Ұлттық қор

Ұлттық қор

Қазақстан Республикасының ұлттық қоры

Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1 триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді сатудан түскен.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр.
«Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында қолға алынған», – дейді Г.Досқалиева.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады», – дейді Г.Досқалиева.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін.
Әрине, ақша жүрген жерде лаң жүреді. Қызығушылық та, сұрақ та көп болады... Бұл орайда, Қазына комитетінің өкілі Г.Досқалиева журналистерге «Ұлттық қорға қанша ақша түсіп, қанша алынып жатқаны жөнінде бұдан былай апта сайын ақпарат таратып тұруға дайынбыз», – деп мәлімдеді.

Қор экономи¬касының қарқынды дамуы

Қа¬зір¬гі уақытта ел экономи¬касының қарқынды дамуы нәти¬же¬сінде көптеген қаржы инсти¬тут¬тары қанатын қатайтып, жаңа құ¬рылымдар ірге қалауда. Соның ішін¬де соңғы жылдар бедеріндегі басты жа¬ңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге ба¬ғытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таң¬да дүние жүзінде мұндай құры¬лым¬дардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есеп¬тегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Мағлұмат үшін айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.
Ұлттық қор материалдық емес ак¬тивтерді қоспағанда, Ұлттық Банк¬тегі және Үкіметтің есеп-шо¬тын¬да шоғырландырылған қаржы ак¬тивтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.
2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жө¬нін¬дегі қажетті іс-шаралар толық тия¬нақталды. Атап айтсақ, ел Пре¬зи¬дентінің 2001 жылғы 29 қаң¬тар¬да¬ғы Жарлығымен “Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының Ұлттық қорын қалып¬тас¬тыру және пайдалану ережесі”, сон¬дай-ақ Үкімет қабылдаған бір¬не¬ше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Рес¬публикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операция¬ла¬рын жүзеге асыру ережесі, Қазақ¬стан Республикасы Ұлттық қоры¬ның жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.
Ұлттық қор бюджеттік және макро¬экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндет¬тер-ді жүзеге асыруға, сондай-ақ бо¬ла¬шақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пай¬да¬лану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанын¬да¬ғы консультациялық-кеңесу органы са¬налатын – Ұлттық қорды басқару жө¬ніндегі кеңес арқылы басқары¬ла¬ды. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып та¬бы¬лады. Сонымен бірге Президент¬ке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды бас¬қару жөніндегі қызметке бақы¬лау¬ды жүзеге асыру, өзге өкілет¬тік¬тер беру сияқты артықшылықтар ұсы¬нылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес ин¬вес¬тициялауды жүзеге асырады. Со¬ған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қор¬дың активтерін басқаруға сырт¬қы басқарушылармен шарттар жа¬сас¬ты. Ұлттық қорды басқаруға бай-ланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

Ұлттық қорды пайдалануы

Ұлттық қорды пайдалану Қа¬зақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қара-жатын пайдаланудың түрлі бағыт¬тары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Ай¬та¬лық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке ауда¬ру, сыртқы борыштарды өтеу, ин¬вес-тициялық кірістің бір бөлігін ха¬лық¬тың арасында бөлу, эколо¬гия¬лық бағдарламаларды қаржылан¬ды¬ру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда балама ретінде мұ¬най¬дан түсетін қаражатты халық ара-сында бөлу мүмкіндіктері қарас¬тырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық ва¬лютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағ¬дайда мемлекет ақша қаражаты¬ның тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті дең¬гейде төлем жасау қабілеті әлсі¬рей¬ді. Ұлттық қордың құрылуы Қа¬зақ¬станның фискалдық тұрақ¬ты¬лы¬ғына ықпал етеді және Қорда қара¬жатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.
Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қыз¬метін жетілдіру мақсатында Пре¬зиденттің 2005 жылғы 1 қыр¬күйек¬тегі Жарлығымен мақұлданған Ұлт¬тық қорды қалыптастыру және қа¬ра¬жатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиын¬тық¬талған бюджет әдісіне көшу ұсы¬нылды, онда мұнай секторынан түсе¬тін кірістердің Ұлттық қорға ба¬ғытталуы қарастырылған. Бұл мем¬лекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық эко¬но¬мика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені он¬сыз мемлекеттік бюджетке түсетін тү¬сімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюд¬жет шығыстарының тұрақты дең¬гейін қамтамасыз етеді. Мұнай кі¬ріс¬тері Ұлттық қорға аударылатын¬дық¬тан, ал Ұлттық қордан бюджетке ке¬піл¬дік берілген трансферт жібе¬ріле¬тіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай баға¬сы¬ның өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.
Былтырғы жылғы 1 шілдеден бас¬тап Ұлттық қордың тұжырым¬да¬ма-сына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бе¬кітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тіке¬лей салықтың, республикалық мен-шіктегі және тау-кен әрі өңдеу сала¬ларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл ша¬руа¬шылығы мақсатындағы жер учас-келерін сатудан түсетін түсімдер ауда¬рылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыс¬тар¬ды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл рет¬те Ұлттық қордан мұнайға жат¬пай¬тын сектордан түсетін түсім¬дер¬дің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмса¬ла¬тын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағ¬дар¬ламалардың өсіп отырған шығыс¬та¬ры тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жа¬былуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пай¬да¬ланылмайтындығын атап өткім келеді.
Жалпы, ел Үкіметі Ұлттық Банк¬пен бірлесіп әр жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Ұлттық қорды қалып¬тастыру және пайдалану туралы жылдық есепті Мемлекет басшы¬сы¬на бекітуге ұсынады. Президент Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Парламентке ұсынады, сон-дай-ақ бұқаралық ақпарат құрал¬дарында жарияланады және Қаржы министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.
2007 жылғы 1 қаңтардағы мәлі¬мет бойынша, Ұлттық қордың актив-тері он төрт миллиард АҚШ дол¬лары¬нан (14 039,06 млн. АҚШ дол¬ла¬ры) асып түсті немесе 1 788 млрд. теңгені құрады.
Сонымен бірге 2006 жылы Ұлт¬тық қорға 699 млрд. теңге ауда¬рылды, оның ішінде өткен жылдың бірінші жарты жылдығында – 197 млрд. теңге, ал 2006 жылғы 1 шіл¬де¬ден бастап Ұлттық қорды қалып¬тас¬тырудың жаңа тетігі бойынша 502 млрд. теңге аударылды. Ұлттық қор активтерінің 2006 жылдың екінші жарты жылдығында артуының се¬бебі, Қорды қалыптастыру сызбасы¬ның өзгеруіне, сондай-ақ мұнай секторы кәсіп-орындары тізбесінің өсуіне (6-дан 55 кәсіпорынға дейін) байла¬нысты болып отыр.
Бұған қоса Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қор қаражатының бір бөлігі валюта нарығында күрт өз¬ге¬ріс¬терді болдырмау үшін ай сайынғы негізде бюджеттік даму бағдар¬ла¬маларын жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде республикалық бюджетке жіберілуі тиіс....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру