Ана

Ана ... . Қандай ғажайып сөз. Үш қана әріптен тұрса да, қаншама мағынаға ие. Түн үйқысын төрт бөлген адамды қалай асыл жан, ардақты ана деп айтпайсын. Біз осы дүниенің есігін ашқаннан бастап бізді алақанына салып, әлпештеп, дүниенің алуан түр түсін үйреткен – ана. Біздер үшін не істемеді?

Ойланып қарасаң ана туралы өлең, жыр, ән де көп. Бірақ олардың ешқайсысы ананың махаббатына, бізді осы жарық дүниеге әкелгеніне жетпейді. Қандай ақын, жырау болмасын өз шығармасында анасы туралы айтқан. Міне, мен де ардақты аналар туралы азын ғана айтып өтпекпін.

Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ешқашан қарызынды өтей алмайсың. Ананың бізге жасаған жақсылығы осы әлемнің жартысынан көбірек. Осы жарық дүниеге келгеннен бастап өз мейірімін аямай, бауырына басып, әлпештеп келе жатқан жан. Біз анамызды қанша ренжіттік, рас қой?! Анаға қанша ауыр сөздер айттық, бір жерге жұмсаса «Қойшы, қазір барам» дейміз. Ал бұл сөз ананың жүрегіне қанша ауыр тисе де, ана бауыр еті баласын жылатып, жұбатпай қалған кезі болған емес. Еш жерден сен тас жүрек ананы көрмейсің, әрбір ананың жүрегінің түкпірінде бір мейрім жатыр. Тек әрбір адам сол мейрімнің ұшқынын жоғалтпау керек, ананы ренжітпеу тиіс. Ана біздің тату-тәтті жүрегімізді көргісі келеді, сылдырлаған күлкімізді тыңдағысы келеді. Бұның өзі анаға бір үлкен бақытты сезінгенге тең. Ананың жүрегінің жылуы шексіз.

Мысалға: дәл мына терезеден қарағандағы ағашты алайық. Сол ағаш бір отбасы секілді кейбір жапырақтары сарғаяды, біздің аналарымыз секілді қартайады, бірақ балаларына әрқашан күлімдеп қарайды. Аналар негізінде өте қарапайым адамдар. Тіпті өздері қанша ауырсада білдіртпейді, біздің алдымызда күлімсіреген көзімен асымызды алдымызға әкеліп қояды. Қандай шыдамды жандар десеңші?!.....
Эсселер
Толық

Өз тағдырың өз қолыңда!

«Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста»
Марк Аврелий

Әр адам жеке бір тұлға... Барлық адам бірдей... Барлығымызда бірдей ми, бас, қол және тағы да басқа... Тек біз бір-бірімізден білім, ғылым, ақыл арқылы ғана оза аламыз. Тәңір бізді салыстырмайды, біз пенделер салыстырамыз... Сондықтан ол сеннен артық не кем болғанына еңсеңді түсірме!

Өмір бүгіннен немесе ертеңмен шектелмейді. Өзіңді бағала, ой-санаңды кеңейт.Айналада болып жатқан қиындықтарға басқа көз қараспен қарап, оның шешімін тауып көр. Әрбір қиындық болған жерде жеңілдік те қатар жүреді.

Сен өзіңді дамыту кезінде, саған өзгелердің ойы емес, керісінше сенің ойың маңызды болуы тиіс..

Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгертуден баста.Өзгеден мін іздемей, алдымен өзіңе бір сәт мән беріп қара.Өзіңді ерекше тұлға ретінде сезін де, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді іздеуге тырыс.Алдымен өзіңді жақсы көр.Содан кейін жаныңдағылардың жанына терең үңіліп, сыйлап, құрметтейтін боласың...

Өмірде ешқашан өзіңді алдама, жалғандықты жоюың қажет...Өзіңді алдап ешқашан алдыға қадам баса алмайсың... Барлығын риясыз жақсы көр, сене біл........
Эсселер
Толық

Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет.
Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға ...
Шығармалар
Толық

Түйе, нар

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Шығармалар
Толық

Тіл тағдыры — ел тағдыры

Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».

Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».

Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:

Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей–кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім........
Шығармалар
Толық

Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

Асқақта тұғырлы Тұлға

«Талабы мен еңбегі екі жақтап,

Ортамызда Ұстаз тұр нық асқақтап»

Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.

Болмаса егер мұғалім,

Білмес те еді көпшілік

Бүкіл әлем,жер жүзін

Ұшпас та еді ғарышқа

Тоқтар менен Гагарин.

Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы......
Шығармалар
Толық

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!

Н. Ә. Назарбаев

Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!
Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.
Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ,
Мәңгілік азат халық болуға тиісті!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Шығармалар
Толық

Абайды оқы, таңырқа

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының тарлан тарихындағы ұлы құбылыс-хакім Абай. Қайырлы сөз ұққанның жүрегіне нұр құя білетін майталман ақын-қазақ халқының бағытынан айнымас тұсбағары,түзу қалам-қисайған, өткір қалам-мүжілген дүрбелең дәуірлерде надандық бұлтын сейілткен сөнбес жарық күні. Ақын болмысын халық санасында мәңгілік жаңғыртатын қаламынан туған қуатты жырлары ғана емес, қаламгер турасында жазылған зерделі сөз бен ұлы шығармалары деп білемін. Өлең сөздің патшасын қиыннан қиыстырған ұлы ақынға ой теңізі терең Торайғырдың Сұлтанмахмұты да:

\Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге,-деп ақбейіл шумақтарын арнаған. Жыр сүлейі Сұлтанмахмұттың «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа басыңды шайқа,-деп өскелең ұрпақты Абайдың жыр жайлауына беттетуі тегін емес-ті. Шынында Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам. Жыр алыбы Жамбыл «Ақындардың Пайғамбары» деп баға берген ойшыл ақын-халқымыздың ғасырлық идеалы. Оның іші алтын, сырты күміс өр өлеңдері мен қастерлі қара сөздері қай кезеңде де құнын жоймаған. Қазаққа қара сөзге дес бермеген ақын: «Сендер кетсеңдер де, мен біржола кетпеймін. Сендер бүгініңмен, мен алдағы келешекпен өмір сүрдім. Ол күндері артқа қалдырған ісім мен сөзім мені қайта тірілтер»,-деген екен. Дана Абайымыздың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындадық. Себебі, ұлы ақын шығармаларында жеке тұлға мен қоғамды толғандыратын барша сұрақтың жауабы бар. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған талапты жанның Абай шығармаларынан сусындағанда адамшылықтың асыл қасиеттері, білім-ғылым, махаббат, салт-жоралғы, заң тұрғысынан алса да шөлі қанары анық. Асылы, Абай өлеңдері халқымыздың бойына тас кенеше жабысқан адамзатты бұзатұғын жалқаулық, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, күндестік, өтірікші, мақтаншақтың сынды мінездерді түзетуші. Бүгінде елімізде білімге ұмтылыс болғанымен, қазақтың Абай көріп, сынаған жасанды жаны қаншалықты өзгерді? .....
Шығармалар
Толық

Қайсар қаламгер, мұқалмас талант

Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес . Сан – салалы өлең – жыр , асыл сөз үлгілері – әдебиет саласындағы халық мұрасының куәсі. Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың рухани байлығы.Осынау асыл туындыларымен танымал болған ақын – жазушыларымыз қаншама ? Міне , солардың бірі – Хамза Есенжанов. Бұл есімді ойға алған кезде, талай адамның тағдырын талқандаған келеңсіз оқиғалар ойға оралады. Ол табиғаттың берген ақыл – ойымен талантының арқасында ажалға қарсы тұрып, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай , адамдар мінезіндегі аярлыққа кешіріммен қарап , қуғын – сүргіннен құтылған уақытта ғана қаламын қолға алып, аз уақытта қазақ әдебиетіне көптеген өзінің үлесін қоса бастады. Жерлес жазушымыз Хамза Есенжанов өз шығармаларында Ақ Жайық атырабында болған алуан оқиғаларды сипаттады. Жазушы Хамза Есенжанов сол кезеңдегі жағдайларды шеберлікпен анықтап көрсете алды. Х.Есенжанов негізінен қазақ прозасында сирек кездесетін образдар жинағын жасады. Оның кейіпкерлерлерінің көбі қайсар мінезді , қиын тағдырмен күресе алатындай, алғыр болатын. Х .Есенжановтың кейіпкер жасаудағы тәжіребиесі, оның « типтік жағдай », « типтік орта », « типтік мінез» деген ұғымдарға мейлінше салмақ салғанын аңғартады. Негізінен менің ойымша, қазақтың тарихында Хамза Есенжановтың « Ақ жайық» эпопеясындай басқа шығарма болған емес. Хамзаның өз туған жері туралы көлемді шығарма жазуы – бұл өзінің патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейде қалыптасуының көрсеткіші болса керек Жазушы Хамза Есенжанов осы туындысы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « Ақ Жайық » эпопеясының өмірге келуіне себепші болған бірден – бір адам София Жақияқызы Тастемірова болатын.

Хамза Ықсанұлы туралы әңгіме еткенде, оның өмірлік серігі София Жақияқызына тоқталмай өтуге болмайды . Ол айдаудағы жарының артынан еріп, қуғын - сүргіннің ауыр тауқыметін бірдей көрді . Хамза ағаны тікелей мағынасында ажал аузынан аман алып қалды . Хамза Есенжанов романдары - қазақ прозасында бұдан бұрын жасалған тұлғалы туындылардың ешқайсысын қайталамай, тарихи шындықтың панаромасына өз картинкаларын қосып , типтік образдар галериясына өз кейіпкерлерін қосқан кесек туындылар. Октябрь революциясы мен азамат соғысының дауылды жылдарының Батыс Қазақстанда өріс алған оқиғаларын әр қырынан суреттеп берген бұл туындыларда оның кейіпкерлері сол оқиғаларға қатысқан әлеуметтік топтардың сырын ашып, ролін анықтаған жинақты да нақты образдарға айналған . Олардың даралық қасиеттері өзді – өзіне тән айқын да айрықша ерекшеліктерімен көрінуі әрқайсысын айнытпай танытады ......
Шығармалар
Толық

Шардара барсаң, шайырмын деме

Менің жұдырықтай жүрегімнен жарты әлемдей орын алған, түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да жаныңа шипа, дертіңе дауа болатын қасиетті туған жерім – тарихкөз тарландар тараған Шардара. Шардарамыз – өнер мен мәдениеттің қайнаған қазаны. Жер-анасы алдындағы қасиетті парызын терең білімі, қилы өнерімен өтеп жүрген жалынды ұл – қыздардың ішінде өлкеміздің дана болмысты, ақиық ақындар тобының қай кезеңде де мәртебесі биік. Әрбіріміздің көңіл көкжиегімізде туған жеріміздің алып тұлғалары дегенде, ә дегеннен-ақ бір кітап боларлық ақын-жазушы есімдері елес береді десем де артық емес. Шағыл құм шабыт берген шайырлардың ұлы көші- шығармашыл Шардараның аяулылары Қасқыр Серікбаев, Бауыржан Қарабеков,Жұмабек Мұқанов,Әмірхан Балқыбек,Нұрғали Ыбырайым, Әлібек Шегебай, Қазыбек Иса, Құрманбек Шәметов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш сынды дарабоз ақындардан бастау алып,Әбдіғаппар Айдаров, Қанат Дауылбаев, Сәбит Лаханов, Ажар Сламова сияқты шоқжұлдыздар шоғырымен жалғасын тапқан. Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. Қашанда қабағы ашық құмды мекеннің мақтан тұтары - Бауыржан Қарабеков: Өмірде шалқыдық па көк теңіз боп, Әйтеуір артымызда өткен із көп.

Шығып ем Шардарадан...шартараптан,

Келемін әлі күнге көктем іздеп,- деп туған өлкесін жырында тіліне тиек ете жүретінін көрсетеді. «Ер – туған жеріне»,-демей ме, ендеше өлеңімен туған аймағының атын шығарған Бауыржан атамыз- нағыз ер. Ал ақындық майданында талай жауынгерді шыңдап шығарған ардагер ақын Қасқыр Серікбаевтың шумақтары өсиетке толылығымен ерекшеленеді.Ақын өлеңінде: Құмар бол жастан білімге,

Кімдігің қызыл тіліңде.

Сәл нәрсеге шалқайып,

Сәл нәрсеге бүлінбе, -дей келіп, тірлігіңде жастарға үлгі болатын жақсы сөз қалдыруды насихат етеді. Жалпы, Қасқыр ақын шығармашылығында Майлықожа үлгісі байқалады. Шағалалы сұлу Сырымызды сөзіне қоспаған Шардаралық шайыр жоқ шығар. Солардың бірегейі, абыз даланың бауырында еркелей ескен Сырдариясын: Сұлу Сыр,.....
Шығармалар
Толық