Тарихта қалған күн
Калиакбарова Карина
І курс студенті №8 Агротехникалық колледж
Ақмола облысы Ерейментау қаласы
Жетекшісі: Тулендинова Үміт Баубекқызы

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер –елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті.
22 маусым барлық посткеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі. Осыдан 74 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан Соғысындағы Кеңес Одағы мен оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз.Оны жас ұрпақ білуі керек.Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері мен қозғаушы күштері туралы ондаған, тіпті мыңдаған еңбектер жазылған.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жүйесіне, Қазақстанның индустриялы, аграрлы ел болып қалыптасуындағы басқару мектебін құрудағы рөлін айту парыз. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен, іскерлікпен еңбек етті. Отан соғысы жеңімпаздарының ерекше миссиясы туралы айтқанда ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, С.Бәйішев, А.Нүсіпбеков, С.Зимонов, А.Абдуллин, Ә.Қайдаров және басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси-тәрбие жұмысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты.
1943 жылы Невель қаласы үшін ұрыста пулеметші Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыр атағы берілді. «Ленинградтық өренім» деген жыр жолдап, аштық пен жалаңаштықтан қиналған қала тұрғындарының жігерін жанып, рухтарын көтере білді.
Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан 1 миллион 600 мыңдай жауынгер жауларға қарсы жан аямай шайқасты. Одақ бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы атақ – Кеңес Одағының Батыр атағын иеленеді. Солардың қатарында осы үлкен атаққа қазақ ұлтының 103 азаматы ие болыпты. Бұрынғы деректерде, тіпті тарих оқулықтарының беттерінде бұл сан бірде 97, бірде 98 болып беріліп келген болатын.
Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының (командирі генерал – мойор И.В.Панфилов) бөлімшелері 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуге өршелене ұмтылған неміс басқыншыларының тегеурінді шабуылын тойтарып, жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Волоколамск тас жолындағы Дубосеково бекетін қорғаған атақты 28 –ші панфиловшылар сапында Н.Есболатов, Ә. Қосаев, А.Қожабергенов, М.Сеңгірбаев сынды қазақ жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Осы жылдың 18-21 қарашасында Мәскеуді жаудан қорғау шайқастарында ботальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының сарбаздары асқан ерлік көрсеті.
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе, Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Тарихта қалған күн туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Тарихта калган кун на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Тарихта қалған күн