Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысана тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. ....
Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы — экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады. Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.....
Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады. Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді. ....
Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары. Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі. Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады. Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады. Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады. Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы. ....
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды. Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.....
Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек. Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді. Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған. Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады. Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз. Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады. Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.....
Дені сау адамның қалыпты дене температурасы тақ-ертеңгілж және кешкілік сәл ғана езгеріп отырады және 37°С артпайтын тұрақты болады. Температураның мұн-дай тұрақтылығы организмдегі жылу белу және жылу беру процесіне байланысты болады. Балалардың темпе-ратурасы сәл жоғары, ал қария адамдардың температу-расы сәл төмендеу болады. Дене температурасының тәу-ліктік езгеруі организмдегі тәулік бойында болатын қышқылдық процестермен байланысты, сондықтан таң-ертең температура градустың бірнеше ондық бөлігіне жоғары, кешке төмен болады. Тік ішек пен қынапта тем-пература, қолтық пен шаптың тұсындағы тері темпера-турасынан 1°С жоғары болады.
ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ МЕН ОНЫ БАҚЫЛАУ Дененің температурасын өлшеу мен оны бақылау — мейіркештің күнделікті әрі маңызды міндеті. Дене тем-пературасын дәрігерлік термометрмен елшейді. Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған Фаренгейт еді. Еліміз Цельский термометрін қолданып жүр, ол капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Температураны елшегенде көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Термометрді жерге түсіріп немесе жа-қын тұрған затқа ұрып алмас үшін оны еппен сілку ке-рек. Дәрігерлік термометрді түбіне бір қабат мақта салып, дизенфекцияланатын ерітінді, мысалы 0,5% хлорамин ерітіндісін құйған банкіге немесе стақанға салып сақтау қажет. Температураны өлшеу алдында термометрді мұхият сүртіп, 35°С дейінгі белгіден темендегенше сілкіп, содан кейін сырқатқа береді. Қолтық астын алдын ала құрғақ сүлгімен сүрту қажет, себебі дымқылдық сынапты суы-тады да, термометр неғұрлым төмен температураны көрсетеді. Қолтық астына термометрді барлық өлшеу уақыты барысында оның сынаптық резервуары барлық жағынан денеге тиіп тұратындай етіп қою керек. Термо-метр мен дене арасына іш киім қалмауы тиіс. Әлсіз сыр-қаттың қолын мейіркеш сүйеп түрады. Өлшеу ұзақтығы кем дегенде 10 минут. Өте жүдеген және ауыр науқастар температурасы тік ішек арқылы өлшенеді. Дәреті жүрмеген немесе іші өт-кен кездерде, тік ішек аурулы болса, мүндай әдіспен өл-шеуге болмайды. Тік ішекке термометр салмастан бүрын вазелинмен немесе кез келген маймен оны майлап, содан кейін сырқатты қырынан жатқызып, термометрді жар-тысына дейін кіргізу керек. Қос қүйымшақ бірінің үстіне бірі тығыз жатуы тиіс. Тік ішек арқылы өлшеген сайын термометрді жылы сумен мұқият жуып, спиртке немесе қолда бар дизенфекциялайтын ерітіндінің біреуіне салып залалсыздау керек. Балалардың температурасын шап қыртысынан өл-шейді. Ол үшін баланың аяғын ұршық буынынан термо-метр тері қыртысында болатын етіп біршама бүгеді.....
Қозғалыс, әрекет, іс-әркет. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әркет арқылы адамның рухани өмір байлығы; ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекет үтінде сана қалыптасады. Сана әс-ірекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әркеттен көрінеді де. Мұғалім оқушының жауап беруі мен тапсырманы орындауынан қарай оның білім дәрежесі жөнінен пікір түйеді. Оқушының оқуын талдай отырып, мұғалім оның қабілеті, ойлау ерекшелігі мен есте сақтауы жөнінде қорытынды жасайды. Іс-әрекеттік категория. Жануарлар үшін қоршаған ортаның талабына организмнің биологиялық тұрғыдан икемделуін көрсететін өмір кешу ғана тән. Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінле өеді: мейлі ол жазу жазғандағы станокта еңбек операциясын орындаған кездегі қолдың бұлшық еттерінің қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген сөйлеу аппараттарының қимылы мабәрібір. Іс -әрекеттің негізгі сипаттамасы болып—оның мағыналығы саналады. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді. Іс-әрекет-тарихи қоғамдық дәреже. Кез келген іс-әрекет қоғам әрекетімен үздіксіз байланыста, кез келген жеке адам-басқа адамдармен байланыста болады. Жекелеген іс-әрекет қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс бола алмайды, жекелеген іс-әрекет қоғамдық әрекеттің құрамды бөлшегі ғана болғандықтан, оны талдауды осы іс-әрекеттің қоғамдық өмір жүйесіндегі қызметін зерттеуден бастау керек. Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі қызықтырады? Оның сараптамасының объектісі болып-іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі жеке адам санаады. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар көзқарастар қалыптасады және тағы басқа. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мативтер болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатын нәрселерді немесе мадельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды. Қысқаша айтқанда, психологичлвқ деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әркетте білінеді, дамиды қалыптасады.....
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ». Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды. ....