География | Жер қойнауы және оның байлықтары

География | Жер  қойнауы  және  оның   байлықтары

Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі.
Сонымен жер қойнауы деп оның сыртқы қабатын, мантияны және ядроны қосып айту дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылыми әдебиеттерде жер қойнауы деген түсініктеме тек жер қыртысын (литосфераны) жатқызу кең тарап, үйреншікті бола бастады.
Жер шарының көлемі үлкен, радиусы 6370 км-ге жетеді. Ал адамдардың осы күні пайдаланып жүрген тереңдігі 10 км-ге де жетпейді.
Жер қойнауындағы пайдалы кендер 3 топқа белінеді:
жанатын пайдалы кендер-көмір, шым тезек, мүұнай, газ,
жанғыш тақта тас т.б.
металдық пайдалы кендер- темір, қалайы, қорғасын,
мырыш, т.б. басқа метал алатын рудалар;
- Бейруда пайдалы қазындылар - тау мен химия шикі зат-тары (гипс, минералды түздар, күкірт, аппатит т.б.), отқа төзімді материалдар (талық, кватцит, отқа төзімді саз).
Адамдар ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып, керегіне жаратып келеді. Пайдалы кендер қазу мөлшері жыл сайын осіп, қазір 125 миллиард тоннаға жетті немесе бір адамға есептегенде 25 тоннадан келеді. Алғашын-да жер қойнауынан тек 4 металл: алтын, күміс, темір және мыс алынатын болса, осы күндері 200-ден астам шикізат пен отын түрлері қазылады.
Жер қойнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұрғылау скважиндері жеткен тереңдік 5 км - ден аспайды. Коль түбегінде (Ресей) өте терең скважина 12 км-ге жетіп, енді 15 км-ге дейін бүрғылау көзделіп отыр. Батыс Қазақстан облысында бір мұнай бұрғылау скважинасы 8 км. тереңдікке жетті.
Жер қойнауын жан-жақты зерттеу және тереңірек «қарау» үшін кең көлемде сейсмикалық, геофизикалық т.б. геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Жерасты байлықтарын ашуға ғарыштық аппараттардың да пайдасы көп. Дәстүрлі зерттеулер жүргізгенде әуелі жер қойнауының жарылған, сынған, арасы ашылған жерлерінің геологиялық сипатын суретке түсіріп, мыңдаған км. жол жүріп бірнеше жерді бақылап, көп кісінің жинаған мәліметтерін тек-серіп, талдау жасап, қорытынды шығарады. Бұл өте ұзаққа созылып және қымбатқа түседі. Ал ғарыштан түсірілген суреттер пайдалы кен көздерін тез және аз шығынмен табуға көмектеседі. «Салют» кемелері Каспийдің шығыс жағалауынан газ бен мұнайдың жаңадан 66 көзін тауып олардың 10 өте тереңде екенін көрсетті.
Ғарыштан түсірілген суреттер арқылы жер қыртысының жас қабаттары астында тұзды күмбездерді (купола) көруге болады. Олар мұнай мен газ жиналатын жерлер. Жер қыртысының жарылған, бір - бірінен алыстаған тұстары да көрінеді. Бұл да мұнай мен газ барына дәлел болады. Осындай зерттеулер Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан жерлерінде жүргізілді...
Ғарыштық зерттеулер Антарктидада мұзы мен Сахара құрамы астында үлкен жанар таулар барын, жер сілкіну ондағы жарықтар мен алшақтықтарға байланысты болатыны белгілі болды. 1980 жылы Газли (Өзбекстан) маңында болған жер сілкіну жер қыртысындағы жарықпен байланысты еді.
Орталық Ауғанстан мен Калифорниядағы сынап қазбалы кен алқаптары жердің тектоникалық жарығы мен алшақты-ғыиа байланысты пайда болғанын анықталды.
Ғарыштан қарағанда Кавказ, Памир, Тянь-Шань таулары бір тау жүйесі екені белгілі болды.
Барланған және зерттеген пайдалы кендер қоры онша көп емес. Оның үстіне табиғаттың тірі организмдері сияқты олар көбеймейді және қайталанбайды. Сондықтан ерте ме элде кеш пе олардың қоры таусылары анық. Міне, осыған байланысты жер қойнауын және оның байлықтарын ұқыпты пайдалану, қазбалы кендердегі пайдалы заттарды қалдыққа жібермей, түгел айырып алып іске жарату- басты міндет болып саналады.
Ғалымдардың есебі бойынша дүние жүзіндегі белгілі пайдалы кендер қазіргі мөлшерде қазылатын және жұмсалатын болса олардың қорлары мына жылдарда таусылады: вольфром мен қалайы - 2005, сынап - 2008, асбест - 2010, Мырыш - 2013, қорғасын - 2015, мұнай - 2018, кобальт - 2020, табиғи газ бен мыс - 2030, молибден - 2035, никель - 2040, боксит - 2045, темір -2055, марганец - 2090, фосфорит - 2ІОО, тас көмір мен калий тұзы - XX ғасырда.
Өркениет елдер ішінде минералды шикізаты көп АҚШ. Бірақ, оларда қалайы, алмаз, марганец, хром, никель, кобальт т.б. минералдар жоқтың қасы. Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның қазбалы кен байлықтары өте жеткіліксіз. Көптеген елдер өздерінің кендерін кейінге сақтап, қазіргі керегін шет елдерден әсіресе дамушы мемлекеттерден арзан бағамен алғанды тәуір көреді.
Таяу және Орта Шығыс елдері Алжир, Венесуэла мұнайға, Габона - марганецке, Ямайка - бокситке, Замбия мен Заир-мысқа бай. Дамушы елдердің үлесіне жер жүзіндеғі мұнай қорының - 75, мыстың 50, қалайының - 90, Қорғасынның 30, мырыштың - 25, боксит пен марғанецтың - 60, темір рудасы-ның - 33, фосфориттың - 40, алмаздың - 25 проценті келетінін айтсақ дамыған елдердің олардың байлықтарына қызығу себебін түсінуге болады.
Қазақ жері де қазбалы кендерге бай. Тас көмір мен қоңыр көмірдің жанғыш тақта тастың 10 бассейні, 155 кені, 102 жерде белгілері бар. Жалпы көмір қоры 170 миллиард тоннаға жуық оның ішінде 15 миллиардтан астам кокс беретін көмірлер. Ең ірілері Қарағанды, Екібастүз, Обаған, Жыланшық, Теңіз- Қорғалжын, Шу, Келжай, Жайық-Жем, бассейндері. Жанғыш тақ та қоры 4 миллиард тоннадан асатын Кендірлік бассейні Шы-ғыс Қазақстан облысында орналасқан.
Мұнай және жанғыш газ кендері Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазакстан, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарында, Металды пайдалы кендерден 60 тан астам химия-лық элементтер алынады. Олардың ішінде қоры көптері темір, марганец, хромит, ванадий, титан рудалары.
Еліміз түсті, асыл және сирек кездесетін металға да бай. Олардың ішінде түсті металдың - боксит, никель, кобальт, мыс, қорғасын, мырыш, (соңғы екеуі полиметалға жатады), асыл металдан - алтын, күміс, сирек кездесетін металдан қалайы, вольфром, молибден, тантал, ниобий, цирконий, вис-мут, сурьма, сынап, мышьяк, кадмий, ғалий, индий, рений, талий, селен, теллур т.б. бар.
Бейруда пайдалы қазындылардан - калий тұзы, барит, фосфорит, күкірт, флюорит, натрий сульфаты, ас тұзы, асбест, каолин, вермукулит, отқа төзімді саз, доломит, әктас, кварцит, саз құм. Құрылыс материалдарынан - цементтік және керамикалық шикізаттар, дала шпаты, шыны жасайтын құмдар, гиис, мәрмір, гранит, үлутас, минералды мақта шикізаттары (норфиний, туф, базальт, габбро-диабаз, лейцит) қорлары бар.
Жаратылыстың бергені көп екен деп қолда барды шашып төгу, орынсыз жүмсау, қазіргі керегін алып, қалғанын қалдық санау әрине дұрыс емес. «Шаруашылық байланыстарды сақтаймыз деген сылтаумен байлықты басқаға тегін немесе ар-зан бағамен беріп «жомарттық жасағаннан гөрі келешек ұрпақты, осы байлықтың болашақ иелерін де ойлаған жөн. Елдің байлығы сол жұрттың мұрасы, онымен басқаларды тойдырамыз деу ұрпақтың үлесін шашып-төгу деген сөз.
Қазақ елінің байлығын әдейі алуға келген келімсектерге өнімнің бір бөлігін шет елдерге сатып, өздеріне жеңіл автомәшине, жақсы теледидар, тоңазытқыштар т.б. жеке бастарына қажет заттар алуға рұқсат беру Қазақстанның байлығын шашу, талан-таражға салу болып саналады. Ал сол байлықтың шынайы қожалары далада қой бағып бәрінен де құрғалуда.
Жер қойнауы байлықтарын қорғау, ұтымды пайдалану бүгінгі кісілердің қамын ойлаумен аяқталмайды, келешек ұрпақтың да туған елінің байлығында үлесі бар екенін әрқашан да ұмытпау керек.

Жер қайнауы байлықтарын ұтымды пайдалану.
Өкінішке орай, адамдар осы күнге дейін қазбалы кендерді үтымды пайдалану ездеріне де, қоршаған ортаға да тиімді екенін ескере бермейді. Оның өрнына қазбалы кен құрамындағы бір-екі пайдалы затты алын, қалғандарын қалдыққа жіберіп шашып-төгіп, айналаны ластап жатады. Бар пайдалы заттарды айырып алуды үйренбей қазіргідей шаша берсе, ондай қоғамның тез арада баюы екі талай.
Айтылғанның дұрыстығын дәлелдейтін мысалдар келтірейік. Жаңа салынған электр станцияларда жағылған отынның тек 40- 42 % ғана электр энергиясын шығаруға жұмсалады. Ал ертеде салынған электр станциялары бойынша бұл көрсеткіш онан да төмен. Токты электр жүйесімен таратқанда энергия қуатының тең жартысы жоғалады. Электр қуатымен жүретін поездар энергия қуатының 15-20 процентін пайдаланса, көмір жағатын паровоздар мен тепловоздар тек 3-5 процентін пайдаланады. Сөйтіп жаққан отынның 80-90 проценті басқа шығын болып, аспанды жылытуға, түтінді көбейтуге кетеді.
Металл кендерін қазып, өңдеп, болат қорытып, онан мәшине және басқа жабдықтар жасағанша алынған металдың 25 проценті үгіндікке, жаңқаға, өртеуге айналады. Ал егерде керекті жабдықтарды оның бөлшектерін қалыпқа салып дайындаса (штамповка) мұндай көп қалдық болмас еді.
Академик Т.С. Хачатуровтың айтуынша дайын өнім салмағы жөнінде жұмсалған шикізат пен материалдың 1-1,5 проценті мөлшерінде болатын көрінеді. Қалғаны (98,5-99%) бос жыныс, сыпырынды, қалдық немесе шлак аталып тау-тау болып үйіліп жатады.
Металды рудаларды, тас көмірді, мұнайды, газды, құрылыс материалдарын қазғанда олардың біраз бөлеғі жерастында алынбай қалады. Мысалы, осы күнгі әдіс бойыиша мүнайдың тек 35-40 проценті алынады, ал егер скважинаға су толтырса 70-80 процентін алуға болады. Тек көмір мен металды руданың 20, калий тұзының 50 проценті алынбай, жер астында қалып жатыр.
Біздегі қара және түсті металлургия, химия кәсіпорындары артта қалған технологиямен жұмыс істеп, қазбалы кендердегі барлық пайдалы заттарды айырып ала алмайды.
Өскемен мен Лениногор түсті металлургия, Жамбыл, Қара тау, Шымкент химня, Рудный мен Теміртау қара металлургия, Қарағанды мен Екібастұз көмір кәсіпорындарында тау-тау болып үйіліп жатқан қалдықтар қазбалы кендерді ұтымды пайдалану жолдарын әлі игере алмай келе жатқанымыздың куәсі. Балқаш, Жезқазған, Алға, Текелі т.б. қалалардагы жасанды «таулар» да соның белгісі.
Соколов-Сарбай кен орындарында қазылатын темір рудада 10-нан астам пайдалы заттар бар. Олардың тек біреуін темірді алып қалған 9-ын қалдыққа жібереді. Осындай жағдай Жезқазған тау-металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш, Балқаш мыс, Қарағанды металлургия зауыттарында да бар. Бұл, әрине, табиғат байлықтарының шашылып төгілуіне, қоршаған ортаға зиянды болуына, жер беті мен ауаның ластауына әкеліп соқтырады.
Ғылым мен техника тезірек бұл тұғырықтан шығу жолдарын іздестіріп, қазбалы кендерді ұтымды пайдалануға көмектесуге тиіс.
Запорожье (Украина) қаласында қалдықтарды пайдалану жөнінде қызғылықты тәжірибе жасады.
Қаладағы барлық қалдықтардың (домна шлактары, қышқылдар, сілтілер, темір қақтары, май қалдықтары барлығы 66 түрлі) түрлері мен мөлшерін біліп, үлес салмағына сәйкес көлемде олардан сынама алып жабық ыдыста ұстаған. Онда бейтараптық редакция жүріп, бір қалыпқа келген соң тексергенде, бөлінген газ судағы газға ұқсап, бірақ көмір қышқыл газдары көптеу болған. Сұйық қалдық теңіз суына ұқсаса қою қалдықтар сазды топыраққа ұқсас болған. Осы қалдық суларда теңіз организмдері - балдыр мен моллюскі өмір сүріп, қою қалдықта -арпа, қызылша, қияр өскен. Ыдыстағы ауаны теплицада пайдаланғаннан кейін көмір қышкыл газы азайып, атмосферадағы ауамен бірдей болған.
Зиянды қалдықтар химиялық реакция мен араласу нәтижесінде ауаға, суға топыраққа зиянсыз қалыпқа түскен. Запорожье қаласындағы барлық қалдықтарды осылай тазалап, зиянсыз ету үшін шамамен 100 миллион доллар тұратын кәсіпорын салса, ал 5 жылда шыққан шығынды қайтарар еді. Бірақ бұл тәжірибе онан әрі жүргізілмей қалды.
Бұрын егістік немесе шабындық болған жерлер қазір күл мен шлак төгетін орынға айналды. Металл қорытқанда немесе көмір жаққанда пайда болатын шлак салқындаған соң ауаға уытты газдар беледі, ал күл болса желмен ұшып жан жақты ластайды. XX ғасырдың аяғында кісі басына 1 тонна шлак қалдықтары келетін болады. Осыншама шлакты жинап, босқа жер алдырғанша, олардан түйіршіктер жасап минералды мақта, құрылыс материалдарын, жолға төсейтін тас тақталар, құбырлар т,б. пайдалы заттар шығаруға болар еді.
Домна шлактарын салқын сумен немесе ауада суытып, мөлшері 5-10 мм. уақ түйіршіктер жасап, цемевтке, әкке, гипске, қосуға болады.
Металлургия шлактарын кварц құмдарымен және арнаулы қоспалармен араластырып ванна, қол жуғыш, унитаз, құбыр т.б. қажетті заттар шығарады.
Түсті металлургия кәсіпорындары шлактарын арнаулы ор қазып, соған құяды. Бірінші қабаты 3.0 см. болған соң, үстінен су құйса шлактар жарылып, бөлек - бөлек тас болып қалады. Сонан кейін үстінен тағы 30 см. шлак құйып, сумен жарып тас жасайды. Солай ор толғанша қайталай береді. Осылай жасалған тастарды бөгет жасағанша, мал қораларын салғанда пайдалануға болады. Басқа құрылыстарда ірге тасқа да жарайды.
Фосфор қышқылын өндіргенде пайда болатын фосфоргипсты пәтерлердің бөлмелерін бөлуге, төбесін әшекейлеуге пайдалануға болады.
Фосфоргипсті сортаң жерлердің натрий тұздарын азайтуға да қолданады. Қазақстанда мұндай 170 миллион гектар жер бар.
Көмірді кокске айналдырғанда қүрамында бензол, ксилол, нафталин бар май, ал тас көмірден - қара май (деготь) алуға болады.

Қазбалы байлықтарды пайдалану.
Жылу электр станцияларының, байыту фабрикаларының домнаның күлімен шлагын, ағаш бутақтарын, мақтаның гузапаясын, күріш сабандарын жеңіл бетон мен тақта (плита) шығаруға, гипс пен әк ертінділеріне қосуға болады.
Көмір байыту фабрикаларының қатарын қиыршық тас ретінде плита жасауға, жолға төсеуге болады.
Қазбалы байлықтарды шашып — төгу, оларды ұтымды пайдалану орнына, қалдыққа айналдыру, сөйтіп өзіне жэне биосфераға зиян тигізу өте қауіпті екенін көптеген елдер әлде қашан түсінген.
Шикізаттарды, энергия қуатын пайдалану.
Бір кәсіпорынның қалдығын екінші шикі зат ретінде пайдаланып, бар қалдықтарды іске жарату екінші ресурстарды пайдалану деген атпен көпшілік елдерде кең өріс алуда. Мысалы, бұрынғы ГДР болатты - металл сынықтарынан қағазды - газет, кітап басқа да қағаз қалдықтарынан шыны ыдыстарды әйнектерді шыны сынықтарынан, жанар-жағар майларды - май қалдықтарынан шығаратын.
Болгария метал сынықтарынан жылына 800 мың тонна болат, 68 мың тонна түсті металл шығарады. Осы жолмен алы-нған болат рудадан алынған болат пен салыстырғанда 4-5 есе арзанға түседі. 1 тонна қағаз қалдықтарынан 25 мың дәптер шығады. 1 тонна шыны сынықтарынан ыдыс шығарғанда 300 кг өте тапшы күйдірілген соданы үнемдеуге болады.
Венгрия өзіне керекті қағаздың 40 процентін қағаз қалдықтарынан жасайды. Мұнда қала мен ауылдағы күлді, шлакты, қалдық майларды, аккумулятор қалдықтарын, металл сынықтарын, пластмасса қалдықтарын, ескі киім-кешекті, ескі фото және кино пленкаларды, автомәшинелердіц ескі доңғалақтарын қираған асфальт қалдықтарын т.б. толып жатқан ескі заттарды жинап алып, іске жаратады.
Міне, осылай шикізаттарды, материалдарды, энергия қуатын үнемдеп, ұтымды пайдаланудың, қоры аздарын қоры молдармен алмастыру жолдары көп, оларды тізбелеп айтып жату мүмкін емес. Бірақ, осыдан шығатын қорытынды қазбалы кендерге бай елдерде баймын деп масаттанбай, табиғат ресурстарын үнемдеп пайдалануды тезірек үйренулері керек. Өйткені мұның бәрі қайталанбайтын, таусылса орны толмайтын қорлар. «Бүгін күн көрейік, ертеңгіні көре жатармыз» деғен принцип болашағы жоқ, ұрпағына жаны ашымайтын адамдардың ісі.
Бұрын айтқандай атом, күн сәулесі, жел, су, энергиялары және жерасты жылу қазбалы кендерді аз жұмсауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үлкен көмекші бола алады. Бірақ олар әзірге өте аз пайдаланылады.
Атом энергиясын пайдалану XX ғасырдың екінші жартысында кең өріс алды. Дүние жүзіндегі атом электр станциялары 1972 жылы 30 миллиард киловат/сағат энергия берсе, 1980 жылы онан он есе көн болды. 2000 жылы барлық электр қуатының 20 процентін атом станциялары беретін болады.
Чернобыль апатынан (1982жыл) кейін АЭС-ті жақтаушылар қатары сирей бастады. Олардың қауінсіз жұмыс істеуіне баса көңіл бөлініп, кейбіреулері жабылып, жаңадан салу тоқтатылды. Нақ осы кезде Қазақстанда 6 атом станцияларын салу жөнінде бағдарлама жасалуы таң қаларлық іс. Ақтау қаласындағы атом станциясының жұмысын жолға қоя алмай жүргенде жаңадан атом станцияларын салуға экономикалық та негіз жоқ. Біздегі отын қорлары 200 жылдан астам уақытта мұқтажсыз күн көруге жетеді. Сондықтан атом станцияларының қауіпсіз технологиясы мен жабдықтары табылғанша күте тұруға болады. Бұл құрылые қазір бізге бәйге әпермейтімі айдан анық.
Теңіз суларының көтеріліп жағадан шығуы (прилив) және кері тебу (отлив) энергиясын пайдалану адамдардың ежелден ойлаған арманы. Судың көтерілу биіктігі әртүрлі болады. Мысалы, Қара және Балтық теңіздерінде бірнеше сантниметрден аспайтын болса, Ақ тенізде - 9 метрге, Охот теңізінде -13,5, Канада жағалауында -16-18 метрге жетеді.
1967 жылы Баронцов теңізінде қуаты 0,4 МВТ кислогуб көтерме су электр станциясы салынды. Ақ теңізде - Мезен, Охот теңізінде - Пенжин станцияларын салу жобалары бар.
Көптеген аудандарда Жел энерғиясын құдықтан су тартуға, жер суландыруға, су тұщытуға, мал саууға, қой қырқуға т.б. жұмыстарға пайдалануға болады. Ол үшін «Ветерок», «Вихрь», «Сокол»-деп аталатын қозғағыштар (қуаты 0,75 тен 30 КВТ-қа дейін) қолданылады. Энергия қоры жоқ Арктика мен Оңтүстік Шығыста пайдалану үшін қуаты 100-200 КВТ желді қозғағыштар шығару жолға қойылған.
Жерасты ыстық сулардың қоры мол. Жылуы 200 °С-тен асатын ыссы сулар Камчатка мен Курильде 300-500 метр тереңдіктен шығады. Осындай сулар Мақашқала, Омбы, Кизляр, Черкес, Тбилиси маңайында да кездеседі, Ыстық сумен жұмыс істейтін жылу электр станциялары Ставрополь өлкесінде, Дағыстанда, Камчаткада бар, Бірақ құрылысы қымбат, энергиясы аз болғандықтан өрісі кеңеймей отыр. Батыс Украина мен Румыния елінде осындай сулар үй жылытуға, кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Қазақстан жеріндеғі жерасты ыссы сулар парниктерде, үйлерді жылытуға, жыл бойы жұмыс істейтін шомылу бассейндерінде, балық өсіретін жасанды су тоғандарында кеңінен пайдаланылу. Келешекте жылумен қамтамасыз етудің көзіне айналадьі деген үміт бар.
Күн сәулесі энергиясын пайдалану.
Күн сәулесі энергиясын пайдаланудың келешегі зор. Оны тұрғын үйлерді, кәсіпорындарды жылытуға, өндірістік қажетке жұмсауға болады. Өзбекстан мен Түркменстанда күн сәулесі энергиясымен жұмыс істейтін қондырғылар суды тұщытуға, үйлерді, парниктер мен теплицаларды жылытуға пайдаланылады.
Ақтау қаласында күн сәулесі қуатымен радио-теледидар станциясы жұмыс істейді, Семейде санаторий үйлерін жылытады.
Күн сәулесімен жұмыс істейтін электр станциялар (СЭС) АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Жапонияда, Италияда бар. Станция жабдықтары мен құрылыс жұмыстары қымбат болғандықтан әзірше күн сәулесі аз пайдаланылады. Ғылым мен техника өркендеген сайын жағдай өзгеретін болар деген үміт бар.
Соңғы кезде ғалымдар термоядролық синтезге көңіл бөлуде. Оның себебі табиғатта жеңіл элементтердің қоры мол, олар адамға да, қоршаған ортаға да зиянды емес.
Заттарды 1 миллион градуске, онан да көп температураға қыздырғанда, атомдардың қозғалу жылдамдығы көбейіп, электростатикалық тебу жылдамдығынан артық болып, атом ядролары бір - бірімен соқтығысқанда орасан көп энергия пайда болады.
Алғашқы ядролық құбылыстар 1 млн. °С-тен басталғаны мен ондай энергияны пайдалану температураны 70-100 млн. °С-қа жеткізгенде ғана мүмкін. Бұл күн кіндігіндегі ыстықтан 3-5 есе көп деген сөз. Сонда жеңіл элементтердің таусылмайтын қорын қажетке жаратуға болады. Мысалы, сутекті қыздырғанда олгелийге айналып орасан көп энергия береді. Мұндағы басты қиыншылық, сол бөлінғен жылуды жоғалтпай, бір қалыпта ұстап тұру. Ол үшін өзгеріс реакциясы жүргенде жоғары температуралы плазманы (иондалған газды) камераның ішінде, оның қабырғаларына тигізбей ұстау керек.
Мәскеу түбінде И.В. Курчатов атындағы атом энергиясы институтында жасалған «Токомак» қондырғысын да камераға толтырылған сутек арқылы ток жіберіп иондағанда (қыздырғанда) қуатты электромагниттік өріс плазманы қабырғаға тигізбей ұстап тұрады. Дубнадағы бұл қондырғыда температура 40 млн. °С-қа жетті. АҚШ-та 70 млн. °С-қа дейін жеткен қондырғы бар.
АЭС сияқты Уран ядроларын бөлмейтін болғандықтан термоядролық электр станциялар адамға да, биосфераға да қауіпті емес. Автомәшинелер қозғағыштарында бензин қалай жанатын болса, Лазер сәулесінің күшімен сутекте «Ангара» электр қондырғысының камерасында солай жанады.
Сондықтан, термоядролық синтезді қуаты аз ядролық жарылыстарды басқару деп айтуға да болады.
Жер шарында сутек қоры жеткілікті және ол өте таза энергия көздері қатарына жатады.
Тәжірибе ретінде сутекті бензин орнына пайдаланатын бірнеше автомэшине 60-70-шы жылдары ойлап шығарылды, ол экология тұрғысында алғанда қоршаған ортаны зиянсыз болды. Сутекті газға айналдырып немесе сұйық күйінде технологиялық процестерде де пайдалануға болады. АҚШ-та сутекті кәресін орнына ұшақтарда пайдалану жөнінде де тәжірибе жасалды.
Жапонияда сутек пен оттекті теңіз суларынан бөліп алатын қондырғының жобасы бар.
Дегенмен сутекті пайдалануда әзір шешілмеғен қиыншылықтар кездеседі. Мысалы, сутекті сақтау мәселесі. Сутек газын кысып, көлемін кішірейтіп, -252 °С салқындықта, үнемі үлкен қысым астында ұстау керек. Ол тез жарылатын газ. Сондықтан оны пайдалану және сақтау оңай емес.
Жер қойнауын құқықтық пайдалану.
Қазакстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасында жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу жөніндегі Кодексті 1992 жылы қабылдады.
Кодексте жер қойнауы мемлекет меншігі болып жарияланып оның байлықтарыма ұқыпты болу, жер қойнауын қорғау барлық кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердің және азаматтардың міндеті болып табылатыны атап көрсетілген.
Осы күндері пайдаланылатын және пайдаланылмайтын жер қойнауындағы байлықтар біртұтас мемлекеттік қор болып саналады.
Республика үкіметіне біртүтас мемлекеттік қорға иелік ету, оны пайдаланудың және сақтаудың техникалық саясатын жүргізу, байлықтарды пайдалану мен геологиялық зерттеу жүмыстарына мемлекеттік бақылау жасау және тексеру жүктелген.
Кодексте жер қойнауын пайдаланудың мынамдай түрлері белгіленген:
-геологиялық зерттеу;
-пайдалы кендерді қазу;
-жер қойнауын құрылыс салуға, көлік қажетіне, мұнай,
газ, басқа да материалдар қоймасы ретінде радиоактивті қалдықтарды, т.б. зиянды заттар мен қалдықтарды көмуге, қалдық суларды жинауға пайдалану;
Жер қойнауын пайдаланушылар:
ондағы байлықтарды толық зерттеуге, ұтымды және
түгел иайдалануға, жер қойнауын қорғауға тиіс;
жер қойнауы байлықтарьш пайдаланғанда адамдар үшін
қауіпсіз, ауаға, ормандарға, жерге, суға басқа да табиғат
бөлшектерше, тұрғын үйлерге, гимараттарға зиянсыз болуын қамтамасыз етуге міндетті;
жер қойнауын пайдалану жұмыстары қорықтарға табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне зиянды әрекет етпейтін болуын қамтамасыз етулері керек.
Жер қойнауын пайдаланған кезде бұзылған жерлерді қалпына келтіріп, халық шаруашылығына қайтаруға міндетті.
Жер қойнауы байлықтарын қазатын, өцдейтін жаңа кәсіпорындарды және жерасты құрылыстарды жобалау, салу, пайдалануға беру тек қордың мөлшері бекіген соң, алдыңғы қатарлы технология қолданылса, зиянды қалдықтар толық өңделетін болса, босаған құнарлы топырақ жиналып, сақталып, ұғымды пайдаланылса, қосалқы пайдалы кендер және уақытша пайдаланылмайтын кендер шашылып-төгілмей, толық сақталатын болса, адамдардың қауіпсіздігі, қазбалы кендер мен қоршаған ортаны қорғау, қамтамасыз етілсе ғана рұқсат етіледі.
Жер қойнауы байлықтарын пайдалануды бақылау Қазақстан Республикасының өндіріс және тау жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетке жүктелген.
Бұл комитет және оның жергілікті органдары жер қойнауы байлықтарын пайдалану жөніндегі Ереженіц бұзылмауын, таудағы жұмыстардың қоршаған ортаға зиянсыз болуын, жерасты байлықтардың мемлекеттік есебін жүргізумен олардың қорлар есептеу тәртібінің сақталуын бақылайды.
Кен орындарын пайдалануда кемшіліктерге жол берілсе мемлекеттік комитет өз билігімен кен қазуды тоқтатуға, өндірістік апаттар мен адам жарақаттары жөнінде өзінің қорытындысын жасауға қүқығы бар. Бұл комитеттің тау жұмыстарын жүргізу туралы берген нұсқаулары мен бұйрықтарын барлық кәсіпорындар мен ұжымдар міндетті түрде орындауға тиіс.
Жер қойнауын қорғау жөніндегі Кодексте өз бетімен жер қойнауын пайдаланған, жұмыс жүргізу ережесін бұзған, кені бар жерлерді таңдап қазып, кені аз жерлерді қазбай қалдырып кеткен, пайдалы кендер бар жерлерге құрылыстар салған, жұмыс жүргізу қауіпсіздігін сақтамаған адамдар әкімшілік және - қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жер қойнауын пайдалануға заңсыз істремен мемлекетке, жекеазаматарға зиян келтірген адамдар зиян мен залаладың орнын тотыруға міндетті. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру