Менің мұғалімім, менің мақтанышым

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.

Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.

Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.

Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған......
Эсселер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – болашақ мамандықты таңдау. Бастапқыда, біз бұл таңдаудың зор мәнділігін түсінбейміз, бірақ та, ол тек алдағы оқуымызбен шектелмейді. Өміріміздің бір бөлігі жұмыспен өтеді, сондықтан, таңдаған жұмысымызды біз жақсы көруге тиіспіз. Менің ойымша, егер адам күлімсіреп оянып, алдағы жұмыс күнін асыға күтсе, ол қандай ғажайып, керемет сезімге бөленеді! Әр күн бақытқа толы бола ма, адам жетістікке жете ала ма, мансап сатысымен көтеріле ме, дарындылығымен өзгелерден ерекшелене ме, өз саласының кәсіпқойы бола ала ма, әрі үлгі бола алады ма, осының бәрі дұрыс таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Менің жастық шағымнан, бастауыш сыныптарда оқыған кезімнен қалған, аңсап жүрген арманым, ол – мұғалім болу. Мұғалім мамандығына қызығушылықты мен бірінші сыныпта таныттым. Ұстазымның жасаған іс-қимылдарын, айтқан сөздерін қайталап, ол секілді болуға тырыстым. Қыздармен «мектепті» ойнап, өзімді мұғалімнің рөлінде елестеткен кездерім еске түсті. Ал жоғарғы сыныптарда, жаңа мұғалімдермен танысу арқылы бір пәннің өзіме қалай ұнап қалғаны да, есімде жоқ. Бұл пән - математика. Өз математика мұғалімінің қалай сабақ жүргізетінін, қалай бізге жаңа тақырыптарды түсіндіретінін, өз пәнін қалай сүйетінін көріп, осы кісіден үлгі алып, «математика мұғалімі» деген мамандықты таңдадым.

Мұғалім – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі, «мектеп – біздің екінші үйіміз» деп текке айтылмаған. Ата-аналар сияқты, мұғалімдер де бізді тәрбиелеп, керек болған кезде көмектесіп, қиын жағдайға тап болғанда, біз үшін алаңдайды. Ал кеңес алу үшін кімге барамыз? Әрине, біреулері ата-анасымен сөйлеседі. Бірақ, ренжіген оқушылардың ең алдымен мұғалімге жүгіріп баратынын бірнеше рет көрген сәттерім бар. .....
Шығармалар
Толық

Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс,ол - оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жағылмауы қажет. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Мамндық - жай күнелту ,ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатын көреді. "Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады",- деген халқымыздың дана сөзі бар. Тіпті етікші болсаңда өз ісіңнің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлес қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын мамандықты адаспай тауып алу керекпіз. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өміріңде өкінбейтіндей, өз қабіліті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . . Бұл өте жауапкершілігі мол маңызды іс. Мамандық таңдаған кезде адам ең алдымен өзін,өзінің бейімділігін біліп алған дұрыс. Өз-өзіне "Мен кіммін?","Өмірдегі орным қандай?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп,өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап оырмын. Мен таңдаған мамандық - журналист мамандығы. Бала кезден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқыдым. Поэзияға жақын болып өстім,кештерді жүргізгенді,сценарий жазғанды қатты ұнататынмын. Сол себепті журналист боламын деген шешімге келдім.....

Шығармалар
Толық

Менің Отаным — Қазақстан

Менің Отаным — Қазақстан
Пай-пай!
Қазақ жері!
Неткен байтақ
Әдемі!
Тау мен тасы,
Күні, гүлі
Әдемі!
Ашық аспан,
Бейбіт елі
Әдемі!
Туған өлкем!
Кең жазира,
Байтақ жерім
Гүлдене бер,
Жасай бер, Қазақстаным!

Мен — қазақстандықпын! Менің Отаным -Қазақстан. Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты туған жерімнің жас қазақстандық екенімді мақтан тұтамын.

Туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешірді.Соған қарамастан, мойынұсынбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды......
Шығармалар
Толық

Менің алғашқы ұстазым

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.

Ғабиден Қожахмет

Ұстаз –деген ұлағатты сөз. «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш,қасиетті ұғым жатыр. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол-алғашқы ұстаз.Ұстаз -біздің екінші анамыз.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.Менің алғашқы да сүйікті ұстазым- Мәлика Бақтиярқызы.

Ең алғаш бұл сөзді мектеп табалдырығын аттаған кезімде үйрендім.Менің ұстазым қолымнан жетектеп сыныпқа кіргізді.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның,-деп өлең сөздерінде жазылғандай Мәлика апайдың маған әліппе мен қаламды алғаш ұстатып,күлімсіреп оқушы атанғанымызбен байыптылықпен құттықтағаны әлі есімде. Мәлика Бақтиярқызы ең алғаш маған партаға отырудан бастап, әліппе оқулығын қолыма ұстатып, әріп тани білуді үйретті.Сондай-ақ ән айтуды, дүниені танып білуді, есеп шығаруды үйретті. Өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге, адамгершілікке баулыды......
Шығармалар
Толық

Менің өмірімдегі үштілділік

Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.

Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. .....
Шығармалар
Толық

Менің Мұқағалиым

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Бүгінде кім өсуде, кім өшуде.

Мұқағали ақынның жыр маржандарының ішінде осындай жолдар бар. Ақын тастаған сауалға білмеймін десем, оның рухы кешірмес пе еді. Әрине, білемін.

Осыдан сегіз жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтімнен бастап-ақ Маржан апайымның:

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың -

деп, ақын жырымен бірінші сыныпқа қабылдағаны санамда жаңғырып тұр. Сол сәттен бастап - ақ Мұқағали өлеңдерін жаттап, бойыма сіңіріп келемін. Уақыт алға жылжыған сайын өлеңге деген құштарлығым арта түскендей. Иә, кеше ғана тұлымшағымда ақ бантигім желбіреп, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатынымды ойласам, тұла бойымды бейне бір жұмбақ әлем билегендей болады. Ертең өмірдің бір кіші болып қаланатыным хақ. Ақын жырларының қайсысын оқысаң да , терең иіріміне тартып, өлең құшағына қалай кіріп кеткеніңді сезбей де қаласың. Оқыған сайын бір жаңалық ашқандай марқайып, шаттанасың. ......
Шығармалар
Толық

Кітап – менің ақылшы досым

Менің бала көңілімдегі ойлар тізбегі алдымен «Менің атым Қожадағыдай» көз алдымнан өтетіндей. Себебі, бала кезімізден Қожа туралы кино көріп өстік. Кейіннен кітабын қызығып оқыдық. Ауылда Қожа мен Жанарға, Жантасқа ұқсайтын балалармен дос болдық. Кітабындағы әр кейіпкер жанымызға жақын болды. Мектеп директоры мен Майқанова апай ше? Шыр-шыр етіп, балаларға білім береді, жақсы, тәрбиелі болуға шақырады. Міне, осы кітап арқылы біз өзіміздің жақсы-жаман жақтарымызды біліп, ой қорытамыз.

Иә, кітап – менің ақылшы досым. Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.

«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.......
Эсселер
Толық