін анықтапты.

Өрт 13.41-де сөндірілді. Өртті сөндіруге 24 адам мен 5 көлік жұмылдырылды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру