Менің Отаным — Қазақстан

 Менің Отаным — Қазақстан

Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы
№3 жалпы орта білім беретін мектебінің
6 «В» сынып оқушысы Ахмедова Жасмина

Менің Отаным — Қазақстан
Пай-пай!
Қазақ жері!
Неткен байтақ
Әдемі!
Тау мен тасы,
Күні, гүлі
Әдемі!
Ашық аспан,
Бейбіт елі
Әдемі!
Туған өлкем!
Кең жазира,
Байтақ жерім
Гүлдене бер,
Жасай бер, Қазақстаным!

Мен — қазақстандықпын! Менің Отаным -Қазақстан. Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты туған жерімнің жас қазақстандық екенімді мақтан тұтамын.

Туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешірді.Соған қарамастан, мойынұсынбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Қазақстан-көпұлтты да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі.Осындай еңсесі іргелі, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің азаматы екенімді мақтаныш етемін.

Қазақ жерінің ата-бабаларынан қуат, өрелі сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбие алып, батылдығынан бойыма күш жинап, керегесі мықты Қазақстан елінің елжанды азаматы боламын.

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»,-дейді тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.Сондықтан да болашақтың іргесін біз секілді, туған жерімнің жас қазақстандықтары құратын болса, әлемде Қазақстан елінен мықты ел болмақ емес.

Мен 6-сыныптың оқушысымын.Кітап оқуды сүйемін. Өзімнің ұлтым өзбек болғанымен, қазақша тарихи кітаптарды, ақын-жазушылардың шығармаларын көп оқимын. Менің оқыған кітаптарымнан аңғарғаным, туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Әрбір халық туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді.Қазақ халқы да туған өлке қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көруге болады. «Ит-тойған жеріне, ер-туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді.Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды: әркімге туған жері, туған өлкесі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыным бермеген жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап ерлікпен соғысқан қайтпас батырларымыз-Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, Әз-Тәуке, хан Абылай, Кенесары сынды хандардың туған елі үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі ұрпақтары, біздер мақтаныш етеміз.

Өз елі,өз ерлері ескермесе,

Ел тегі, алсын қайдан кемеңгерді,- дегендей, туған елі барда, ержүрек ұлдары мен қыздары халық жадында мәңгі сақтала бермек.

Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің,жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан гербі де, жалауы да,- деген ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасындағы туған өлкеге, жерге деген ыстық махаббаты әрбіріміздің жүрегімізден орын алуы керек.Туған өлкесін тұғырына балаған ақын,жыршылардың жыр тілі арқылы туған жерге деген сезімімізді жеткізгендейміз:

«Жалбыр тон жетім болып жүргенімде,

Көтеріп қаратып ең мені күнге.

Әкем де, анам да сен, туған елім,

Сен үшін ырысым да, қасіретім де», - деп Қасым Аманжолов тебірене жырласа,біздің байтақ Қазастанның жерін, қадірменді елін әнге, жырға қоспаған да ақын жоқ-ау, сірә?!

Атыраудан Алтайға дейінгі, ақ Есіл мен Алатауға дейінгі барлық қазақ өлкесі-менің туған өлкем, тұғырлы өлкем. Менің ойымша, туған өлке дегеніміз-дүние есігін ашқан қала ғана болмауы тиіс.Бұрынғы ата-бабаларымыз ел тұтастығын ойлап, туған елінің қай шетіне жау тисе, сол жерге алыстан ат арытып, көмекке барғаны тарихтан белгілі.Мен үшін елімнің қай қиыры болсын-ыстық та, қимас мекен.Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын алып елдің солтүстік пұшпағы-атағы Арқадан асып, әлемге кеткен әйгілі сексен көлді Көкшетау өлкесі.Осындай ғажап әлемде туып-өскеніме,ауасын жұтып, топырағын басып, жүргеніме тек шексіз алғысымды білдіремін.

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,

Бауырға басқанбыз баршаның баласын,- деп Әнұранымызда айтылатынындай, қуғын-сүргін кезінде өз елінен қуылған қаншама ұлттың баласын өзекке теппей,өгейсітпей бауырға басқан кеңпейіл өлке.Мыңғыртып мал өсіріп, миллиардтап дән өсірген қойнауы құт, қабаты кенді бай өлке.

Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде менің туған жерімде, байтақ Қазақстанда, бүкіл әлемде тек бейбітшілік болса екен деймін.Туған елді біздер, жас ұрпақтар сүймесек, оның ертеңі не болмақ?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру