Хакім Абай

Даналық,ақындық,шеберлік деген ұғымдарды естісем,көз алдыма Абай деген ұлы тұлға келе қалады.Талантымен талайды таңқалдырған тарланым-Абайым...Осынша мақтауға,осынша мадаққа ие болған қасиетті қаламгерім сіздей болу - мен үшін ең биік арман.Әр түрлі ғылымыды меңгеріп, «Хакім Абай» атанған ,поэзияда,музыкада өшпес-өлмес шығармалар қалдырған данышпан да бір өзіңіз...Қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік асыл тұлғамыз – сіз.Сізді білмейтін адам кемде – кем болар.Шынайы жүрегіңізден шыққан ,бояуы қанық туындыларыңыз оқырманның жүрегінің төрінен орын тапқан.Шығармаларын оқыған кезде ой теңізінде жүргендей шабыттана жүзіп ,құстай қалықтап ұшырып әкететіні өз алдына бір бөлек.Сыншылдық пен шыншылдықты кейінгі ұрпаққа қалай әсерлі етіп дәріптеген .Хакім Абайдың толғамаған,жырламаған тақырыбы жоқ шығар,бәлкім...Мұхтар ағамыздың «Хакім Абай» туралы айтқан «қазақтың бас ақыны» деген қанатты сөзіне қосылмай болмайды.Кейінгілерге бас бола білген,қаламын сілтеп,ақындықтың атына мінген өршіл ұрпаққа жол көрсеткен Абайым,әр ісіңе тәнтімін......
Эсселер
Толық

Кітап - сарқылмас асыл қазына

Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.

Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.

«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.

Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті жазушым

Бердібек Соқпақбаев-белгілі балалар əдебиетінің көрнекті жазушысы.Оның шығармалары бүкіл елге əйгілі,көп тілдерге аударылған.Ол біздің жақсы көретін "Балдырған" журналында қызмет атқарған.Оның балалар өміріне арналған қызықты шығармаларын оқи отырып, əр кезде өзімнің таңданысымды жасыра алмаймын. Жазушының балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. Ата-анасынан ерте айырылып, кісілердің қолында жүрген. Сондықтан болар,ол шығармаларында өзі сезіне алмаған балалықтың бал дəмін өте шебер бейнелейді.

Ол Отан соғысы жылдарында Ф30 мектебінде оқыған, Кеңес армиясы қатарында еңбек еткен,содан кейін ауылда мұғалім болған, Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген.Жазушының "Балалық шаққа саяхат" деген повесі - өмірбаяндық туынды.Ол балалық шақта басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы елестетеді.

Шығарманың кейіпкерлері жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көрсе де, онысына мойымайтын, қажырлы да өжет. .....
Эсселер
Толық

Қазақ тілі - ана тілім

Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:

Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.

Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Эсселер
Толық

Ұстаз мәртебесі

Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгені, жеткен әрбір жетістіктері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасы деуге әбден болады. Қай мамандық иесі болмасын ұстаздан білім алатыны баршамызға аян. Халқымызда «Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем бер» деген аталы сөз де бар. Әрбір саналы азаматтың жүрек түкпірінде мұғалімдерге деген құрмет пен шексіз алғыстың бары сөзсіз. Бұл сөзімізге Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Педагог мәртебесіне» ерекше назар аударуы дәлел бола алады. Үкіметке келер жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған мемлекет басшысы аталған құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуы, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген ойын жеткізген еді.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Бұл дегеніміз бірінші сыныптың өзіне жан-жақты ойлау қабілеті дамыған оқушылар қабылдана бастайды деген сөз. Бастауыш сыныптан бастап сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, бұрынғы оқушылардан өзгешелеу ойлап, ойын екшеп, анық жеткізе алатын баланы әрі қарай дамыта түсу қазіргі таңда қолымызда бар оқыту базасымен оңайға түспейтіні белгілі. .....
Эсселер
Толық

Мамандығым мақтанышым

Мамандықты не үшін таңдасаң, сол үшін еңбек етесің. Мен солай тұжырым жасаймын . Сөзімді түсіндірсем: Мен мұғалімдікті білімге құштар болған соң және баланы жақсы көрген соң, ең бастысы осы екі сөзімді өзара байланыс жасай алып, өз бойымдағы білік дағдыны осы жолда жұмсай алған соң таңдадым. Менің таңдауым осы басқа бұлтарар жол жоқ.

Алдымда отырған мөлдіреген таза көздер ертеңгі күні турашыл, әділ, оң ұстамды көзқарасы бар азаматқа айналу үшін еңбек етемін. Мақсатым- смарт, білім мен адамгершілік,отаншылдық қасиеттерді қалыптастыру үшін критерийге сәйкес келуім шарт......
Эсселер
Толық

Мамандық – өмір таңдау

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Эсселер
Толық

Армандар орындалады!

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат.Қазақ халқында армансыз адам жоқ.Арман сөзінің қолданылу аясы өте кең.Ол шығармашылық қиялдың дайындық сатысы. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Қазак халқы"Армансыз адам-ормансыз бұлбұл"-дейді. Ал мен "Арманы жоқтың-жаны жоқ"-деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік, көңілі таза адамдар ғана армандай біледі. Шыныменде адам баласына ерекше қасиетті, армандай білуді үйреткен Алланың кұдіретінде шек жоққой!

Кім армандауды жақсы көреді?Мысалы,мен өте арманшыл адаммын. Менімен бірге үнемі арман-мақсаттар бірге жүреді деуге болады. Армансыз күнім жоқ. Шамам келсін, келмесін армандарымда шек жоқ, таусылмас армандарым бар. Бір күні бұл армандарымның орындалатынына сенімім мол! Әр адам армандай білуі тиіс. Қаншалықты көп армандаған сайын, адамзат баласы биікке ұмтыла біледі. Жақсы өмір сүргің келсе, үлкен арман-мақсаттар қоя біл. Сонда ғана жетістікке жете аласың. Армандар адамдарға тың идеялармен үлкен шабытты беріп отырады. Армандау арқылы көзің ашылады, өмірде өз жолыңды табуға көмектеседі. Дамисың, жаңа серпін аласың. Езуің күлкі мен қуанышқа толады. Өзіңнің шын мәнінде қандай бақытты екеніңді сезінесің. Ал, енді бір сұрақ. Бақытты болып жүру кімге ұнамайды? Көп адамдар бізге айтады"Неге беталды нәрселерді ойлай бересің?Бәрібір оған жете алмайсың ғой"-деп. Адамдар айта берсін. Біреудің сөзіне құлақ салуға міндетті емессің. Бастысы өмірдің біз күтпеген тосын сыйларға толы екенін ұмытпа. .....
Эсселер
Толық

Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық

Туған жерімнің бейнесі (Қызылорда)

Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді
және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін.
Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар!
Н.Ә.Назарбаев

Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы өмірге деген үкілі үмітім бар.

XXI ғасырда болашаққа қарыштап қадам басқан елімнің жетістіктерін күнделікті баспасөз беттерінен оқып танысамын, теледидардан көріп марқаямын. Асқақтаған Астанам, көкпен таласқан Бәйтерегім, жұрттың көз-қуанышына айналған туған жерімнің табиғаты мен оны мекен еткен ұлыс пен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысын мақтан етемін.Кім келсе де құшағын жая қарсалатын, нанын бөліп жеуге даяр тұратын, қызын аялаған, ұлын ардақ тұтқан, бейбітшілікті ту еткен ерекше елдің перзенті болғаным үшін шаттанамын. Елімнің қай түкпірін сөз етсем де туған жерге деген сезімім сана төріне сан түрлі ой, толқыныс әкеледі......
Шығармалар
Толық