Экономика | Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
. Салыстырмалы артықшылық
теориясының мәні
Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.
Салыстырмалы артықшылық теориясының маңызы өте зор. Ұзақ уақыт бойы экономикада негізгі теория болып келуінің себебі де сол.
Дегенмен, салыстырмалы артықшылық теориясы да абстрактты, өте қарапайым болып келеді. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:
1. Еңбек сауда жасаушы елдер емес, тек ел ішінде ғана мобильді ( қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет.
2. Есептеулерде транспорт, кеден салықтарын төлеу және т.б. сауда – саттық шығындарды есепке алмау керек.
3. Жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың, құрал-жабдықтардың үлгісін қолдану, т.б. арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.
Рикардоның жолын қуған ғалымдардың зерттеулері бұл айырбас орын алатын жағдайлар мен шектеулерге қатысты болып отыр. Шарап пен мата туралы мысал бойынша (жоғарыда келтірілген мысалға байланысты) Португалия
әрбір баррель шарап үшін 9/8 дана матадан көп алса ғана саудаға қатысады. Ал Англия әрбір баррель шарап үшін 5/6 дана матадан көп бермесе ғана саудадан пайда алады.
Осы ойды дамыта келе Португалияда 1 баррель шарапқа кеткен еңбек шығыны 8/9 дана мата мен Англиядағы 0,8 дана матаның шығындарына тең екеніне көз жеткіземіз. Елдер арасындағы тауар айырбасы осы шектерде іске асады.
Сонымен, халықаралық сауда, халықаралық мамандануды ынталандыру арқылы әрбір ел үшін келесі басымдылықты қамтамасыз етуге болады: берілген тауар көлемін шығаруға қажетті еңбек уақытын мүмкіндігінше азайта отырып, мамандануға дейінгі тұтынуға қарағанда, сонша тауарды тұтынуға мүмкіндік береді.
Алайда мұнда айырбас шын мәнінде ақшаның қатысуымен жүретіні ескерілмейді. Елдер өзара есеп айырбасу үшін бір валютаны екіншісіне айырбастайды. Рикардо аталған басымдылықтар ұлттық валютаның айырбас бағамы белгіленген кезде де сақталатынын дәлелдеді. Бұл жағдайда экспорт-импорт төлемдерінің өзара сәйкессіздігі фактісі де орын алуы ықтимал. Бұл сәйкессіздік қандай да бір елде валюта бағамын өзгерту немесе барлық бағаларға түзету енгізу арқылы өтелінеді. Ал тәжірибеде салыстырмалы артықшылықтар доктринасына ықпал ететін жалпы нәтиже өзгеріссіз күйде қалады.
Осы доктринаға сәйкес сауда-саттық қатынастары өндіріс жағдайларына байланысты артықшылықтарды пайдалану арқылы орнатылады. Алайда бұнда тауарлардың қандай көлемі айырбасталатыны анықталмайды.
Берілген мысалда сыртқы сауда бағаларының кеңейтілген диапозонын қабылдауға болады. Португалдық шараптың 1 баррелі Англияда 80 адам-күнге тең ақша сомасынан арзан, сонымен қатар, 120 адам-күн ақша төлемі сомасынан қымбат сатылуы мүмкін емес. Осыған ұқсас ағылшын
матасының Португалиядағы бағасы 90-нан 100 адам-күн аралығындағы ақша сомалары шегінде белгіленеді.
Д.Рикардоның үлгісі сыртқы сауданың ұлттық байлыққа әсерінің және жалпы сыртқы экономикалық қатынастардың себеп-салдарын талдаудың кең тараған құралы болып табылады. Бірақ осы модель шындықпен ұштаса ма? Ол осы күнгі сыртқы саудадағы процестерге байыпты жауап бере ала ма? Бізге осы сұрақтарға сенімді түрде «иә» деп жауап беруге де болады. Әрине, Рикардо үлгісінде бірқатар күмәнді жағдайлар да кездеседі. Олар салыстырмалы артықшылық теориясының кемшіліктері қатарын құрайды. Соларға тоқталып кетсек:
1. Ол өмірде жоқ халықаралық маманданудың ең ақырғы деңгейіне алдын ала болжам жасайды.
2. Ел ішіндегі табыс бөлінісіне сауданың әсер-ықпалын ескермейді, яғни тұтастай алғанда, сыртқы саудадан қатысушы елдердің бәрі ұтады деген қорытындыға келеді.
3. Елдің ресурстық күш – қуатының әртүрлі болуы халықаралық саудаға байланысты екендігіне көңіл бөлмей, халықаралық сауданың маңызды аспектісін ескерусіз қалдырады.
4. Өндіріс масштабындағы үнемдеу сияқты сауда себептерін қарастырмайды, ал ол барлық көрсеткіштері жағынан бірдей елдер арасындағы сауданың қай көлемде екенін түсіндіруге мүмкіндік бермейді.
5. Транспорттық шығындардың ескерілмеуі.
6. Техникалық өзгерістердің болмауы.
7. Балама қолдану барысында ресурстардың толық өзара айырбасы.
8. Өндіріс факторларының ішінде тек еңбек факторын ғана алған. Қалған факторларды ескерусіз қалдырады.
9. Еңбекті толық қарқындылық (мобильділік) тұрғысынан қарастырады. Яғни, жұмысшылар өндірістің бір саласынан кеткен кезде, олар өнімділігі жоғары басқа саладан жұмыс орнын бірден тауып алады да, жұмыссыздар санатына қосылмайды.
Осындай кемшіліктеріне қарамастан, Д.Рикардо үлгісінің негізгі шарттары, атап айтқанда, қандай да бір ел болсын экспортқа салыстырмалы жоғарғы өнімділігі бар тауар шығарады деген тұжырымы бірқатар зерттеулер арқылы дәлелденді. Мәселен, бұған венгр экономисі Бел Балластың 1951 жылы 26 өндірістік сала бойынша АҚШ экспортының Ұлыбритания экспортына қатынасы және осы екі елдегі еңбек өнімділігінің ара қатысы туралы зерттеуін жатқызуға болады.
Рикардо теориясы бойынша, егер белгілі бір салаға байланысты АҚШ – тағы еңбек өнімділігі жоғары болса, онда ол сол тауарды экспортқа көбірек шығарады деген тұжырым жасалынады.
Рикардо үлгісі тиісті тауарды экспорттау мүмкіндігіне ие болу үшін шет ел өндірушілерінен өнімділік жағынан сәл ғана болса да басымдылық таныту керек екендігін ескертеді. Сондықтан аталған саладағы салыстырмалы артықшылық осы елдегі басқа салалардан артық болуы тиіс. Мысалы, АҚШ барлық 26 сала бойынша Ұлыбританиядан өнімділік жағынан басымдылыққа ие болған ( 11-ден 336 пайызға дейін); ал Ұлыбритания АҚШ-қа қарағанда, осы салалардың
ішінен 12 салада көп көлемде экспорт өнімдерін шығарған. АҚШ-тың тек өнімділігі жағынан Ұлыбританиядан кемінде екі есе басым болатын салалардағы американдық экспорт қана британдық экспорттан әлдеқайда көп.
Егер 2 тауарлы үлгіден басқа өнімдердің көптеген түрін шығару жағдайын қарастыратын болсақ, онда талдау күрделене түседі. Бірақ сауданы зерттеушілер қызық жайт байқаған: егер тауар саны өте көп болса, яғни ол шектелінбеген деп саналса, онда соның нәтижесінде үлгі жеңілдейді. Массачусетс Технология институтының ғалымдары Р.Дорнбуш, С.Фишер, П.Самуэльсон 1977 жылы жариялаған мақалада көп санды тауарлар үлгісі үшін Рикардо үлгісі құрастырылған.
Мысалы, отандық және шет елдік экономикада тек өндірістің бір ғана факторы - әрбір елде L және L* саны берілген еңбек қолданылады. Бірақ екеуі де көп көлемді тауарлар өндіріп, оларды тұтынуы мүмкін. Олардың әрқайсысына өз нөмірін берейік.
Кез келген отандық және шет елдік тауардың бір данасына қанша еңбек шығыны кететіні белгілі. Отандық экономикадағы Z тауары үшін a(z) еңбек шығыны жұмсалады делік, бұл шет елдік тауар үшін a*(z) түрінде белгіленеді. Онда a*(z) / a(z) - өнім бірлігіне шаққанда, отандық және шет елдегі еңбек шығынының ара қатысы. Біз оны A(z) / a*(z) / a(z) деп белгілейік. Тауарларды нөмірлеу келесі тәртіппен беріледі: бірінші нөмір А барынша көп өндірілетін тауар үшін, бұдан кейінгі А шамасы бойынша келетін тауар 2, т.с.с. нөмірлерді иеленеді:
А(1) > А(2) > А(3) > ...
Осылайша тауарларды отандық салыстырмалы артықшылықтардың келуіне қарай орналастырады. Қандай
тауар отандық, ал қандайы шет елдік экономикада өндірілетін болады? Бұл, әрине, олардың арасындағы еңбек ақының ара қатысына тәуелді. Отандық шаруашылықтағы
Wa(Z) тауар өндірісінің шығындары Z; мұндағы W – отандық жұмысшының еңбек ақысы. Шетелдегі тап осы тәрізді шығындар W*a*(Z). Егер:
Wa(Z) < W*a*(Z) болса, онда ол:
W/W* < a*(Z) / a(Z) – ке эквивалентті,
яғни отандық тауарды өндіру арзанға түседі деген сөз.
Бұдан:
A(Z) > W/W*.
Еңбек ақылардың ара қатысын W/W* ендіре отырып, халықаралық маманданудың сипатын анықтауға болады. Өндіру кезінде W/W* = A (‾Z) болатын әлдебір шекаралық ‾Z тауар да бар. Нөмірлері ‾Z – дан аз тауарлар отандық экономикада, ал нөмірлері ‾Z – дан көп тауарлар шет елде өндірілетін болады.
Сайып келгенде, ұлттар арасындағы сауда оларға қандай пайда әкелетінін келесі екі әдіспен көрсетуге болады. Біріншіден, сауданы өндірістің жанама әдісі деп санаған жөн болады. Мемлекет әлдебір тауарды өндірудің орнына басқа бір тауар өндіріп экспортқа шығару арқылы оны өзіне аса қажетті өнім түріне айырбастай алады. Осы қарапайым мысалдың өзі кез келген ретте әлдебір тауар импортталған кезде оның осындай « жанама өндіріс» бұл тауарды тікелей өндіруге жұмсалатын еңбек шығындарынан аз шығынды қажет ететінін көрсетеді. Екіншіден, сыртқы сауда мемлекеттің тұтыну мүмкіндігін кеңейте отырып пайда әкелетініне көз жеткізуге болады.
Халықаралық сауда қатынастарына түскен кезде, экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының арасындағы қатынас орнатылғаннан кейін, «сауда шарттары» деген түсінік енгізу қажет. Сол арқылы шарттарды анықтау үшін мынадай формула бойынша есептелетін индекс енгізіледі:
Сауда шартта- Экспорт бағасының
рының индексі = индексі х 100 = Эи х 100
Импорт бағасының Ии
индексі
Мысалы, индекс мөлшерінің 100-ден 105-ке өсуі сауда шарттарының жақсарғанын білдіреді, яғни импорттың белгілі бір көлемінің ақысын төлеу үшін экспорттың азырақ көлемі қажет. Барлық елдер сауда шарттарын жақсартуға, яғни экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының аралығындағы неғұрлым қолайлы арақатынас орнатуға тырысады.
Іс жүзінде сауда шарттары, біріншіден, баға өзгерісі салдарынан болатын сұраныстың өзгеруіне байланысты. Сұранысы тұрақты болатын тауарларды өндірушілер, баға өзгерісіне қарамастан, артықшылыққа ие болады (мысалға, мұнай өнімдері).
Екіншіден, сауда шарттары экспорттың немесе импорттың икемділігіне қатысты болады. Тауар өндірушілер немесе оны ұсынушылар тауар бағасының өзгерісіне тез бейімделетін жағдайларда экспорттаушы ел бұл тауарға деген сұраныстың өсуінен пайда алуының ықтималдығы төмен. Осындай тауарлардың үлгісі ретінде өндірісі сұранысқа икемді машиналар мен құрал-жабдықтар болуы мүмкін.
Үшіншіден, сауда шарттары өндіріс шарттарының немесе тауар тұтынуының өзгеруіне байланысты өзгеретін болады.
Сауда жағдайларының индексі елдің дүниежүзілік саудадағы жағдайын сипаттайтын мәлімет береді, алайда оның бірқатар кемшіліктері де бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – көрсеткіш жалпы жағдайлардың жақсарғанын білдіргенімен, сатылған өнім көлемін ескермейтіндігі. Басқаша айтқанда, сауда жағдайлары жақсарғанына қарамастан, экспорттың азаюы және бұған керісінше, импорт көлемінің ұлғаюына сәйкес төлем балансы нашарлауы мүмкін.
Рикардоның үлгісі бойынша, саудадан түскен ұтысты бөлу қатысушы елдер өндірген тауарларының салыстырмалы бағаларына тәуелді. Бұл бағаларды анықтау үшін тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың әлемдік салыстырмалы шамаларының ара қатынасын анықтау қажет. Әрине, салыстырмалы баға салыстырмалы еңбек ақыға сәйкес келетіне сөзсіз.
Халықаралық еңбек бөлінісін негізге ала отырып, салыстырмалы артықшылық теориясы бүгінгі таңда да өз маңыздылығын жойған жоқ. Ол сыртқы экономикалық саясатты ғылым негізінде құруға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы артықшылық теориясының ең маңызды жетістігі ретінде байырдан қалыптасқан ұғымды (яғни саудада бір мемлекет тек екінші мемлекетті шығынға ұшырату арқылы ғана табыс таба алады) жоққа шығара отырып, саудаға қатысқан барлық мемлекеттердің ұтысқа қол жеткізе алатындығын дәлелдеуі болып табыл
Сөйтіп біз Д.Рикардоның жай үлгісін қарастырдық, яғни елдер арасындағы айырмашылық оларды өзара сауда жасауға қалай алып келетінін және бұдан белгілі бір пайда табуға болатынына көз жеткізе түстік. Аталған үлгіде еңбек – өндірістің бірден бір факторы және елдер оның әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
Рикардоның «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегімен таныса отырып, экономика ғылымының дамуына өз үлесін қосқан, халықаралық саудаға арналған, тұңғыш рет тарихта қисындап мазмұндалған – салыстырмалы артықшылық теориясын талқыладық.
Рикардоның үлгісінде халықтар жергілікті еңбек салыстырмалы түрде тиімді қолданатын тауарларды экспортқа шығарады және бұл еңбек шығындары салыстырмалы түрде тиімсіз өнімді импорттайды. Басқа сөзбен айтқанда, сол және өзге де елдердегі өндіріс сипаты салыстырмалы артықшылықтар арқылы анықталады.
Бірақ халықаралық сауда – Рикардо «Принциптерінің» ішіндегі тақырыптарының бірі ғана. Рикардо құн теориясынан бастап, экономикалық өсу мен эволюцияға дейін өз заманындағы экономика жүйесінің жағдайын зерттеген. Рикардо, экономика жүйесі болашақтағы «қалыпты жағдайға» қарай қозғалуда деп санаған.
Д.Рикардоның зерттеулері мен еңбегі санада үлкен әсер қалдырды. «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» жарыққа шыққаннан кейін, жарты ғасырдан астам уақыт бойы Англияда басылған көптеген экономикалық еңбектер Д.Рикардоның жұмысына байланысты анықтамалар және көзқарастардан тұрды. Социалистік революционер Карл Маркс және либералды капитализмнің жақтаушысы Джон Стюарт Милль сияқты әртүрлі экономисттер Рикардоның теорияларын қолдана отырып, өз жұмыстарындағы алғашқы қадамдарға бел буған.
Қазірдің өзінде де «неорикардиандықтар» мен «жаңа классиктер» Рикардо еңбектерінен шабыт алады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы