Жеңіс жыры

Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын........
Шығармалар
Толық

Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске - 75 жыл!

Қайсарлық пен қарапайымдылық
Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез
сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты
Н.Ә.Назарбаев
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Біз ата-бабаларымыздың арқасында осындай тәуелсіз ел болдық .
Соғыс туралы айтсақ, Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы ерекше есте қалды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.Барлық соғысқа қатысқан жау жүрек батырларымыз Отан анасын қорғауға ат салысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында дүние салды. Біз соғыс туралы тек аталарымыздан естіп, кинодан көрген болатынбыз.Ұлы Отан соғысы кезінде бала-шаға, үйде қалған аналар барлығы бір Отан үшін, елі үшін жауынгерлердің амандығын күтіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл »дегендей бірлесіп жасап, тылда еңбек етіп, өздерін көрсете білді. Менің ойымша тыл еңбеккерлерінің адал еңбектері майдан үшін қосқан үлесі көп деп ойлаймын.
Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді.Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы жайлы қаншама шығармалар жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қойылған жоқ.Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Атап айтатын болсақ, М.Мәметова, Ә.Молдағалиева, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов т.б ата-әпкелеріміз қан майданда шайқасқан болатын. Осы айтылған жауынгерлерімізді Отан үшін отқа түскен батырларымызды еске алып отыру біздің міндетіміз .
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктер бүгінгі ұрпақ бізге үлкен өнеге. Отансүйгіштік қасиет әр кезде де қастерлеуге, құрметтеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болып саналады. Жаңа ғана өзім айтқандай тек майданда ұрыс көрсеткен жауынгерлердің ғана ерлігі емес, тылда еңбек істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық деп есептеймін. Себебі, олар кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірге қиыншылық көріп, бірдей азап шекті. Ашаршылықпен қатар ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Таңның атысымен күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатерді төнген кезде біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Отанымыз үшін от кешкен отандастарымыз өшпес із қалдырып, ерлік көрсете білді.Бұл оқиға тарихта алтын әріппен жазылып, ерекше есте қалады.......
Шығармалар
Толық

Тарихта қалған күн

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер –елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті.
22 маусым барлық посткеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі. Осыдан 74 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан Соғысындағы Кеңес Одағы мен оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз.Оны жас ұрпақ білуі керек.Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері мен қозғаушы күштері туралы ондаған, тіпті мыңдаған еңбектер жазылған.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жүйесіне, Қазақстанның индустриялы, аграрлы ел болып қалыптасуындағы басқару мектебін құрудағы рөлін айту парыз. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен, іскерлікпен еңбек етті. Отан соғысы жеңімпаздарының ерекше миссиясы туралы айтқанда ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, С.Бәйішев, А.Нүсіпбеков, С.Зимонов, А.Абдуллин, Ә.Қайдаров және басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси-тәрбие жұмысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты......
Шығармалар
Толық

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Үлгі болып аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты , соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пенқайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер- солдаттар менофицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Майдан етіп дүние төрін,
Темір болат қақтап отқа.
Жекпе-жеккеп, өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?
Арқалап сол майдан жерін.
Қырғын соғыс ортасында, - деп ақын Қ. Аманжоловатамыз айтып кеткен. Біздің аталарымыз бенәкелеріміздің батырлықтары менжанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес,, бұл-бүгінгі ұрпақтыбайланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өркендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Менің атам да осы соғысты басынан кешкен азамат. Он алты жасында Отанды қорғауға әскерге аттанды. Ойлап қарасам, қазір он алты жаста өзінің кім екенін білмей жүрген жастар аз емес. Сияқты. Ел басына қауіп төнген кезде өрімдей жас болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаныбүгінгі ұрпақтарына үлкен мақтанышШындап келгенде , бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ұланы болып жүргеніме атамның да үлесі зор. Аспанымыздың ашық болуына бабаларымыз жастық ғұмырын сарп етті.
Қаншалықты қыршындар қиылды. Ең бастысы ,енді ондай зұлмат соғыс болмаса екен. Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтсе де,әрбір отбасы соғыс зардабын басынан кешкен. Бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі ментөзіділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіпеерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер бірінші болып еске алады. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен , туған- тустарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол кезде Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандатып, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты......
Шығармалар
Толық

Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай

Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық.
Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық.
Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық,
Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық.
Мұзафар Әлімбаев

1941 жылдың 22 маусымында фашистік германия әскері Кеңес Одағының тұтқиылдан, соғыс жариаламастан басып кірді. Жау жағының басымдығына қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангерлер-ардагерлерімізді мәңгі жадымызда сақтаудамыз. Миллиондаған қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Солардың қатарында қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Қан төкті, жаралы мүгедектер болды, аштыққа да, суыққа да төзді, сөйтіп фошистерді жеңуге ортақ Отанды қорғап қалуға өлшеусіз үлес қосты.
Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтының, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінің, асылын берсе де, намысын бермейтінің білмеді.ұлттың рухын теңселтіп, адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқының рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алады. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат. Менің ойымша мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары күмән келтірмейді........
Шығармалар
Толық

Ерлік жырын жырлаймыз !

Қара өлең қасиетін анық берген ,
Бойыма бабалардан дарын келген.
Жыл сайын бір келетін Жеңіс күні
Бабалардың рухымен анық келген.
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін- Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын- ажал.
Сол қанді кезеңді еске түсірсек, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылмаған. Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе оларды ортасындағы Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, күшімен, қанымен,ісімен, ерлігімен, терімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап. аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,Қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. .......
Шығармалар
Толық

Батырлардың есімі ұмытылмайды

Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік - жігіттің қасиеті-деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай сонау 40-жылдары қиян-кескі ұрыста көрсеткен аталарымыздың табандылықтарын ұмыту мүмкін емес. Отан үшін қасық қандары қалғанша күрескен әр азаматтың батырлығы бізге үлгі. Қатыгездікпен елімізге шабуыл жасаған неміс фашистерінің зұлымдықтарына төтеп бере алған,кеудесін оққа төсеген ерлер қаншама. Қақаған қыстың суығына,аптап ыстыққа шыдаулары «Отаным, елім» деп соққан әрбір совет жауынгерін қиындыққа төзе білуге үйретті. Отанға,жеріне деген сезімдері алға жетеледі». Батыр майданда шынығады. Болат қайнауда шынығады» дегендей жас шамасына қарамай жасөспірім балалар да майданға сұранып, қолдарына қару алды. «Отан үшін жан пида» ұранымен жауды жағасынан алды..........
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіске тағзым етемін

Ұлы Жеңіс десек, ең алдымен сұрапыл соғыс есімізге түседі. Міне, сол ұлы Жеңіске 71 жыл толыпты. Бұл жеңіс ең алдымен ата – бабаларымыздың арқасы, төгілен қаны. Оларды ешқашан естен шығармауымыз керек. Сондай, ержүрек, батыл аға – апаларымыз болмағанда осылай бейбіт өмір кешер ме едік? Осы күнімізге Құдайға шүкір дейміз. Қазіргі таңда бұл Ұлы Жеңіс ЮНЕСКО көлемінде аталып жатыр. Соның ішінде біз қазақ елі «Ешкімді, еш нәрсені» естен шығармауымыз керек. Сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагер аталарымыз, апаларымыз бар. Біз оларды құрметтеп, рахмет айтуымыз керек. Ия, ұрпақтары, яғни, біз батырларымызды көзі тірісінде бағалайық. Өткен күндердің батырларын , ұрпақтары әрқашан біліп, ұмытпауы керек.
Біз кешегі қаһарман Бауыржанның ұрпағымыз, Мәскеуді кеудесімен жауып берген. Біз кешегі Рақымжанның ұрпағымыз тайсалмай, Рейхстагтың төбесіне ту тіккен. Соның ішінде қайсар Мәншүкпен Әлияның ұрпағымыз. Міне, апа – әпкелерімізде сұрапыл соғыстан тайсалмаған. Қаншама азап шегіп, біз үшін, ұрпақтары мен жері үшін кеудесін оққа тосқан. Біз осындай аға – апаларымызбен мақтанамыз. Халықтың ерлігі ғасырлар бойы есте сақталып, Жеңістің шежіресі сөнбеуі керек.
Адамдардың бейбіт өмірін соғыс келіп күл талқан етті. Халық Отанын қорғауға аттанды. Ел үлкен әскери лагерге айналды. Біздің аталарымыз , әкелеріміз, бозбалалар мен қыздар Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлер өз амандықтарын білдіру мақсатында ара – тұра елдегі жақын – туысқандарына, сүйіктілеріне жау шебінен үшбұрыш хаттар жазды. Бұндай хаттарды сарғая күтеді, қорқады да. Жау шебінен жеткен хаттарды аналарымыз, әкелеріміз өмірінің соңына дейін ең қадірлі затындай сақтады.
Сондай үшбұрышты хаттарды біздің мектебіміздегі «Жауынгерлік, ерлік мұражайынан» көруге болады. Біздің Төңкеріс негізгі мектебінде 2009 жылы «Жауынгерлік, ерлік» атты мұражайы ашылып, оған түрлі бұйымдар мен заттар қойылған. Тіпті жауынгерлер каскасы да, хаттар мен түрлі суреттер, соғыс әндері жинақталған альбомдар қойылған.......
Шығармалар
Толық

Соғыс – күйретуші күш!

Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, — деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық

Сұрапыл соғыс

Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілік қан жылататын, қайғықасіретке толы қаралы сөз. Осыдан талай жылдар бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Сол Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысқа жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды.Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді,Отанымызды сақтаймыз-деп жан аямай соғысып еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да бұл мереке адамзатқа олардың ұлтына,дініне,тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш,ортақ жеңіс.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындар да соғысқа сұранды. Бұл қанды майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды. Сонымен қатар,атағы аңызға айналған жаңа тұлғалар тарих бетіне өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 500-ден аса жерлестеріміз оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар:қазақтың қос аруы М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және қазақтың қайсарлы ержүрек жігіттері Б.Момышұлы, Т.Бегельдинов және тағы басқалары.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бой өз жері, отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украина қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды........
Шығармалар
Толық