8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

Жанар Ибраева Жеңісқызы,
Астана қаласы,
№ 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағат мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағаттар
Толық

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Өмірбаяны:
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Рефераттар
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні (Бауыржан Момышұлы)

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге)

Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )
Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Әлеуметтік желі

Қазіргі таңда әлеуметтік желі күн сайын даму үстінде.Әлеуметтік желінің адамдар өмірінде алар орны ерекше.Жақсыларды жағалап,асыл уақытты бағалап жүргенге не жетсін,шыны керек өміріміздің 90 пайызын әлеуметтік желіге арнап жүрміз,тіпті интернетте еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін отырады десекте артық етпес. Интернет – әлдекімге ойына келгенін жүзеге асыратын қару, әлдекімге білім мен ғылымды дамытудың басты құралы.Кейбірі дұрыс жағына....
Шығармалар
Толық

Тарих | Нұрсұлтан Әбішұлы

1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ....
Рефераттар
Толық

Биология | НЕМАТОДТАР КЛАСЫ

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ„ Мүхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде тсездееедіг Қүстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру щгоцесінің барлығы осы нематодтардың қатмсуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы түрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан қүрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ аравына енуге) қалыптасқан ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Н.И. Илминскийдің өмірлік жолы және педагогикалық жүйесі

Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21 сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми - зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.....
Рефераттар
Толық