Ұрпақ тәрбиесі
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Әл-Фараби
Баланың тәрбиесі ең маңызды істердің бірі.Ата-ананың өз балаларының алдындағы міндеттері: үлкенді сыйлап,кішіге ізет көрсетуге,ағайын туыстарымен қатынастарын жақсартуға,отан сүйгіштікке,көршілері мен достарына қол үшін беруге,ең бастысы ұл-қыздарының бойына адамгершілікті сіңдіріп тәрбиелеуі.
Ертеде бір хакім ұлдарына қарап: «Ей, ұлдарым! Адамгершілікті үйреніңдер, дүниенің байлығына, мал-дүниесіне сенім жоқ, бір күні есіктен шығып кетеді. Алтын, күмісті далада қарақшы тонайды қалада ұры-қары жеп кетеді. Алайда адамгершілік қашан да суы тасып тұратын бір бұлақ. Және адамгершілік иесі дәулетінен айрылса да уайым меңдемес, себебі адамгершілік иесінің дәулеті өзі. Адамгершілік иесі қайда барса да алтын беріп, төрге шығарады. Бірақ адамгершілігі жоқтар бір үзім нан сұрап ала алмай, азап шегіп өтеді».- дейді.
Алла Тағала Құранда «Тахрим» сүресінің, 6-шы аятында:
«Әй мүминдер! Өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адамдар мен тастар болған оттан қорғаңдар...» деп біздерге ескерткен.
Тәрбие жолында көркем мінездің қасиеттерін үйрету жане жамандықтардан қайтару,бұзық құрбы-құрдастардан қорғау, жеңіл өмірге әдеттендірмеу,байлыққа махабатын оятпау арқылы әке перзентін тозақ отынан сақтайды. Егер бала дүние құмарлығына бой алдырса,мәңгілік тұңғиыққа кетті деген сөз. Перзент дүниеге келген алғашқы күндерінен бастап қамқорлыққа алынуы тиіс. Сондай-ақ шақалақты емізу және тәрбиелеу ісін діндар, таза әйелге сеніп тапсыру міндет. Себебі харамнан шыққан сүт те береке жоқ. Егер ол сүттен сәбиге берсе,онда сәбидің қанына харам араласып,баланың табиғаты харамға икемді тұрады.
Ата-ананың негізгі міндеттеріне балаға ислами тәрбие беру, жақсы ат қою, ұл болса ер жеткен кезінде үйлендіріп,қыз бала болса тұрмысқа беруі шарт. Сондай-ақ балаға ислам негіздерін үйрету басты шарт болып табылады
Балаларды ұрлық, өтірік, қиянат, ғайбат, кісі ақысын жеу сияқты әр түрлі бұзық әрекеттерден сақтандырған жөн болады.
Ибн Омар (р.а) жеткізген хадисте Алла Елшісі былай деген:
«Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққаңдарыңа жауап бересіңдер: Әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өзінің иесінің дүниесінің бақташысы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әрқайсысың бақташысыңдар және әрқайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер.» -деп айтқан. Бұхари,Муслим.
Сондай-ақ балаларымызды тәрбиелеген кезде де оның ахлақ мінезіне баса назар аударып тәрбие беруіміз керек.Себебі мінез бұл адам болмысының бір тұтас бөлшегі. Ислам ғұламаларының ішіндегі атақты ғалым Имам Әл-Ғазали былай деген: « Көркем мінез – елшілер мырзасының сипаты, шыншылдар - амалдарының абзалы, тақуала - тер төккен еңбек жемісі,Аллаһқа құлшылық қылған пенделер- қуанышы»,-деген.
Дәлірек айқанда, жақсы мініз – діннің бөлігі.Жаман мінез – жұтып жоқ қылатын у, абыройсыздыққа ұшырататын бұзықтық, аяқ асты қылатын жамандық.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына арманына балаған. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Босағасын алтыннан соқсаң да перзент сүймей, адамның мейірі қанбас»-деп барлы асыл сөздерін арнаған. Ата-ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды.
Бір күні Ибн Лұқман Әкесінен «Адамның қайсы қасиеті жақсы?»-деп сұрайды. Әкесі: «Діні жақсы»,-дейді.
Баласы:
-Егер екі қасиеті болса ше? Деп сұрайды.
Әкесі:
-Діні және байлығы, - дейді.
Баласы:
-Егер үшеу болса ше? - дейді.
Әкесі:
-Діні, малы және ұяты, - деп жауап береді.
Баласы:
-Егер төртеу болса ше, - деп сұрайды.
Әкесі:
-Діні, малы, ұяты, көркем мініз бен жомарттығы, - дейді.
Баласы:
-Алтау болса ше? - деп сұрайды .
Әкесі:
-Құлыным, егер адамда осы бес қасиеті болса, ол шынайы тақуа, Аллаһтың досы және шайтаннан таза болғаны, - деп жауап береді.
Бір замандарда әкесі ұлын бір ғалымға беріп: «Мынау сенің балаң, мұны өз ұлдарыңды тәрбиелегендей жақсылап тәрбиеле», - дейді. Ғалым әлгі кісінің ұлын жылдар тырысып тәрбиелесе де, ол бала ілім мен әдептен ешнәрсе ала алмайды. Алайда ғалым тәрбиелеген өзге балалар білімді һәм тәртіпті болып ержетіпті. Әкесі бір күні ғалымды шақырып алып: «Уәдеге қарсы шықтың, аманаттың шарттарын толық орындай алмайтындай не болды?», - деп сұрайды. Сонда ғалым: «Ей, пәленше, тәрбиенің жолы біреу, бірақ әркімнің қабілеті әртүрлі», - депті. Осы оқиғадан кейін ел аузында мынандай шумақтар тараған:
Алтын, күміс тастардың ішінен шығар,
Алайда барлық таста болмас бұлар.
Қорыта айтсақ перзент ата-анаға аманат. Баланың жүрегі пәк, нәзік, аңқау жане нақыш салынбаған таза ғауһар тасы сияқты. Жүррекке қандай ою-өрнек салынса, ол соған ұқсап пішінделеді, оны иген тарапқа қарай йіледі. Егер бала жақсылыққа үйреніп, жақсылықты әдеттенсе, дүние мен ахиретте бақытын табады. Әрине бұл сауапқа оның ата-анасы жане тәрбиешісі мен оған тәлім берген адамдар бөленеді. Егер балаға көңіл бөлінбей шеттеп қалып қойса, жамандықтың ортасында өссе, бақытсыздыққа душар болып, құрып кетеді. Бұл жағдайда күнәнің ауыртпалығы оны осы қүйге түсіргендер мен ата-ананың мойнына артылады. Сондықтан ұрпағымыздың тәрбиесіне мән беріп, баршамыз салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық!

Қарағанды қалалық № 1-ші мешітінің ұстазы: Амангелді Асқаров
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: тарбие, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңестер, баяндама бала тәрбиесі жайлы, бала тарбиеси туралы баяндама, воспитание детей на казахском языке, керек, жақсы, болады, болса, балалар, баланың, деген, балаға, маңызды, барлық, қалаған, Баланы, ақпарат, баланы, өзіне, болуына, жаман, нәрсеге, өскен, үнемі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі туралы мақала, бала көркем сөйлеу, Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз, баланы оқуға үйрету, баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету, балаға көркемдік тәрбие беру