Күләш Ахметова (Күн шыққанда күліп оян)

 Күләш Ахметова (Күн шыққанда күліп оян)

Көктем келсе — құлпырар гүл әрқашан,
Жапырақ жайса — бітеді шынарға сән.
Ештеңеге шаттана алмайсың сен —
Қаулап өскен шалғынға қуанбасаң.
Қуанышсыз жүректе құралмас ән,
Қайғы басса есіңе ал мұны әрқашан.
Ештеңеге риза бола алмайсың,
Жаңа жауған ақ қарға қуанбасаң.
Бірде қажет, бірде артық ойдың өзі,
Қайраттансаң, кетеді қайғы безіп —
Сүймегенің табиғат-анамызды,
Сүйсінбесең туғанда Ай-білезік.
Жүрекке мейірім мен жылу — көмек,
Сүйсінбеуге бола ма сұлуға ерек?
"Ойлай берсең, ой да көп, уайым да көп"
Шыққан күнге қуана білу керек!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру