Ұлттық есеп жүесi макроэкономикалық статистиканың негiзi

Ұлттық есеп жүесi макроэкономикалық статистиканың негiзi

Қазақстан Республикасының статистикалық пратикасында ҰЕЖ-нi қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы
Елдiң табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бiрақ алғашында экономикалық талдау жаса керектiгi ескерiлмедi. ХVIII-ХIХ ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бiрақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң өзара байланысты, ресурс айналымы есепке алынбады.
Ұлттық есеп жүргiзу туралы ойды ең алғаш рет алғышын зерттеушiсi Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептi ұлттық табыс статистикасымен тығыз байланысты екенi және материалдық игiлiктердi бөлудiң ерекшелiктерiн қарастырды.
Француз экономисi Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерiнде өнiм қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнiм мен табыс қозғалысын бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды, олар қоғамның экономикалық өмiрiнiң айналымын көрсетедi деген ойды айтты.
Кенэнiң 1758 жылы жарық көрген “Экономиаклық кесте” жұмысындағы ой-пiкiрлерi кейiнiрек ұлттық есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерiне айналды. Ол қағидалар мынандай:
- экономиканы құрамдас бөлiктерiнiң арасында дәлме-дәл сандық байланыс бар бiртұтас жүйе деп қарастыру;
- осы жүйедегi қоғам мүшелерiнiң белгiлi топтарын (экономикалық агенттердi) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
- өнiм мен табыс қозғалысын талдау;
- жабық жүйедегi табыс пен таза өнiмнiң және қоғамдағы әр класс үшiн ағымдардың тепе-тең болуын талап ету;
- қайта бөлу механизмнiң мiндетi, яғни экономикалық агенттердiң бiр ы ұлттық байлықтың экономикалық айналымға қатысатын және ұдайы өндiрiсте болатын бөлiгiн қалай өзгертетiн, осы ұдайы өндiрiлетiн құндылықтан экономикалық агенттердiң барлық топтарына табыстың қалай бөлiнетiнiн көрсету;
- ұдайы өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының арақатынасын сақтау.
Ұлттық есеп жүйесiнiң дамуына өз үлесiн қосқан ғылымдардың бiрi – франйуз ғалымы Антуана Лавуазье. А. Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассаблеясында “Франция корольдiгiнiң аймақтық байлығы туралы саяси арифметикалық очерк” атты баяндамасын жасады. Баяндамада өнiм өндiру, тұтыну процестерiн сипаттайтын және ұлттық өнiмнiң, ұлттық табыстың, таза табыстың мөлшерiн көрсететiн кесте келтiрiлдi. Бұл кестелердi тарихтағы ең алғашқы ұлттық шоттар деуге болады.
Лавувзье заттай өнiм, ақшалай табыс, салық, салық салынатын таза табыс көрсеткiштерiнiң айырмашылығын көрсеттi, сонымен қатар, халықтың кiрiсi мен шығысы бойынша өндiрiс және өнiмдi бөлу процестерiне талдау жасады. Осы талдау нәтижесiнде материалдық қаржы балансын құру туралы пiкiр айтты.
Бiрақ Кенэ мен Лавуазьенiң айтқан ой-пiкiрлерi ұзақ уақыт iске асырылмады. Оған сол кездегi экономикалық теорияның эволюциясы және экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.
Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекеттарапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажетi болмады. Соған қарамастан халық шаруашылығының синтетикалық көрсеткiштерiн есептеуге байланысты жұмыстар жүргiзiле бердi.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында түбегейлi өзгерiстер болды, соған байланысты, ұлттық есеп жүргiзудiң жаңа кезеңi басталды. Бұған 1929-1933 жылдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсуi не кемуiнiң салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруi, кәсiпкердiң табысы сияқты келелi мәселелердi шешу қажеттiлiгi артты. Ал бұл мәселелердi бiртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын едi. Көптеген экономистер тоқыраудан кейiн нарықтық экономиканы қалпына келтiру үшiн мемлекеттiк реттеу қажет деген қорытындыға келдi. Осындай пiкiрдi айтқан және дәлелдегендердiң бiрi – ағылшын экономисi Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелерi туралы өз ойларын Дж. Кейнс “ақша, процент және жұмыс бастылықтың жалпы теориясы” атты жұмысында (1936ж.) жариялады және болашақ ұлттық есеп жұйесiнiң негiзгi принциптерiн келтiрдi. Ол ҰЕЖ-нi жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макро көрсеткiштердiң жүйесi деп көрсеттi, осы көрсеткiштердiң кейбiреулерiн өзгенру арқылы мемлекет экономиканы реттей алады дедi.
Кейнстiң, Ван Клифордiң және басқа да ғалымдардың жұмыстарын негiзге ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей экономисi Людвиг Грюнбаум Палестина үшiн ең алғашқы ұлттық шоттар жүйесiн құрды.
1941 жылы Голланд статистигi Ван Клифор Голландияның ұлттық шоттарын құрды (1938 жылы мәлiметтер бойынша). Ван Клифордың құрған шоттары сауда, өндiрiс, тұтыну, әкiмшiлiк секторларын қамтыды. Осы жылы Францияда, Англияда ұлттық шоттарды құру жұмыстары басталды. 1952 жылдан бастап Англияның ұлттық шоттары Көгiлдiр кiтап (Blue book) түрiнде жарияланады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кезең ұлттық есеп жүргiзудiң кеңiнен тараған кезеңi болып саналады. Осы кездегi шоттардың жаппай тарағанын төменгi кестеден көруге болады.

1-кесте
Капиталситiк елдердегi ҰЕЖ-нiң дамуы
Елдiң аты Құрылған жылы Ескерту
1 2 3
Австрия 1951 Жұмыстың басталған кезi. 1963 жылы жүйе бiржолата қалыптасты
Англия 1941 БҰҰ стандартты шоттарының тұжырымдамасы бойынша құрылған
Бельгия 1954 1948-1951 жылдардағы мәлiметтер бойынша алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл зерттеулер БҰҰ және ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына сәйкес келедi.
Дания 1948 Жүйе төрт шоттан құралды.
Ирландия 1951 Жүйе үш шоттан құралды
Италия 1955 Екi сектор, төрт негiзгi шот құрылды.
Мальта 1959 Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Нидерланды 1948 Алғашқы шоттар 1938, 1946, 1947 жылдардағы мәлiметтер бойынша құрылды.
Норвегия 1946 Соны (оригинал) жүйе.
Португалия 1950 Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты шоттан құралды.
Туркия 1950 Жұмыстың басталған кезi. Қарапайым, интеграцияланбаған үлгi.
Финляндия 1958 ҰЕЖ-нiң түсiндiрмесi жарияланды. Соны жүйе.
Франция 1946 Соны жүйе.
ГРФ 1949 Жүйе үш сектор, жетi функционалды шоттан тұрады.
Швейцария 1963 Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылған.
Швеция 1954 Соны жүйе.
Индия 1951 Интеграцияланбаған жүйе.
Жапония 1953 Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына лайық.
Аргентина 1955 1946 жылы жалпы iшкi өнiмдi есептеуге әрекет жасалды.
Бразилия 1951 1947 жылы ұлттық шоттарға байланысты жұмыс басталды.
Гондраус 1952 БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды.
Канада 1948 Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды.
Колумбия 1949 Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
Мексика 1953 Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.
Панама 1959 Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Перу 1946 Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
АҚШ 1947 Бес шот, жиырма жет кесте құрылды.
Тұжырымдамалар БҰҰ-ның стандартына сәйкес келедi.
Чили 1949 БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.
Эквадор 1954 Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесi
Жаңа Зеландия 1948 Жүйе төрт шоттан тұрады.
Филиппины 1952 БҰҰ жүйесiнiң тұжырымдамасына негiзделген бес шот құрылды

1951 жылы Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының жеңiлдетiлген стандартты ұлттық есеп жүйесi жарияланған соң, ұлттық табыс статистикасының дәстүрлi идеяларын шоттардың интеграциялық жүйесiнiң идеялары ығыстырды.
1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгiзiлдi. Бұл баланс өндiрiс сферасының 26 саласы бойынша құрфлдф және 1938, 1964-1951 жж. қамтыды. Мұнан былай салааралық балансыты құрған елдердiң барлығы оны ұлттық есеп жүйесiне енгiздi.
1952 жылдан бастап ұлттық есеп жүйесiне қаржы операцияларының кестесiн қосу керектiгi сөз болды. Экономикалық зерттеулерде бұл операцияларды талдау және оларға лайықты әдiстеме жасау экономикалық экономикалық зерттеулерде дербес бағыт ретiнде көрсетiлдi. 1952 жылы жарияланған Моррис Коплендтiң “Құрама штаттардағы ақша ағымын зерттеу” атты жұмысы осы бағыииың дамуындағы негiзгi кезең болды.
Қаржы ағымдарын талдау үшiн 1947 жылы Нидерландыда, 1949 жылы Финляндияда қаржы шотын құруға әрекет жасалды.
Қазiргi кезде көптеген елдердiң ұлттық есеп жүйесiнiң құрамында қаржы операцияларының кестесi бар (Нидерланды, Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония). Ұлттық баланстықкестелер (national balance-sheet) түрiндегi мүлiк баланстарын құру және олардың интеграциясы – ұлттық есеп жүргiзудегi тағы да бiр негiзгi бағыт. Шаруашылық бiрлiктерiнiң қаржы активтерi мен пассивтерiнiң өзгерiсi қаржы операцияларының нәтижесiн, ал қоғамдағы материалдық игiлiктердiң өзгерiсi экономикалық әрекеттiң нәтижесiн көрсететiндiктен ҰЕЖ – де баланстық кестелердi құру қажеттiлiгi туады.
Ұлттық шоттар ұлттық табыс стаистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлiнiп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлiк баланстарының жүйесi Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С. Смейс) құрылды. Содан берi бұл кестелер осы елде жүйелi түрде пайдаланылып келедi. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргiзе бастады.
Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандартқа сәйкестендiру ҰЕЖ-нiң дамуы мен өрiстенуiне зор ықпал еттi.
1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының статистика жөнiндегi сарапшылар комитетi ұлттық табысты есептеу және ұлттық шоттарды құрудың сипаттамасын дайындайды.
1947 жылы ұлттық табыс пен байлықты зерттейтiн Халықаралық ассоциация құрылды. 1948 жылы БҰҰ-ның статистикалық бюросы ұлттық табыс статистикасы бойынша алғашқы жинақты жариялады. Жинақта 39 елдiң мәлiметтерi болды. 1958 жылдан бастап 140 елдiң ұлттық шоттарын қамтып жинақ жыл сайын баспадан шығады.
1953 жылы БҰҰ-ның коммисиясының ұйғарымы бойынша стандартты ұлттық есеп жүйесiн сипаттайтын баяндама жарияланды. Жаңа секторлардың, институциялық бiрлiктердiң пайда болуына байланысты 1964 жылы стандартты ұлттық шоттардың мазмұны жарияланды. 1968 жылы БҰҰ ҰЕЖ-нiң алғашқы хабары (версия) жарық көрдi.
1970 жылы Еуропалық бiрлестiк БҰҰ-ның ұлттық есеп жүйесiнiң негiзiнде ҰЕЖ-нiң Еуропалық нұсқасын ұсынды.
1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жаңа ұлттық есеп жүйесiн қабылдады. Жаңа жүйенiң мақсаты – экономикалық статистикасының төлем балансы және мемлекеттiк қаржы сияқты бөлiмдерiнiң (тауарларның) үндестiгiн арттыру. Бұл үндестiк ұлттық есеп жүйесiнiң жеке блоктарында, экономикалық статистиканың жоғарыда аталған бөлiмдерiнде қолданылатын анықтамалар мен жiктеулердiң тығыз байланысын көрсетедi. Мысалы, “қалған әлем” шоттарында қолданылатын анықтамалар төлем балансындағы анықтамалар мен үйлесмiмдi болса, төлем балансының жиынтық жолы “қалған әлем” шотының жиынтық жолымен бiрдей болады.
Ұлттық есеп жүйесiнiң тағы бiр мақсаты – ұлттық шоттардың құрылымын айқын, жүйелi түрге келтiру, кейбiр кiрiс және шығыс статьяларының түсiндiрмесiн анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕЖ-де жалпы iшкi өнiмдi анықтауда өзгерiстер енгiзiлгенiн ескерткен жөн. Мысалы, геологиялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ-нiң бағдарламаларын, әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасын сатып алу негiзгi капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарының құрамына “құнды заттарды таза сатып алу” деп аталатын жаңа статья енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының және ТМД елдерiнiң ұлттық шоттары есеп жүйесiнiң еуропалық стандарттарына негiзделген және әр елдiң ұлттық жағдайына бейiмделiп құрылған.
Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесiне көшу концепциялық ( тұжырымдамалы), әдiстемелiк мәселелердi қарастыруды және оларды шешудi талап етедi. Бұл мәселелердi шешуде халықаралық сипаттаманы (рекомендация) негiзге ала отырып, шаруашылық әрекеттi ұйымдастырудағы елдiң ерекшелiгiн ескерген жөн. Мысалы, өтпелi дәуiрдiң алғашқы кезенiнде мемлекеттiк бюджеттен субсидия бөлiнетiн экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсiпорындардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсететiн әлеуметтiк- мәдени қызметтер көлемi анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердiң әрекеттерi, олардың рөлi шектеулi үйде қалады.
Үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетiн анықтау –ҰЕЖ-дегi негiзгi мәселе. БҰҰ ҰЕЖ-нiң кепiлдемесi бойынша үй шаруашылығы үшiн өндiрiс шоты құрылуы қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетi көрсетiледi.
Үй шаруашылығын өндiрiстiк әрекетiне өздерi тұтыну немесе сату үшiн өндiрген өнiм, нарықтық қызметтер көрсету, өз үйiнде тұру құны және үй қызметшiсiнiң қызмет ақысы жатады. Мәлiметтердiң жеткiлiксiздiгiнен халықтың ресми түрде тiркелмеген әрекетi жалпы iшкi өнiмдi анықтағанда есепке алынбайды. Толық және сенiмдi мәлiметтердi жинау арқылы бұл мәселенi шешуге болады. Шоттарда кездесетiн тамақтандыру, iссапар шығындары, әскери адамдарды киiм-кешекпен жабдықтандыру, әр түрлi салықтар, субсидиялар сияқты экономикалық операцияларды түсiндiруде де бiраз қиындықтар болды. Халық шаруашылығы балансы ақпарат негiзi деп санау және шоттардың тек тұтас экономика үшiн құрылуы осы кезеңдегi ұлттық есеп жүйесiн статистикалық практикаға енгiзудегi тағы бiр ерекшелiк болып саналады. Халықаралық стандарттарды салалық топтастырудың орнына халықшаруашылығының жалпы одақтық топтастырыуын пайдалану, алғашқы ақпараттық құжаттар базасының (бухгалтерлiк есеп, қаржы және банк статистикасы) халықаралық стандартқа сәйкес келмеуi шаруашылық бiрлiктерiнiң толық статистикалық бақылауға алынбауы салдарынан эксперименттiк есептеулерде кемшiлiктер болды. ТМД елдерiн бiрiңғай халықаралық стандарттарды статистикалық әдiстемемен қамтамасыз ету үшiн жалпы iшкi өнiм, ұлттық табыс, т.б. көрсеткiштердi есептеудiң, өндiрiс, табыстың пайда болу, табысты бөлу және пайдалану, басқада шоттарын құру, салааралық байланысты құрудың әдiстемелiк принциптерi айқындалды.
Сол сияқты ҰЕЖ көрсеткiштерiн тұрақты бағамен бағалау принциптерiн анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелердi, активтер мен пасивтердiң өзгерiсiнiң шотын құру сияқты жұмыстарды iске асыру көзделуде. Стандартты әдiстеме негiзгi макрокөрсеткiштердiң динамикасын, құрамын зертеп, мөлшерi туралы мәлiметтредi салыстыру үшiн, ТМД елдерiнiң нарықтық экономикалық өту кезеңдерiн талдау үшiн, осы елдердiң экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастарын үйлесiмдi түрде жүргiзу үшiн қажет.
ҰЕЖ-де шаруашылық операцияларын есептеу, өтпелi кезеңдегi құрылымдық ерекшелiктердi анықтау сияқты әдiстемелiк сұрақтарды шешумен қатар макрокөрсеткiштердi есептеуге қажеттi мәлiметтердi жинауға зор көңiл бөлiнуi керек. Ол үшiн шаруашылық бiрлiктерiнiң бухгалтерлiк есебiн, бастапқы статистикалық есеп берудi, статистикалық бақылауды өзгерте отырып халық шаруашылығы балансының мәлiметтер базасынан жаңа жүйенiң мәлiметтер базасына көшу қажет.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк статистикалық комитетi (Ұлттық статистикалық агенттiгi) 1992 жылғы экономиканың дамуын сипаттайтын мәлiметтер бойынша алғашқы ұлттық шоттарды құрды.

ХШБ мен ҰЕЖ –нiң теориялық және әдiстемелiк принциптерi

Халық шаруашылығы балансы (ХШБ) деп марксистiк тұжырымдамаларға негiзделген, жоспарлы экономиканың дамуын сипаттау, талдау үшiн қолданылған макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесiн атайды. ХШБ кеңестер одағында алғаш рет 20-жылдары құрылды. Оның құрылымы өзi сипаттайтын экономиканың үлгiсiне сай анықталады. Материалдық ресурстарды бiр орталықтан бөлу принциптерiне негiзделген бұл экономикалық үлгiде табыстарды бөлу, қаржы инструменттерiне байланысты операциялар сияқты процестердiң маңызы төмендетiлдi. Халық шаруашылығы балансының негiзi болып материалдық баланс (қоғамдық өнiмдi өндiру, тұтыну қор жинау балансы) саналады. Материалдық баланс қоғамдағы материалдық игiлiктерр ресурстарын және оларды пайдалануды сипаттайды.
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн халық шаруашылығы балансын басқа да социалистiк елдер (Қытай, Вьетнам т.б.) қолдана бастады.
ХШБ-нiң үлгiсiнде қаржы балансын құру қажеттiлiгi көрсетiлген, бiрақ мемлекеттiк басқару ұйымдары табыс және қаржы активтерiнiң қозғаласын талдауды қажет деп санамағандықтан практика жүзiнде бұл баланс құрылмады. ХШБ-ның негiзгi тұжырымдамасына сай экономикалық өндiрiс сферасы тек материалдық өнiдiрiс салалармен ғана шектелдi, ал өндiрiстiк емес сферадағы, яғни, материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттердiң нәтижелерi (басқару, қарржы, ғылым, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, қорғаныс, коммуналды шаруашылық т.б.) ұлттық табысты бағалауда ескерiлмедi, бұл қызметтердi ұлттық табысты қайта бөлудiң нәтижесi деп қарастырды. Сондықтан, халық шаруашылығы балансындағы көрсеткiштердi ұлттық есеп жүйесiндегi көрсеткiштермен тiкелей салыстыруға болмайды.
Халық шаруашылығы балансының ұлттық есеп жүйесiнен елеулi өзгешелiктер бола тұра ҰЕЖ-нiң дамуына өз әсерiн тигiздi. Өйткенi Кеңестер Одағының статистикалық ұйымдары алғашқы халық шаруашылығы балансын 1925-1926-жылдары құрды, яғни ХШБ ҰЕЖ-нiң алғашқы зерттеулерiнен бұрын пайда болды. ХШБ-ның алғашқы зертеулерi экономика салаларының байланысын көрсететiн кестелерден құралды. Бұл кестелер салааралық баланстың болашақтағы үлгiсi едi. Халық шаруашылығы балансының негiзгi ережесi – материалдық өндiрiс сферасымен өндiрiстiк емес сфераны ажырату,материалдық өндiрiстiң өзiн өндiрiс құрал-жабдықтарының (I бөлiгi) және тұтыну заттарының өндiрiсi (II бөлiгi) деп екiге бөлу. Осы теория бойынша қоғамдық жиынтық өнiм екi формада ұдайы өндiрiледi: а) натуралдық – затты және б) құнды. Натуралдық заттық формасы бойынша орнын толтыру қрына (өндiрiстiк тұтыну), тұтыну қорына (өндiрiстiк емес тұтыну) және қорлану қорына бөлiнедi. Ал құнды формасы бойынша қоғамдық жиынтық өнiм екi бөлiктен тұрады. Ол – затқа айналған құн (С) және жаңа жасалған құн (V+м).
Қоғамдық жиынтық өнiмнiң материалдық-заттық құрылымы қоғамдық қажеттiлiктердiң құрылымына сәйкес анықталады. ХШБ-ның теориячсы бойынша жасалған макроэкономикалық процестердiң үлгiсi ұдайы өндiрiстiң негiзгi аспектiлерiн толық көрсеткенмен, өндiрiстiк емес сферадағы процестердi есепке алмайды, өндiрiстi ұйымдастырудың нақтылы формаларының әсерiн ескермейдi, осындай себептерге байланысты ХШБ әкiмшiлiк басқару жүйесiнде белсендi роль атқара алмады. Сондықтан, жаңа есеп жүйесiне көшу қажеттiгi туындайды. Бұл жаңа жүйенiң, яғни ұлттық есеп жүйесiнiң негiзi – шаруашылық айналымы тұжырымдамасы болып есептелiнедi. Ұлттық шаруашылықты әр түрлi экономикалық құбылыстарды қамтып көрсететiн көп өлшемдi жүйе деп қарастыруға болады. Бұл жүйенiң негiзi – экономикалық айналым экономикалық айналым өндiру, тұтыну, қор жинау, қайта бөлу сияқты экономикалық процестерден тұрады.Оның үш элементi бар: эккономикалық айналым объектiсi, субъектiсi экономикалық операциялар.Тауар, қызмет, ақша құралдары экономикалық айналымның объектiсi, ауыл шаруашылық бiрлiктерi оның субъектiсi болады. Экономикалық айналым объектiсiнiң бiр субъектiден екiншi бiр субъектiгi ауысуы экономикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық құрылым түрлерiнiң классификациясы (жiктелуi) – материалдық игiлiктер мен қызметтер қозғаласын ресурстардың ұдайы өндiрiс деп қарауға негiзделген. Ұдайы өндiрiстiң әр сатысында ресурстар әр түрлi экономикалық формада көрiнедi. Ресурстар, ең алдымен, өндiрiстiк ресурстар түрiнде, содан кейiн ұдайы өндiрiсiтiң ресурстары, ең соңында қаржы ресурстары (субъектiлердiң ақша құралдары) түрiнде көрiнедi.
ҰЕЖ-нiң тұжырымдамасы бойынша материалдық игiлiктердi өнңiру мен қызмет көрсетудiң арасына шек қойылмайды, экономиканың тұтастығы сақталады. Мұның өзi шаруашылық субъектiлерiнiң өндiрiстiк әрекеттерiнiң нәтижесiн, кiрiсi мен шығысын бағалауға мүмкiндiк бередi.

ХШБ мен ҰЕЖ-нiң мiндеттерiндегi айырмашылықтар:
- ХШБ қоғамдық өндiрiстi бiр орталықтан жоспарлаудың талаптарын қанағаттандырды, оның негiзгi мiндетi - өндiрiс процесiн және материалыдқ ресурстардың қозғалысын қадағалау;
- ҰЕЖ нарықтық экономиканың талаптарын қанағаттандырады, ол қаржы-ақша қатынастарын бiрiншi орынға қояды.
Екi жүйенiң тұжырымдамаларындағы айырмашылықтар:
- ХШБ-де өндiрiстiк әрекет деп материалдық өндiрiс сферасындағы әрекеттi айтады, ол ҰЕЖ-де табыс әкелетiн кез келген әрекет өндiрiстiк әрекет деп саналады;
- ХШБ-де өнiм құны көшiрiлген құннан (еңбек заттарынның шығыны және негiзгi капиталдың тозуы) және жаңадан жасалған құннан (өндiрушiлердiң алғашқы табысы, яғни материалдық өндiрiс сферасындағы еңбекшiлердiң, кәсiпорындардың алғашқы табысы) құралады, ал ҰЕЖ-де өнiм құны еңбек заттарының шығынынан және өндiрiс факторларының ақысынан құралады. ҰЕЖ-дегi еңбек заттарының шығыны материалдық ресурстар, қызметтер және материалдық емес қызметтер аралық тұтыну түрiнде берiледi, яғни ХШБ-дегi еңбек шығындарымен бiрдей емес. Ал еңбек факторларының ақысы болып еңбекақы, пайда, рента, процент, дивидент есептелiнедi.
ҰЕЖ мен ХШБ-нiң әдiстемесiнде мынандай өзгешелiктер бар:
- өндiрiс көрсеткiштерiнiң мазмұныныдағы өзгешелiктер. Бұл өзгешелiктер ұлттық табысты (өнiмдi) анықтауда екi жүйеде әр түрлi тәсiлдiң қолдануына байланысты болады;
- өнiмдi тұтыну (аралық, ақырғы), табысты бөлу, қайта бөлу процестерiнiң көрсеткiштерiнiң мазмұнындағы өзгешелiктер;
- қаржы ағымдарын (несие, заем) түсiндiрудегi өзгешелiктер. ХШБ-де бұл ағымдар ұлттық табысты уақытша қайта бөлу, ал ҰЕЖ-де экономика секторларына бөлiнген инвестиция түрiнде қарастырылады;
- табыс, шығыс, жинақ категорияларын жiктеудегi өзгешелiктер.
ҰЕЖ-де ағымдағы табыстар мен шығыстардың айырмасы “жинақ” көрсеткiшi арқылы анықталады және бұл көрсеткiш күрделi шығындарды қаржыландырудың көзi болып саналады. ХШБ-де табыс пен шығысты ағымдағы және бiр жолғы деп екiге бөлмейдi, сондықтан “жинақ” көрсеткiшi де жоқ, ал қолма-қол ақшаның, банктегi салымдардың өсiмi сияқты жинақ түрлерi ұлттық табыстың қайта бөлiнген түрi деп танылады.
Мәлiметтердi көрсетудегi өзгешелiктер:
- ҰЕЖ-де мәлiметтер “Т” әрiпi тәрiздi шоттар және кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық шоттарды бухгалтерлiк есептегi екi жақты жазу принципi қолданыланы, яғни әр көрсеткiш (экономикалық операция) шоттарды екi рет жазылады (бiр шоттың кiрiс бөлiгiнде, еiкншi шоттың шығыс бөлiгiнде). ХШБ-де мәлiметтер кестелер түрiнде берiледi. Бұл кестелерде матеиалдық игiлiктердiң ресурстары және оларды пайдалану көрсетiледi. ХШБ-дегi көрсеткiштер жүйесi материалдық игiлiктердiң ғана қозғалысын көрсетедi, ал ҰЕЖ тауар өндiру, қызмет көрсету, табыстың пайда болуы, оны бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерiн және қаржы активтерi мен пассивтерiнiң өзгерiстерiн зерттейдi. Сондықтан ҰЕЖ экономикалық айналымды жан-жақты толық көрсетедi.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру