Ерлік жырын жырлаймыз !

 Ерлік жырын жырлаймыз !

Дашын Күлзира
І курс №8 Агротехникалық колледж
Ерейментау қаласы Ақмола облысы
Жетекшісі: Тулендинова Үміт Баубекқызы

Қара өлең қасиетін анық берген ,
Бойыма бабалардан дарын келген.
Жыл сайын бір келетін Жеңіс күні
Бабалардың рухымен анық келген.
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін- Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын- ажал.
Сол қанді кезеңді еске түсірсек, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылмаған. Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе оларды ортасындағы Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, күшімен, қанымен,ісімен, ерлігімен, терімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап. аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,Қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Қамсыз тыныш жатпаймыз
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нұрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақта батырлар көп сол заманғы,
Бауыржан Момышұлы бастағандар.
Көз жіберіп сол соғысқа қарағанда
Бомбысын өз қолымен тастағандар.
Әлия, Мәншүгіндей батыр қызын,
Артыңа қарайласаң қалған ізің.
Соғыстың сол жылдарын ойлағанда
Бұрқылдап ыза кекпен қайнайды ішің.
Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы болатын. Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаћарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі - ел есінде",-демекші, бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Осыдан 75 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия КСРО шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылы көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жауды шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп , Брест қамалының тірі қалған қорғаушылар партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында қазақстандықтар болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпіріндегі әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де , қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылғы дерек бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарында 1 миллион 200 мың қазақстандықтар шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1710 қала және 70 мыңнан астам селодеревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4100 темір жол стансасы, 36 мың поштп-телеграф мекемесі, басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған және жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана, басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу иниституттары , 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған. Бұл соғысты ешкімде ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Талай, талай боздақтар сараланған,
Боз жусан иісі аңқыған дала қалған.
Қазақтан миллиондаған боздақ кетті
Сонымен Жеңіс күні бағаланған.
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлайды. Биыл Ұлы Жеңіске - 71 жыл. Осы күнге орай, ақпан айы Кеңес Одағының батыры Мұқат Мұсаев пен "Даңқ" орденінің толық иегері Гавриил Петрович Шаминнің өмірі мен ерлігін насихаттау керек.
Дәл қазір сол күндерді ойлар ма едік ?!
Қадірін бабалардың білер ме едік ?!
Анықтап көріп алшы бұл күндерді
Тәуелсіз қазақ елде жүрер ме едік?!
Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайқ екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше "тау алыстаған сайын биіктей түседі" демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру