Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам
Машрап Мөлдір Кенжебайқызы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
№221 негізгі орта мектебі 9-сынып оқушысы

Әрбір адам қандай да бір іс үшін дүниеге келеді. Олай дейтін себебім, кез-келген пенде армандап, өз мақсаттарын құра алғанда ғана адам болып саналады. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдер – адамның бүкіл өмірінің алғышарты, іргетасы және болашағының нұсқаушысы.
Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Яғни, қоғамның дамуы адамға тікелей байланысты. Ал, әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған қоғамына, бір пайдасын тигізіп, оны дамытуға міндетті болып табылады. Сондықтан, адам өз жолын дұрыс таңдай білуі қажет. Себебі, кез-келген адамның өз ұстанымы, таңдауы – өмірлік жемісі әрі еліне қосқан үлесі. Бірақ, адам өзінің икемділігіне, қабілеттілігіне қарай өмір сүруі тиіс. Егер, өмірлік ұстаным адам жанына жақын болмаса, одан еш пайда шықпайды. Өз қалауымен еңбектеніп, өз ортасын таба алған адам ғана, жанына қуаныш сыйлай алады. Оған дәлел, Әл-Фараби атамыз: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, адамның өз ортасындағы бедел биігі мен қалаған ісіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы болса, аз уақыттың ішінде заманның бірден – бір бақуатты әрі бақытты кісісі болатынын айтқысы келді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзіне не керек екендігін таңдай білген адам ғана саналы ғұмыр иесі әрі нағыз адам болып саналады. Кімде – кім бала кезінен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдау өмірдің сара жолы екенін білсе, сол адам ештеңеден тайсалмай, қаһармандық жасауға қабілетті деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, біздің ауылда жұмыссыз екі қолын қоярға жер таппай жүрген кісілер баршылық. Көбінесе біреулердің болмашы жұмысын істеп, араққа ақша тапқанына мәз болып жүрсе, солармен бір сыныпта оқыған кісілердің біреулері қалада, ал біреулері ауылда жүріп-ақ өз шаруаларын дөгелентіп жүр. Осыларды көре жүріп, құлықсыз адам құлдық өмір сүріп, өз жолын дұрыс таңдаған адам- қаһарман деген ой түйе келіп, қалай болғанда да өмірлік таңдауды осы бастан таңдауға бел будым. Абай атамыз: «Әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?», - деген 32 қара сөзінде. Олай болса, шын көңілімен, өзі қалаған ісімен айналысқан адам өз таңдауынан азап шекпейді деп ойлаймын. Демек, қабылданған әрбір шешім адам өміріне тікелей әсер етіп, өз орнын табуға септігін тигізеді.
Таңдау да мінезге байланысты. Жоғарыдағы қара сөзінде Абай атамыз: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ»,- дейді. Сондықтан ең алдымен мінезді дұрыстау қажет. Ол үшін ұстамдылық, сабарлылық бірінші орында тұрса, қысылтаяң уақытта да, кез келген ортада да дұрыс шешім қабылдай аласың. Ал ол өмірлік дұрыс шешім қабылдаудың алғышарты болмақ.
Өз ойымды қорытындылап жазар болсам, адамның өмірлік ұстанымы – адами қасиеттерінің көрсеткіші, әрі нақты қадамдарды қабылдай алатындығының бірден– бір белгісі. Яғни, саналы және нақты қадам ғана адамды бақытқа кенелтеді. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым, жарқын болашағыма нақты қадамым.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе сочинение про Дурыс шешим – улкен омирге накты кадам на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам