Биология | НЕМАТОДТАР КЛАСЫ
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ„ Мүхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде тсездееедіг Қүстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру щгоцесінің барлығы осы нематодтардың қатмсуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы түрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан қүрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ аравына енуге) қалыптасқан.
Грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бүлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе үршық тәрізді болып, үштарына қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар үсақ, үзындығы 1 миллиметрге әзер жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір үзын болады. Мысалы, жылқы аскаридасының (Parascaris eguorum) үзындығы 37 см, Placentonema gigantissima-ның 8 метр. Денесінің алдыңғы үшында ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және қүрсақ бөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.
Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. Кутикула (латынша "cuticula" - қабвгқша) клеткалық қүрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Қүрамьщдағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі үзын-ща келген таралымдары оған механикалык беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула сомалық (дене) бүлшықеттерге тірек бола түрып нематоданың өзіндік сыртқы қаңқасын қүрайды да, денені механикалық жарақаттанудан, улы заттардың әсерінен сақтап, қор-ғайды. ч
Кутйкуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы не синцитиялы (клеткалардың косылуынан туған плазмалық қатар) қүрылысты болып келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызы-ғына) .байланысіы ғидодерма ішке қарай төрт ойық (білеу) қүрайды.
Гиподерманың астында бір қабаттан түратын үзына бойы бүл-шықеттері жатады. Олар түтас қабат қүрмай гиподерманың төрт ойығына сәйкее төрт таспа (лента) тәрізді жіктеліп, бөлініп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа қүрсақ бөлімінде.
Нематодтардың денесі арқа қүрсақ бүлшықеттерінің қарама-қарсы кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо-вентраль-ды бағытта ғана иіле алады және қүрт оң немесе сол жақ бүйірімен қозғалады.
Әрбір бүлшықет клеткасы үзын үршық тәрізді болып, жиырыл-ғыш және цитоплазмалық аймақтан, сонымен қатар нерв бағана-ларына бағытталған плазмалық өсінділерден түрады (74-сурет). Бүлшықет клеткасының жиырылғыш аймағында миофибрилдер, ал цитоплазмалық аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранула-лары, тірек талшықтары, басқа да органеллалары орналасқан. Плаз-мшгық немесе иннервациялық өсінділері ортальіқ нерв жүйесінің қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бүлшықеттен екіншіге өткізеді. Сонымен нематодтардың бүлшықет клеткасы жиырылғыш қызметінен басқа, қозуды өткізу қмзметін де атқарады.
74-сурет. Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет капшығы және
бұлшықет клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығыньщ құрылысы (көлденең кесілген
бөлшегі); 1 - кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 - бұлшықет клеткалары,
5 - фибрилла, 6 - протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро, 8 - саркоплазма қапшығы,
9 - саркоплазмалық қапшықтың көлденең кесіндісі, 10 - плазмалықөсінді; Б - бұлшықет клеткалары; 1 - жиырылғыш бұлшықет талшықтары (миофибрилдер), 2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы, 4 - плазмалық өсінді \
Бүлшықет клеткаларының саны бойынша нематодтарды меро-миарлы және полимиарлы деп екі топқа бөледі. Меромиарлы тоіггағы нематодтардың бұлшықет клеткаларының саны 8-ден аспайды, бұларға ұсақ түрлері жатады, ал полимиарлылардың клетка санъі ондаған және жүздеген, бүларға ірі нематодтар жатады. \
Тері-бүлшықет қапшығы мен ішектің арасында протоцель немесе \ схизоцель деп аталатын денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады.
Бүл қуыстың өзіндік қабырғасы жоқ және іші сүйық затқа толы. Сүйық зат денені кернеп, оның жүмырлығын түрақты түрде сақтайды. Алғашқы реттік қуыс дененің тірегі бола түрып, зат алмасу процесіне де қатысады. Дене қуысы арқылы қорытылған заттар ішектен бүлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат алмасудың қалдық өнімдері зәр шығару мүшесіне ауысады. Осылайша дене қуысы организмніңЧпгкг-бртасы болып келеді. Паразитті нематодтардың дене қуысында түссіз сүйыққа толы клеткалар топтасып жатады, жалпақ қүрттардың паренхимасына үқсас. Қуыстың сүйық затында валериан, капрон қышқылдары бар, сондыіқтан да олар улы. ..
Ac қорыту жүйесі үзына бойы созылған тік түтік тәрізді,, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен түрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы үшында орналасып, көпшілік жағдайда ёрекше өсінділер -еріндермен қоршалған; арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымён (стома) жалғасады. Ауыз қуысының қүрылысыәр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зОЪпаразит) өкілдерінің ауыз қуысында қутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттершің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге -стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бүлшықет -протракторлар арқылы қозғала алады. Дщырақіа және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.
Ау_ыз қуысы өңешке үласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бүлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген,_бөлімі бульбус деп аталады Көттшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы (кардиальды),. Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған (75-сурет).
Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium) боладві. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың өңёшке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі энтодермальды, қабырғасы бір қабат эпителиальды клеткалардан қүрылған, оны жүқа базальды жарғақ қаптап түрады. Ортаңғы ішектің_алдыңЕЫ,"бөлімі кеңейіп. "қарыншық" немесе жүтылған қоргектің р^зервуары қызметін ахқаратын - proventricujus түрінде' дамыған.
^РектуіУі'деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол аналь тесігі арқылы сыртқа ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
Кейбір нематодтардың ас қорыту жүйесі қоректенуіне бай-
Зәр шығару жүйесІ7 Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальды) бездері және фагоцитарлы клеткалар атқарады.
Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа. Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі - мойын безі денеде бойлай орналасқан екі буйір экскреторлы түтікшелерден күралған. Түтікшелердің артқы үшы түйықталып бітеді, ал алдыңғы үштары бірігіп ортақ түтікке айналады да, ол сыртқа зәр шығару саңылауымен ашылады (76-сурет). Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бүтағы жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған. Түтіктер арқылы денедегі (несеп) заттар сыртқа шығарылады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды. Ерісін тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жүмыр қүрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің анаэробты ыдырауы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері - органикалық қышқылдар, соның ішінде май және валериан қышқылдары қуыс сүйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш затқа айналады. Сондықтан қүртты сойғанда өте мүқият және абай болу керек. __ ,
Нерв жүйесі және сезім мұшелері қарапайым құрылысты. Бірін-шіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында, теріге жақын орналасқан, екіншіден - күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамы-май, нерв клеткалары нерв бағаналарымен байланыса жекеленген (ганглияларды қүрмай), тек қүрсақ нерв бағанасының үзына бойында нерв клеткалары шоғырланып "қүрсақ тізбегін" қүрып дамыған.
Жыныс жүйесі. Нағыз жүмыр құрттар негізінен дара жыныс-тылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Аталықтары ұсақ,
жіңішке, денесінің соңғы ұшы қүрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңкы.
АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар. Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразит-тері.
Тері сезу мүшелері - қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папил-лалар нашар дамыған. Қылтаншалар қүрттың бүкіл дене бойында орналасқан. Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жүмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір түрлерінде жарық сезгіш пигментті дақтары (көзшелері) болады.
Trichocephalus trichiurus - түкбасты құрт (қылбас құрт)
Адамға жұмыртқалары су, жуылмаған көкөніс арқылы жұтудың нәтижесінде жұғады. Жұмыртқадан шыққан личинка ішектің қабықшасына бекініп, бір айдан соң ересек құртқа айналады. Ішек ісініп, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. ''
Құрттар әлемде кеңінен таралған, кейбір жерлерде, мысалы, Орталық Италияда тұрғындардың бәрінде кездеседі.
Tfichinella spiralis - спиральды трихинелла адамның қауіпті па^азиті.
Трихинеллезбен ауырған адамның беті ісіп, дене қызуы көте-
ріледі, денесі сыздап, ішегі, бұлшықеттері ауырады, өзін әлсіз сезі-неді.
СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA^,.
[Гопырақта, түщы суларда шіріктік ортада кеңінен тараған нематодтар, сонымен қатар көптеген түрлері адамның, жануар-лардың және өсімдіктердің паразитгері (шамамен 3000-ға жуық паразиттік түрлері белгілі).
Тері сезу мүшелері - папиллалар түрінде және тек бас бөлімінде орналасқан. Амфидалары нашар жетілген, кішкене шүңқыр тәрізді. Фазмидалары жақсы дамыған, жүптасып қүйрық бөлімінің екі бүйірінде жатады. Жарық сезгіш пигментті дақтары (фоторецептор-лары) болмайды. Гиподермальды бүйір және терминальды қүйрық бездері жоқ. Аталықтарында бурсальды қанатшалары жақсы дамы-ған. Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі бүтақталған, екі немесе бір бүйір экскреторлы түтігі бар. Кутикуласы берік, қорғаныш қабілеті жақсы.
Ascaridida отряды. Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.
Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды қүрттардың бірі.
Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. Оның себебі - құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар - токсиндер бөліп шығаруында. Бала-ларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады. Осы уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың личинкалары миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді.
Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар профилактикалық алдын алу шараларын бүлжытпай орындау, түрғын-жайды таза үстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек, се-бебі аскарида жүмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік тыңайтқышына түседі, сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы жүмыртқаларын жүтуымыз мүмкін. Сонымен бірге, аскариданың жүмыртқаларын шыбындар, тарақандар тасуы ықтимал. Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына апарып, немесе жуылмаған қолымен тамақтанады да, қүрт жүмыртқаларын жүқтырады. Топырақтағы жүмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, сол суды қайнатпай ішкен адам ауырады.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің түрғында-рының түрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония түрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқыш ретінде шашылады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилак-тикалық шараларды орындау - денені таза үстау, гигиенаны сақтау қажет.
Ішек угрицасы - Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі үрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі - еркін тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродитті формасы дамиды. ¥рықтанған жүмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. Жүмыртқалардан екі типті личин-калар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті қүртқа айналады; қалғандары
топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей туады. Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.
Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті қүрт, үзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бүл паразит зиянды токсиндер бөліп шығарады (80, Б-сурет).
Жүмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жүмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жүғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бүрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жүтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.
Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жүмыстарымен (шахтада, туннель бүрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады. ТМД-да анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.
Sphaerularia bombi - түкті араның паразиті. Ересек түрлері топырақта тіршілік етеді. Үрықтанған аналығы түкті араның дене қуысына еніп, содан кейін паразиттің жыныс тесігінен жатыны айналып шығады да, кеңейіп, жүмыртқаларға толады. Жүмыртқа-лардан дамыған личинкалар, араның денесін тесіп, сыртқа топыраққа түседі де ересек түрлеріне айналады.
Tylenchidae түқымдасының көптеген түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктердің елеулі зиянкестері болып фитонематодтар (фитогель-минттер) тобын қүрайды. Олар өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін жарақаттап зақым келтіреді.
Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyne incognita көп қоректі зиянкестер, олар бақша және көкөніс, сонымен қатар жеміс-жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақым-дайтын паразиттер. Қүрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, үзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары алмүрт немесе қүмыра тәрізді, үзындығы 0,8-1,0 мм (81-сурет).
81-сурет. Паразитті нематодтар: А, Б - бұзғынша (галла) нематодасы (Meloidogyne sp.), аналығы (А), аталығы (Б); В - қызылша нематодасы (Heterodera schachtii), аналығы;
Г - бұзғынша нематодасымен зақымданған қияр тамырлары; Д - қызылша нематодасымен зақымданған қызылша тамыры; Е - қызылша нематодасының , аналықтары (улкейтілген); 1 - стилет, 2 - өңеш, 3 - өңеш безі, 4 - нерв сақинасы, , ?. 5 - зәр шығару тесігі, 6 - ортаңғы ішек, 7- аналық без, 8 - аналық жол,
9 - жатын, 10 - жыныс тесігі, 11 - аналь тесігі, 12- аталық без, ' 13 - аталыкжол, 14 - түқым шығарғыш түтігі, 15 - спикула
Топырақ арасына түскен личинкалар өсімдіктердің тамырына өтеді. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректеніп, төрт рет түлеп, өседі. Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің тамыр тканьдері, қалыптан тыс үлғайып өсіп, тамырларының үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады (81, Г - сурет). Бүл ісіктер біртіндеп үлкейе береді. Алғашқы кезде олар қатты, кейіннен көпсіп, шіріп жүмсарады. Осы бүзғыншаның ішінде личинкалар өсіп ересек түріне айналады. Аналықтары жүмыртқасын арнайы бездердің бөлінуінен пайда болған оотека деп аталатын жүмыртқа қапшығына салады. Дамыған личинкалар оотекадан шығып, шіріген бүзғыншаны тастап, топыраққа немесе басқа өсімдіктердің тамырына өтеді.
Бүзғынша нематодасымен зақымданған өсімдіктер өспей, ерте солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердің бастысы - ауруға төзімді сорттарды таңдап алу, арам шөптерді қүрту, топыраққа нематоцид препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары көтеру.
Қызылша нематодасы - Heterodera schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақым-дайтын паразит.
Қызылша нематодасы, бүзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, үзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, үзындығы 0,8-1,3 мм (81-сурет).
Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, үрықтанады. Жүмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді.
Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр - жемісінің қүрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі төмендейді.
Қүрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан үшін карантин объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дүрыс қолдану қажет.
Бидай нематодасы - Anguina tritica бидай және басқа да астық түқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және
82-сурет. Бидай нематодасы (Anguina tritica): A - аналығы; Б - нема^одайен зақымданған бидай есімдігі; В - бұзғыншалар (галла); Г - згвдымданбағаншсақ;
Д - нематодамен зақымданған масақ , _ ;
фитонематодтар ішіндегі ең ірісі. Аналығының үзындығы 5 мм, көлденеңі 0,2 мм.
Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрме-леп, бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас масақ тарта бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан бүзғыншалар (галла) түзіледі. Бүзғыншаның ішінде личинкалар өсімдік шырынымен қоректеніп, өсіп ересек түріне айналады да, үрықтанып, жүмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жүмыртқа-лардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Қүрғап кеткен бүзғыншаның ішінде бүлардың тіршілік уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін өлмей өмір сүре алады.
Бүзғыншалар бидай түқымымен бірге жерге себіледі де, оның ішінен личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ ара-сына түскен личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. Сондықтан бидайды себу алдында оның тұқымдарын мүқият тазалау қажет.
Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың сабағы өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бүз-ғыншалар (галла) пайда болады. Бүзғыншалар пішіні және үлкендігі
жағынан бидайдың cay дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті бұдыр-бұдыр болады (82-сурет).
ТМД елдерінде Қырым, Кавказ, Балтық теңізі жағалауларында, Украинада және Орта Азия республикаларында кездеседі.
Картоп сабақ нематодасы - Ditylenchys destructor картоп түйне-гінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, жіңішке, үзындығы 1 мм-ге жуық, үдайы қозғалып жүретін қүрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп қүрғақ шірік тәрізді болып бүзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.
Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты отырғызғаннан болады, сондай-ақ қүрттар топырақ арқылы да таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейін-нен түйнектеріне өтеді.
Бүлармен күресудің басты шарты - картопты қоймаға сақтау алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мүқият сүрыптап, 4-5°С-дан аспайтын температурада сақтау керек (нематоданың дамуы-ның ең қолайлы температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да зақымдалмаған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу қажет.
Spirurida отряды. Өкілдері тропикалық, субтропикалық елдерде кең тараған, адамның және жануарлардың қауіпті паразиттері. Маңызды өкілдері Filariidae түқымдасынан: ришта - Dracunculus medinensis; Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti.
Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке қүрт, аналығының үзындығы 32-100 см, аталығы - 2 см (83-сурет). Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп (ойық жара) жарақаттайды.
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады.
ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы -гельминтология деп аталады. Паразитті құрттар арқылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болатын аурулар -іш-құрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады. Сорғыш құрттардың салдарынан - трематодоз, таспа құрттардан - цестодоз, жұмыр құрттардан - нематодоз аурулары пайда болады. Осылардың ішінде әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен аталады. Мысалы: Fas-ciola hepatica - бауыр сорғыштың тудыратын ауруы - фасциолез; Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides -аскаридоз; Trichinella spiralis - трихинеллез, т.б.
Паразит деген ұғымның өзі гректің "para"- жанында, "sitos"-қоректену деген сөзінен шыққан. Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір организмнің екінші бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде де, мекен ретінде де пайдаланатын жануар. Паразиттер өз иесінен кіші боладьі.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе селбесіп өзара қарым-қатынастық жасауынан, эволюциялық
даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген балық пен майда қүрттарды алатын болсақ, қандай бір жағдайлармен жаңағы қүрт балық денесіне жабысты. Бүл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда жәндіктерді қармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балық денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей - бүл нағыз дайын органикалық зат. Сондай-ақ балық денесі қандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шықкан қан қүрттың аузына қүйылады. Бүл қанмен қоректенген қүрт оған да бейімделе бастайды. Енді, қүрт осылай қоректенуге бейімделгенде, балык денесі жазылып, қүрт өзінің әдеттенгендік қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жарақаттап, қанымен қоректенеді. Одан кейін қүрт жүтқыншаққа, өңешке және тағы бір кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, қүрт еркін тіршілік етуден, дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінің иесін пайдаланып паразиттік тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген басқа жолдар да бар..
Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі және аральщ. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (түрақты) иесі, ал личинкасы дамитын болса, ол аралық иесі. Бүлардан басқа екінші (қосымша) және резер-вуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа қүрттың (Di-phyllobothrium latum) негізгі иесі адам, аралығы - циклоп (шаян-тәрізділер), екінші (қосымша) аралығы - балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, Aloinema туысына жататын қүрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, пара-зиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке түспеген жағдайда олар топы-рақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бүл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты пара-зиттер. Солардың ішінде толық даму үшін аралық иені қажет ете-тін паразит қүрттар - биогельминттер, ал топырақты қажет ететін -геогельминттер.
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондықтан елімізде гельминтозға қарсы күрес жүргізу шара-лары қолға алынған. Бүл салада атақты ғалым академик К. И. Скрябин
және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайдалануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына қарсы күрес жүргізудің көптеген шараларын үсынып, аурудың алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дүрыс жолға қойылған.
К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкент пен Әулиеатада бастады (1905-1911 жылдары). Жамбыл қаласында К. И. Скрябин атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялық лаборатория мен музей ашылған және мемориал тақтасы орнатылған.
К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодтар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды рөль атқарады.
Қ¥РСАҚ КІРШКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA
Түщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, өте үсақ, 1-1,5 мм-ге жететін, қүрт тәрізді жануарлар. Негізгі ерекшелігі - денесінің қүрсақ жағында кірпікшелері бар, ол қүрттың субстратта қозғалып жүруіне мүмкіндік жасайды. Бүл белгі қүрсақ кірпікшелілердің турбеллярияларға үқсас екенін көрсетеді. Қазіргі кезде қүрсақ кірпікшелілердің 160-тан астам түрі бар.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы жағында аузынан басталып, артқы жағында аналь тесігімен аяқталады. Үш қырлы жүтқыншағы
84-сурет. Құрсақ кірпікшелі құрттар: A - сыртқы көрінісі (қүрсақ жағынан); ;
Б -ішкі құрылысы; В - тұщы суда тіршілік ететін Chaetonotus maximus; 1 - ауыз, 2 кілегейлі бездер, 3 - кірпікшелі шұңқыр, 4 - қылтандар, 5 - кірпікшелер,,
6 - протонефридия, 7 - зөр шығару тесігі, 8 - аталық жыныс тесігі, 9 - аналық жыныс тесігі, 10 - аналь тесігі, 11 - ганглий, 12- нерв бағанасы, ' 13 - жұтқыншақ, 14 - өңеш, 15 - ортаңғы ішек, 16 - аталық без, 17 - аталық жол, 18 - жұмыртқа, 19 - жатын, 20 - аналық жол
энтодермальды ортаңғы ішекке және эктодермальды артқы ішекке жалғасады (84-сурет).
Зәр шығару жүйесі протонефридиальды. Ол сыртқа ашылатын екі түтікшеден қүралған, үштары жалын немесе жүлдызша тәрізді клеткамен аяқталады.
Қан айналу, тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі жүп жүтқыншақ үстіндегі ганглиядан және екі бүйірінде үзына бойы орналасқан нерв бағанасынан түрады.
Сезім мүшесінің қызметін дене жабынында сирек орналасқан қылтандар және басының бүйіріндегі кірпікшелі шұңқырлар атқарады. Кірпікшелі шүңқырлар - хеморецепторлары.
Жыныс жүйесі. Қүрсақ кірпікшелілер дара жыныстылар немесе гермафродиттер. Жыныс бездері көбіне жүп болады. Жыныс тесігі аналь тесігінің алдында орналасады. Ұрықтануы іштей өтеді.
КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
Теңіз түбіндегі қүмдарда немесе балдырларда тіршілік ететін, үсақ қүрт пішінді жануарлар. Үзындығы 0,8-1 мм. 100-ге жуық түрлері бар.
Қүрылысы мен физиологиясы. Денесі кішірек бас бөлімінен, қысқа мойын және үзын дене бөлімінен түрады. Денесі қалың хитинді тақталармен қапталған. Олар біріне-бірі тығыз үй шатыры (черепица) сияқты жанасып орналасуының нәтижесінде, қүрттың денесі буынды сияқты болады.
Тақталар қүрт денесін 13 буынға бөліп түрады: бірінші - бас буыны, екіншісі - плакида деп аталатын мойын, қалғандары зонит деп аталатын - дене буындары. Киноринхалардың буындарын, буыл-тық қүрттардағы буындармен шатастыруға болмайды, өйткені кино-ринхалардың сыртқы буындарының ішкі мүшелерге қатысы жоқ.
Сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетка қабатынан түрады. Денесінің басындағы кутикулярлы өсінділер үзынша тікенек, ал қалғандары майда қылтаншалар түрде түзілген.
Киноринхалардың бүлшықеттері бөлек-бөлек түйіндерге бөлініп, түтас тері - бүлшықет қапшығын жасамайды. Бүлшықеттері көлденең салалы жолақ. Киноринхалар барлық төменгі сатыдағы қүрттардан осы белгісімен ерекше. Дене қуысы - схизоцель.
Ac қорыту жүйесі түтік түрінде ауыз тесігінен басталып, артқы жағында аналь тесігімен аяқталады.
Зәр шығару жүйесі қүрсақ кірпікшелілердікі сияқты прото-нефридиальды. Жүп түтіктері қысқа, үштары жүлдызша клеткамен аяқталады.
Нерв жүйесі жүтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және қүрсақ нерв тізбегінен түрады. Денесінің буынына сәйкес, әрбір зонита да ганглия клеткаларының жиынтығы байқалады.
Сезім мүшелері қылтаншылардан және жүптасқан қарапайым көзшелерден түрады.
Жыныс жүйесі. Киноринхалар дара жынысты. Жыныс бездері жүп, жыныс жолдары дененің артқы бөлімінде ашылады. Жүмырт-қаларынан личинкалар шығып, бірнеше рет түлеп, ересек түрлеріне айналады. Түлеген уақытта денесіндегі тақталары жаңадан түзіледі.
ТҮКТІ Қ¥РТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA
Бүл класқа буынаяқтылардың, әсіресе, насекомдардың дене қуысында паразиттік тіршілік ететін қүрттар жатады. Денесі өте жіңішке, цилиндр немесе шаш тәрізді, үзындығы бірнеше санти-метрден 1-1,5 метрге дейін болады. 225-ге жуық түрлері бар.
Қүрылысы мен физиологиясы. Денесі тығыз тері жамылғы -кутикуламен қапталған, оның астында бір қабатты эпителий және үзына бойы бүлшықеттерден түратын тері-бүлшықет қапшығы орналасқан.
Ac қорыту жүйесі үзына бойы созылған тік түтік тәрізді, ал-дыңғы, ортаңғы және артқы ішектен түрады. Көптеген түрлерінде алдыңғы ішегі редукцияға үшырайды немесе мүлде дамымайды.
. : І ■ 85-cypem. Түкті құрт (Gordius aquaticus): A - сыртқы құрылысы; Б - бас бөлімі; В - артқы бөлімі; Г,Д - личинка, қабыршақтың ішінде (Г), қабыршақсыз (Д)
Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған, сонымен қатар, ішек айнала-сында ұзынынан созылып жатқан алғашқы дене қуысы (схизоцель) бар.
Зәр шығару, тыныс алу, қан айналу жүйесі болмайды.
Нерв жүйесі тері эпителиінде орналасып, жұтқыншақ айнала-сындағы нерв сақинасынан және қүрсақ нерв бағанасынан түзілген. Сезім мүшелері нашар жетілген.
Жыныс жүйесі. Түкті қүрттар дара жынысты. Жыныс бездері жүп, денесінің алдыңғы бөлігінен басталып жыныс жолдарына жалғасады, ал олар артқы ішектің кеңейген бөлігі - клоакаға ашылады.; Аналықтарының жатыны болады,
КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA
Бүлар көбінесе түщы суларда мекендейтін жануарлар, теңіздерде тіршілік ететін түрлері де аз емес, сонымен қатар ылғалды топырақта да кездеседі. Көпшілігі еркін қозғалады, аздаған түрлері бекініп тіршілік етеді. Олардың 1500-ден астам түрі бар.
Құрылысы мен физиологиясы. Өте үсақ, микроскопиялық қүрттар, үзындығы 0,04 мм-ден (Ascomorpha minima) 2,5 мм-ге дейін (Asplanchna brightwelli). Дене пішіні созыңқы болып келеді, кейде ғана шар тәрізді немесе домалақ (Trochsphaera туысынан). Басым көпшілігінің денесі үш бөлімнен түрады: кірпікшелі аппараты бар бас, дене және аяқ. Аяғы болмауы да мүмкін.
Бас бөлімі денеден аз ғана бөлініп түрады, оның алдыңғы үшында екі қатар шеңбер жасай орналасқан, күрделі кірпікшелерден қүралған айналмалы (бүрғы) аппараты бар. Кірпікшелер көбінесе бірінің ішіне
бірі кигізілген қос дөңгелек сияқты орналасады да, қозғалған кезде айналып түрған дөңгелектің сым шабағы (спица) сияқты көрінеді. Латынша "rota" - дөңгелек, "fera", "toria" кию, тасу (rotifera, rotatoria - дөңгелек тасушы). Кластың аты осыған сәйкес қойылған және бұлар басқа кластардан осы айналмалы аппаратымен ерекше. Айналмалы аппаратының кірпікшелері үнемі ңозғалыста болып, жәндіктің суда қозғалуын және суда толқын туғызып ауызына ұсақ жәндіктерді әкелуіне қызмет етеді. Айналым аппаратының формасы өзгергіш. Кейбір коловраткаларда екі шеңберлі кірпікшелерінің орнына ауызды айнала қоршаған кірпікшелі алаң (Notommatidae түқымдасында) немесе қалақты доңғалақ (Floscularia туысында), немесе созылыңқы қармалауыштар шоғыры (Stephanoceros туысында) орналасады.
Арнайы бүлшықеттер - ретракторлардың көмегімен бас бөлімі қозғала алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан сыртқа созылып шығады.
Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ (арқа - қүрсақ немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан сауытпен немесе қабықты түтікпен қапталған.
Аяқ бөлімі дененің бүлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен қапталып, жылжымалы екі саусақтан түрады. Саусақтың үшында кілегейлі заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының көмегімен көптеген коловраткалар уақытша, кейбіреулері түрақты түрде су асты заттарына бекініп түрады. Аяғында үзына бойы және сақина тәрізді бүлшықеттері жақсы дамыған.
Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бүлшықет қапшығы болмайды. Тері жамылғысы синцитиялы бір қабат эпителиден (гиподермадан) және тығыз орналасқан талшықты заттардан қүра-лады. Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттары-ның, түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Көлденең бүлшықеттері түтас қабат жасамай денеде топтасып орналасады да, оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың (схизоцель) ішінде орналасқан.
Ac қорыту жуйесі бас бөлімінің алдыңғы жағындағы кірпікшелі айналым аппаратының ортасында ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысына және кеңейген бүлшықетті жүтқыншақтың шайнағыш -мастакс (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин қабаты жапқан және осыдан қатты хитинді тақталар түзіледі, олар төс пен балғашық. Бүлар диірмен тасы сияқты үйлесімді қозғалып қорек заттарды үнтап, өңеш арқылы үлкен энтодермальды
1 86-сурет. Коловраткалар (А - арқа жағынан, Б - бүйір жағынан):
1 - қылтанақ, 2 - айналмалы аппараты, 3 - ауыз тесігі, 4 - мастакс, 5 - сілекей бездері, 6 - өңеш, 7 - қарын бездері, 8 - қарын, 9 - аналық без, 10 - протонефридия,
11 - артқы ішек, 12 - қуық, 13 -клоака тесігі, 14 - кілегейлі бездері,
15 - аяқ ганглиясы, 16 - аяғының саусақтары, 17 - юіоака, 18 - арқа қылтанағы,
19 -жұтқыншақ үсті ганглиясы, 20 - бірінші қуыс (схизоцель)
қарынға бағыттап отырады. Қарынның ішіндегі қорытылған заттаг_ денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы үшь кеңейіп клоакаға айналады. Ac қорыту жүйесінде жүтқыншаққг ашылатын сілекей безі және қарынға ашылатын ас қорыту безі жақсь жетілген (86-сурет). Кейбір түрлерінде (Asplanchna, Ascomorpha Chromogaster туысынан) артқы ішегі жойылып, түйық бітетіг қарынның ішіндегі қорытылмаған қалдық заттар ауыз арқылы сыртқ* шығарылады. >< і
Коловраткалардың қорегі: бактериялар, көк-жасыл балдырлар, детрит. Жыртқыш түрлері ұсақ қарапайымдыларға, басқа колов-раткаларға шабуыл жасайды.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. ¥штарында кірпікшелер шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі түтіктердің артқы үшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады. Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Нерв жүйесі қарапайым қүрылысты, жүтқыншақ үсті ганглиядан және одан жан-жағына тараған нерв талшықтарынан түрады. Солардың ішінде екі бүйір нерв талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді.
Сезім мүшелері - қарапайым көздер және шоғырланып орна-ласқан қылтанақтар. Көздері - қызыл пигмент бокалдың ішінде орналасқан жарық сәуле өткізгіш көз жанары түрінде.
Жыныс жүйесі. Коловраткалар дара жыныстылар, жыныстық диморфизмі байқалады. Аналықтары ірі, аталықтары өте үсақ, ергежейлі.
Денесінің артқы бөлімінде орналасқан аналық безі сарыуыз безіне жалғасып, одан шыққан аналық жолы клоакаға ашылады. Аталық безі де аталық жолы арқылы клоакаға ашылады. Шағылыс мүшесі (cirrus) бар.
Коловраткалардың көпшілігі жүмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де бар. Жұмыртқалары қабыршақпен қаптал-
ған, көп жағдайда жү-мыртқалар сабақшасы ар-қылы анасының денесіне (аяғына) жабысып түрады. Дамуы және тіршілік циклі басқа жүмыр қүрт-
87-сурет. Anuraea cochleans-тың жылдық тіршілік циклг 1 - қыс-тап шыққан жұмыртқа, 2-5 - көк-темп және жазғы партеногене-тикалық аналықтары амиктика-лық жұмыртқаларымен, 6 - күздеп партеногенетикалық аналығы аталық жұмыртқаларымен, 7 - аталығы

тардан ерекше. Даму жолында екі түрлі үрпақтың алмасуы немесе гетерогония байқалады: партеногенетикалық және қос жынысты. Бүл жағдайда партеногенетикалық үрпақтар амиктикалық жүмыртқа (хромосомалары диплоидты) және миктикалық (хромосомалары гаплоидты) деп аталатын екі түрлі жүмыртқа салады.
Әдетте көктемде қыстап шыққан жүмыртқадан аналық коло-вратка шығып, ол үрықтанбай партеногенетикалық жолмен амиктикалық жүмыртқаларды салады. Олардан партеногенетикалық аналықтары шығып, амиктикалық жүмыртқаларды салады да, осындай даму процесі көктем, жаз бойы жүреді де, партеноге-нетикалық аналықтарының бірнеше үрпақтары пайда болады. Бүдан кейін күз айында амиктикалық жүмыртқадан шыққан аналығы бүрынғыдан 2-3 есе кіші миктикалық жүмыртқаларды салады, олардан өте үсақ аталықтары шығады да, аналықтарымен шағылысып, содан кейін өздері өледі. Осыған байланысты ас қорыту және зәр шығару мүшелері аталықтарында нашар дамыған. ¥рықтанған аналықтары енді тыныштық күйдегі жүмыртқаларды салады. Олар ірі, қалың қабыршақтармен қапталған, дамуына бірнеше айдан бір жылға дейін уақыт қажет. Тыныштық күйдегі жүмыртқалар қыстап шығады да, көктемде олардан тек аналықтары шығып, партеногенетикалық жолымен амиктикалық жүмыртқаларды салады да, тіршілік циклі қайтадан басталады (87-сурет). Сөйтіп бір циклдін ішінде екі түрлі үрпақтың кезектесіп отыруы байқалады. Амиктикалық жүмыртқа-ларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн ғана.
Тіршілік циклінің үзақтығына қарай коловраткалар формалары -моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жыл бойына бір ғана даму циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді, көп - полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың физикалық, химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде тіршілік циклін өзгертіп түруы және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі болуы мүмкін.
Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы қүрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері, тікенектері үзарып, қысқаруы) өзгермелі. Бүны маусымдық өзгерістер немесе цикло-морфоз деп атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы бөліміндегі тікенектері көктемде үзын болса, жазға қарай қысқарып, күзде жойылып кетеді (87-сурет).
Коловраткалардың тағы бір ерекшелігі - жеке мүшелер қүра-
мындағы клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-ның жабыны 301 клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғы ішегі - 76, жыныс жуйесі - 19, бүлшықеттері - 122, жүйке жүйесі - 247, зәр шығару жүйесі - 24, ал жануардың барлық денесі - 959 клеткалардан түратындығы дәлелденген. Осыған байланысты коловраткалар реге-нерациялық қабілетінен айрылған. Осындай белгісімен коловрат-калар нематодтарға үқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea, Monogononta.
Seisonidea отряды. Өкілдері теңіз шаяндарының (Nebalia) желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі қүрт тәрізді, мойыны және аяғы үзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
Bdelloidea отряды. Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, мүктерде тіршілік етеді. Денесі қүрт тәрізді үзын, жер бауырлап жай қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus cy түбінде мекендейді.
Monogononta отряды коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі түщы суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге бейімделген. Бүлар түрлер саны жағынан да артады.
Суда мекендейтін түрлері - планктон және бентос формалары. Планктонды формалар су айдындарының әр түрлі тереңдігінде қалқып тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың дене өсінділері, үскі (сверло) тәрізді айналмалы аппараты жақсы дамыған және қосал-қы мүшелері болады. Бүл топқа Notholca, Polyarthra, Pedalion, Triarthra тағы басқа туыстарының өкілдері жатады. Жиі кездесетін түрлері: Notholca longispina, Polyarthra platyptera.
Бентосты формалары су түбінде еркін қозғалып немесе су астындағы заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловрат-калар - Brachionis, Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының өкілдері. Бекініп тіршілік ететін түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты түтіктерді жасап, соның ішінде отырады. Бүлар - Stephanoceras, Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.
Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колония-сында мекендейді.
Коловраткалар судың кеуіп, қүрғап қалған жағдайда анабиоз күйіне ауысады да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде кең таралады.
Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде маңызы зор. ,- . s
Коловраткалар кірпікшелі айналмалы аппаратымен, протонеф-ридияның қүрылысымен, жер бауырлап қозғалатынымен тур-беллярилерге үқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялар-дан, соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoela-лардан пайда болды деп санайды.
Коловраткалар қүрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері-бүлшықет қапшығының жоқтығы, кірпікшелерінің болуы, протонефридияның қүрылысы) қүрсақ кірпікшелілер класына жақын. Негізгі белгілерімен коловраткалар жүмыр қүрттар типіне жатады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат НЕМАТОДТАР КЛАСЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, НЕМАТОДТАР КЛАСЫ