Жұмағали Саин (Днепрге қарады)

Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.
Бұрқанды асау Днепр,
Толқынды беті шымырлап,
Секілді терең бейне өмір
Солдатқа бір сөз сыбырлап..,
Үзіліп солдат үн қатты
Сөзімнің тоқсан тілімен.
Минуттер өтті тым тәтті
Бара - бар ғашық сырымен...
Құшағын жаза, емірене,
Тақады суға маңдайын......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Жауынгер сөзі)

Томырық өмір мінезі
Тосқауылға алған шақ,
Төтелеп талай тар кезең,
Төніп еді өлім жақындап,
Тоқайласа мен шаптым,
Тоспада ажал тұрғанда,
Тып-типыл боп жан-жақтың,
Тынысы құрып тұрғанда...
Тойтармай бетін қойғам жоқ,
Топырлап фашист қаптасын,
Төңкерілді дзоттар,
Төндіре мылтық атқасын.
Тоқсан кірдім қамалға
«Тоба деп көңілім басылмай»
Тұнжырап тұрды көкте бұлт,
Толастап күнім ашылмай......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Майданда кездесу)

Тан, атып, талай, батты .күн
Сағынғам досты көре алмай,
Кездестім қалай мен бүгін

Отырдым бірден сене алмай.
Жыр етсем бәрін, тым ұзақ,
Бір дастан, солдат өмірі.
Денеге түскен алты дақ...

Жыртылған шинель өңірі...
Қолында оның автомат.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)

Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Өмірден өксіп сен кеттің)

(Отан соғысы үстінде ерлікпен қаза тапқан үш орденді капитан Әбікей Жанұзақұлына арнаймын)

Әбікей, сені жоқ дейді,
Әділ ме, тегі, осы сөз!
Ақ жарқын, албырт, асылым,
Өмірден кеттің қалай тез?!
Айтуға аузым бармайды,
Ақиқат түбі қайғы-зар,
Аһ ұрып достар естіген,
Ал қара көзден жас тамар,
Есімде әлі ізгі өмір,
Екеуміз бірге жүрген шақ,
Ертегі болды енді о бір,
Қасымнан кетті алыстап......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Е. М. Масловаға)

(Жаралы партизан кезімде үйіне жасырып, ажалдан құтқарған Украина қызы)
Бірінші жыр

Сені ойласам тербеледі жүрегім,
Сені ойласам келер көзден ыстық жас,
Сені өмірімнің тәңірісі деп білемін,
Саған мәңгі борыштымын, қарындас.
Тар кезеңде қара түнді жамылып
Әлсіз ғана соққан кезде жүрегім,
Іздеген қан жауды тырнақ сабылып
Сан панаңда сақтағансың...білемін.
Ажал жетіп көз жұмылар күн болса,
Суық көрге сен деп қане енермін.
Жүрегімді жарып шығар жыр болса,
Сені көктің жұлдызына теңермін......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Донец)

Бұрқанып, тулап жаттың сен.
Ақ көбігің жарқылдап.
Оқтар ұшты үстіңнен,
Мылтық даусы саңқылдап.
Долдана қақты таңдайын,
Ысылдап сол күн жел - дағы.
Қанды кегің бар дайын
Қатуландың сен - дағы.
Жар қабағың шыңылдап
Кешті мөлдір суыңды оқ,
Ашулы ерінің қыбырлап:
«Жоқ, жоқ!— дедің.—
Өткел жоқ!».....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Украина қызына)

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?
Майдандас достан айырып,
«Жан сауға ма» мені алған.
Сәулетсіз қара тіршілік,
Еттім қашан сені арман!
Төсекке тарттың тән - дене,
Қалды жорық... қалды ду...
Жалынбас ғұмыр пендеге,
Жалынды жүрек, болдың у...
Босат мені, қарағым,
Украина қызы, қарындас......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қазақ жыры)

(Сибирь қазақтарының өлеңі)

Жиналайық, жас қазақтар,
Бір араға топталып.
Қызыл гүлді қыз туралы
Жіберейік ән салып.
Шіркін, жастық, сен тұрақсыз,
Соқ қап желдей ағылған.
Шіркін, сұлу қара қас қыз
Жібек шәлі жамылған.
Келеді әне аппақ сұлу,
Тал шыбықтай бұралады,
Әшекейлі орамалдың
Шеті жерге шұбалады......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Айтылмай кеткен аманат)

(Жаудың оғынан қаза тапқан партизандары Әбдеш Ғабдолов пен Василий Шербаковқа ескерткіш)

I
Ауыр бір минут басталды,
Айта алмас.адам тіл жетіп,
Ат қойдық фашист қолына,
Күн аңдысқан түн бекіп.
Дірілдеп кетті жер мен көк,
Дүмпуге ұлы шыдамай.
Дүниеге қайран еттім мен,
Қалайша тұр деп құламай.
Жер бауырлай жөңкіле
Танкі ұмтылды, қызды айқас.
Салмағына шыдамай,
Қақ жарылды қара тас.
Сүзгіледі көк темір,
Жекпе-жекте екі дай,
Дірілдеп жер құйқасы,
Жарқылдады нажағай!.....
Өлеңдер
Толық