Урологиялық аурулардың семиотикасы мен симптоматологиясы

Ауыру - урологиялық кеселдердің ең мәнді және неғұрлым жиі болатын нышандарының бірі. Шығу тегі жағынан ауыру шаншып не қақсап ауыратын болуы, тыныш қалыпта не қозғалғанда білінетін болуы мүмкін. Науқастардың медициналық көмек сұрауының ең жиі кездесетін себебінін өзі де осы ауыру сезімі.
Ауыру белдің төңірегінде, шап өзегінің сыртқы бөлігінде, шат аралығында, тік ішектің төменгі шегінде, қасаға байламында шоғырлануы мүмкін.
Ауыру әдетте ауырған органның орнына сәйкеседі, алайда басқа органнан таралған, иррадиацияланған болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек шаншуында (несепағарда, шүмекшеде тас болуы) ауыру төмен шапқа, жыныс органдарына, санға иррадиацияланады.
Бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде неғұрлым жиі болатын симптом (нышан) бүйрек шаншуы. Бүйрек шаншуының ұстамасы әдетте кенеттен, ауыр күш түскеннен кейін пайда болады. Ауыру пышақпен кескендей өткір сипатта болады. Науқастар мазасызданып, төсекте дөңбекши береді. Бүйрек шаншуының ұстауы әдетте қысқа мерзімді болады.
Бүйрек шаншуы кезінде несеп оған қан араласқандықтан қызыл түске боялады.
Бүйрек шаншуы - бұл жоғарғы несеп жолдарының жылтыр бұлшық еттерінің құрысып қалуының салдары. Кейде белдің маңы қақсап ауырады, әдеттегі иррадиация болмайды, енді бір жағдайларда ауыру реакциясы мүлдем болмайды (уақытша өзі дара қалған бүйрек).
Құрсақ – астының, мықын асты маңының тартып ауыруы бүйректердің дистопиясына, таға тәрізді бүйрекке тән. Таға тәрізді бүйрек кезінде ауыру сезімі бүйрек мойыншасынын қолқаға, төменгі қуысты венаға, нерв өрімдеріне батуынан да болады.
Бүйректің киста аурулары (поликистоз, мультикистозды бүйрек, мультиокулярлық бүйрек, бүйректің солитарлық кистасы) кезіндегі ауыру сезімі де әдетте тартып ауыратын сипатта болады және ұлғайған кисталардың бүйректің фиброздық капсуласын керуіне байланысты. Аномальдық бүйректер инфекцияның енуіне - пиелонефритке шалдыққыш (82%), ал мұның көп жағдайда бүйректің құрысуына апарып соғатыны мәлім.
Жедел пиелонефрит кезінде толып жатқан симптомдар тән: жоғары температура, қабырға астының, белдің шаншып ауруы, несепте лейкоциттердің болуы.....
Рефераттар
Толық

Су қорын экономикалық бағалау

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.
Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З ) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И ) алынатын суға шығындарды (Q ·З ) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q ) қатынасымен анықталады.
З = ,
мұнда: З , З – су әкелетін және су алынатын аудандарда суға шеткі шығын; Q = Q + Q – су ысырабы қоса есептелген тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пайдаланылатын көлеміне тең болады (Q = Q ). Мұндай жағдайда шеткі шығын су алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп анықталады.
З = З ,
мұнда К – су тасымалдаудың пайдалы коэффициенті.
Су үнемдеу шараларын мысалмен қарастырайық. Ең тиімдісін таңдау үшін су үнемдеудің төрт нұсқасы бар делік:....
Рефераттар
Толық

Сұраныс

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
1- кесте
Шұжыққа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз , мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады.,бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды.
Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзқгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық алаалады,ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екендігін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс- бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсетукерек, мысалы,күніне, айына, жылына және т.б ....
Рефераттар
Толық

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез - құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады. .....
Рефераттар
Толық

Сыртқы саясат

Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі - бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады.....
Рефераттар
Толық

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызмет-тер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тоуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс омірде дол осылай жүрмейді.
Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарық-тардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалык кеңістікте түрақты түрде бір-бірімен келісімді бо-луға тисті. Осы мәселелерді дүрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып түрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тен. болуы керек.
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық.
Жиынтық сураныстың натуралдық-заттық нысаны халық-тың, фирмалардың және мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның қүрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден, барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін.
Жиынтық сұраныстың қун жагының мазмуны жиынтық табыстың әр дәрежесіне тағайындалған отандык тауарлар мен қыз-меттер үшш жоспарланған шығындардың сомасымен аныкталады.
Жиынтық сураныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған халыклың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың экономиканың секторларына сәйкес болінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа белуге болады:
тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы;
инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұра-нысы;
мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы;
таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұраны-сы мен шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы.
Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең болады:
С + I = G + X.....
Рефераттар
Толық

Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi. ....

Рефераттар
Толық

Ұлттық қор

Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1 триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді сатудан түскен.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр.
«Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында қолға алынған», – дейді Г.Досқалиева.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады», – дейді Г.Досқалиева.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген.
Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр.
Президент Н.Ә.Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б]-деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н.Ә.Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы.
Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды.
Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады.
Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр.
Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді.
Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық есеп жүесi макроэкономикалық статистиканың негiзi

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады:
- мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
- макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру;
- экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi;
- статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:
Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.....
Рефераттар
Толық