Күләш Ахметова (Апорт)

Тыныштықтың құлаққа кеп тұр үні,
Кешіреді бағбан сендей ұрыны.
Күзгі бақта алма көрсең, үзіп ал,
Таңдайыңда қалар тәтті шырыны.
Ай осылай дөңгеленер толғанда,
Күн қызарар батар кезі болғанда.
Иісі қандай күзгі қызыл апорттың,
Шырын нәрін көп сақтайды соңғы алма?
Күн жып-жылы.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ағаштар)

Жапырақтар өртеніп жатыр сайда...
Жабырқаймын күзгі күн батырса ойға.
Ағаштарға дәл мендей іңкәрлікпен
Қарамаған шығар-ау Хокусай да.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ләйлектер келгенде)

Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің,
Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін,
Жапония жері ме, Африка ма,
Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім!
Мейірімге арналып алғыстарың —
Ескерткіші ед қалдырған соңғы ұстаның
Мұнараның басынан......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (VII бөлім)

Жапырақтар, әр түрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әр түрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім, сендермен сырласайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Өлең дәні)

Хал қалай, ақын қауым?
Бірде араз, бірде балдай тату қауым?
Қыл көпір үстінде де қиянатты
Қиындау болатұғын мақұлдауың.
Шығармай келгенде де үнін шындық,
Шындық деп шырылдаумен ғұмыр сүрдік......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Сөз)

Тау тозады,
Өзгереді тас түсі,
Таланттың да ұшар талай жас құсы.
Өзің даңққа бөленгенің сөз емес,
Елдің даңқын шығару ғой — бастысы!
Су тартылар,
Жағалаулар қозғалар.
Жасыл өлке бір кездері боз болар.......
Өлеңдер
Толық