Қазақ тілі - ана тілім
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.
Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу- саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жеріңді,еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев "Отан" атты өлеңінде:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем
Ағынды өзен,асқар тау ,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем,- деп отанды сүюдің ,ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.
Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл- қазақ тілі мәңгілік тілі болып қала бермек!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе сочинение про Казак тили - ана тилим на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Қазақ тілі - ана тілім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қазақ тілі - ана тілім