Әмірхан Балқыбек (Күзгi жапырақ қалтырайды Күнге ұқсап)

Бiрде, ашық, Бiрде шашық аспаны
Күз көтерiлiс бастады.
Кесiп алып тастады әлде өлi етiн,
Әлде сырлы бiр жыр жазып тастады
Жүрегiме,
Әттең, оны оның өзi бiледi ме?

Жалғыздықтан жабығыңқы көңiлiм
Әлдененi iздедi:
Топтала ұшқан тырналардың тiзбегi.
Туған жерге қош.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Тамыз айы. Түн)

Жаның ынтық жазылмаған өлеңдей,
Түн көгiнде жұлдыз неткен көп едi.
Қаз қаңқылы таяп қалды дегендей,
Жаз да, мiне, тәмамдалып келедi.

Оны маған самал айтты таңдағы,
Айтты және күнтiзбектiң.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Баба-ырым)

Жұтаңдаумын, демен бiрақ жарлымын,
Баба ырымы, әлегi емес жарғының.
Қызыл тiлдi сөзге иiлту үшiн де,
Итаяқтан суды да iшкен бар күнiм.

Итаяқтан суды да iшкем, сөкпегiн,
Айыптарға өзге күнәм көп менiң.
Ырзығымды табам.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Қатардағы өлең + видео)

Тақыр жерге соқыр жаңбыр жауады,
Көзi соқыр тағдырым, ашылмады-ау, қабағың.
Басымнан бақ бұлт сынды ауады,
Сенi сүйгiм келiп едi, қазағым!

Ыстық жазда суық түстер көремiн,
Тамыз тамшы тамызбастан қинады.
Қуа алар ма қауқары.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте)

Тау да ұйыған бұл сәтте,
Аспан тұнып,
Жұлдыздарды сұсымен жасқандырып
Түнi бойы салданған салқын аяз,
Ұшып бара жатады тастан күлiп.

Қалаларға асығып мұнаралы,
Жел де тастап кетедi бұл араны.
Түнде жалғыз жылаған.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Ауыл суреті)

Шаңқан ауылын арманның атап қонып,
Қыз қолынан шай iшу атақ болды.
Сұрақ болдың – себебi сұлулығың,
Бiр шешiмiн таппадым, шатақ болды.

Екi түрлi ой, ортада сызық, сiрә!
Өзiме аян жүрмегенiм қызық сұрап.
Арысы – бiр сезiм пернем.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)

Иiлместi жатсаң да иiп мейлi,
Арман қуу шынымен күйiк кей күн.
Арман – тау ғой, қаншалық жақындасаң,
Сұлбасы да соншалық биiктейдi.

Көргенiңе көңiл бұл көнбес бiрақ
«Тақыр жерден батырың өлмес құлап»
дейсiң дағы тартасың.....
Өлеңдер
Толық