Ұстаз мәртебесі
Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгені, жеткен әрбір жетістіктері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасы деуге әбден болады. Қай мамандық иесі болмасын ұстаздан білім алатыны баршамызға аян. Халқымызда «Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем бер» деген аталы сөз де бар. Әрбір саналы азаматтың жүрек түкпірінде мұғалімдерге деген құрмет пен шексіз алғыстың бары сөзсіз. Бұл сөзімізге Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Педагог мәртебесіне» ерекше назар аударуы дәлел бола алады. Үкіметке келер жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған мемлекет басшысы аталған құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуы, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген ойын жеткізген еді.
«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Бұл дегеніміз бірінші сыныптың өзіне жан-жақты ойлау қабілеті дамыған оқушылар қабылдана бастайды деген сөз. Бастауыш сыныптан бастап сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, бұрынғы оқушылардан өзгешелеу ойлап, ойын екшеп, анық жеткізе алатын баланы әрі қарай дамыта түсу қазіргі таңда қолымызда бар оқыту базасымен оңайға түспейтіні белгілі. Сол себептен де орта білім беру жүйесінде белгіленген негізгі тәсілдердің орындалуына баса назар аударған жөн. Ұлт көшбасшысы еліміздегі Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт етіп алуды ұсынады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Маңызды мақсатты алға қойған ұстаздар үшін бұрынғысынан да көп ізденуге тура келеді. Қандай мамандықтың алдағы төрт-бес жылдықта бұрынғысынша сұранысқа ие екендігін болжап, еліміз бен алыс жақын шет мемлекеттерге анализ жүргізу және оқушының жеке бейімділігін ескере отырып оларға дұрыс бағыт сілтеу ұстазға жүктелетін аса маңызды міндеттің бірі. Мұндай жауапты жүктемені, яғни, бұрыннан бергі ұстаздың негізгі функционалдық міндетін нәтижелі орындау үшін Елбасы айтқандай әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдісіне атсалысуы керек. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.
Ұстаз мәртебесінің түрлі жағдайларға байланысты аласарып қалғаны жасырын емес. Ұстазын қолбала еткен қоғамның ұзаққа бармайтыны жиі айтылса да, оған құлақ асқандар аз болған. Ал келер жылы қабылданатын жаңа заң бұл олқылықтың орынын толтырып, мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтындарды да бір серпілтіп тастады. Жаңа заңның қабылдануы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» болатын күннің жақындығы.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе сочинение про Устаз мартебеси на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Ұстаз мәртебесі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Ұстаз мәртебесі