Өсиет

Көп тыңда, аз сөйле.

Көрпеңе қарай көсіл.

Жаманға жалынба, адамға табынба.

Жат үйінде жатық бол.

Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
Мақал-мәтелдер
Толық

Өтірік

Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

Өтірік өрге баспайды.

Өтірікші мен өсекші егіз.

Өтірік айтқан жерде көп тұрма.

Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Пендешілік, күнәхарлық, пенделік

Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.

Екі мылжың кездессе, әңгіме ұзарады,
Екі тентек кездессе, шеке қызарады.

Төрешілдің ертеңі таусылмайды,
Мылжыңның «ертеңгісі» таусылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Алғыс, Ризашылық

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.

Алғыс алған жігіттің
аты бәйгеден келеді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындаса да, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ұрпақ тәрбиесі

 Баланың тәрбиесі ең маңызды істердің бірі.Ата-ананың өз балаларының алдындағы міндеттері: үлкенді сыйлап,кішіге ізет көрсетуге,ағайын туыстарымен қатынастарын жақсартуға,отан сүйгіштікке,көршілері мен достарына қол үшін беруге,ең бастысы ұл-қыздарының бойына  адамгершілікті сіңдіріп тәрбиелеуі.

Ертеде бір хакім ұлдарына қарап: «Ей, ұлдарым! Адамгершілікті үйреніңдер, дүниенің байлығына, мал-дүниесіне сенім жоқ, бір күні есіктен шығып кетеді. Алтын, күмісті далада қарақшы тонайды қалада ұры-қары жеп кетеді. Алайда адамгершілік қашан да суы тасып тұратын бір бұлақ......

Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жалғыздық

Жалғыз кісі жауынгер емес.

Жалғыз кісі жау алмас.

Жалғыз жігіт жарымас.

Жалғыз бала жат бауыр.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қожа-молда, имам

Қожа, молда сабақтас.

Қожа құлақтас, молда сабақтас.

Қар жауды деп қуанба, аязы бар,
Қожа келді деп қуанба, ниязы бар.

Қожаң берсе, қойныңа сал.
Мақал-мәтелдер
Толық