Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте)
Тау да ұйыған бұл сәтте,
Аспан тұнып,
Жұлдыздарды сұсымен жасқандырып
Түнi бойы салданған салқын аяз,
Ұшып бара жатады тастан күлiп.
Қалаларға асығып мұнаралы,
Жел де тастап кетедi бұл араны.
Түнде жалғыз жылаған жапырақ қыз
Әлдененi үмiт қып жұбанады.
Бiр iзгi ойға
басқадан қалыс бекiп,
Көп опынған
болам деп әр iсте тiк,
Әкесi оның дiң-дi анау
ғұмыр бойы
Көлеңкесiнен көрмеген алыс кетiп.
Бұтағы оның балтаның сабына әлi
айналған жоқ, бар шығар бағы да әрi...
Жүрекке алып баратын сара жолдан
Мұндай сәтте мұң дағы жаңылады.
Ысты өкпеге ауасы iшпей дауа,
Мұндайда еске ештеңе түспейдi-ау-ә.
«Өңкей жалғыз, дүниенiң тұтастығын
«Сездiңдерме-ей?» - деймiн мен iштей ғана
«Бәрiңе ортақ ұзамай күн шығады».
1991 ж.
Аспан тұнып,
Жұлдыздарды сұсымен жасқандырып
Түнi бойы салданған салқын аяз,
Ұшып бара жатады тастан күлiп.
Қалаларға асығып мұнаралы,
Жел де тастап кетедi бұл араны.
Түнде жалғыз жылаған жапырақ қыз
Әлдененi үмiт қып жұбанады.
Бiр iзгi ойға
басқадан қалыс бекiп,
Көп опынған
болам деп әр iсте тiк,
Әкесi оның дiң-дi анау
ғұмыр бойы
Көлеңкесiнен көрмеген алыс кетiп.
Бұтағы оның балтаның сабына әлi
айналған жоқ, бар шығар бағы да әрi...
Жүрекке алып баратын сара жолдан
Мұндай сәтте мұң дағы жаңылады.
Ысты өкпеге ауасы iшпей дауа,
Мұндайда еске ештеңе түспейдi-ау-ә.
«Өңкей жалғыз, дүниенiң тұтастығын
«Сездiңдерме-ей?» - деймiн мен iштей ғана
«Бәрiңе ортақ ұзамай күн шығады».
1991 ж.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әмірхан балқыбек тау өлең олен өлеңдері амирхан балкыбек все стихи на казахском, әмірхан балқыбек өлеңдері, әмірхан балқыбек шығармалары, амирхан балкыбек все стихи на казахском